Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.

Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларыныңұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болыпсаналады.Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласытурасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алужалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашуқажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз арасайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетіннегізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беружүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егердебілім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайыпкелді.«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт ұстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады.

27 Хх ғ. 20-30 жылдарында жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.

1. Вернадский Георгий Владимирович- 1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы.Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуынтастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған.1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ 1911 жылы «Кассо ісі» бойынша Мәскеу университетінен шығып, Санкт-Петерборға кетеді. 7 жыл бойы Петербор университетінде дәріс оқып, «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ»атты магистрлік диссертация қорғаған. Азамат соғыс жылдарында (1917-1920 жж.) Пермь, Киевке, Симферопольде оқытушы болған.Еңбектері:«Русское массонство в царствование Екатерины ІІ»;«Очерк истории права Русского государства ХҮІІІ-ХІХ вв.» Прага: Пламя, 1924;«Русская история», М.: «Аграф», 1996;«Древняя Русь»;«Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997

«Русская историография»;«Московское царство»;«Монголы и Русь. Тверь-М. : «Леан»; Аграф», 1997.

2. Трубецкой Николай Сергеевич – 1890-1938 жж.- шетел орыстарының әмбаба ойшылдарының бірі, ірі лингвист, филолог, тарихшы,саясаттанушы.1890 ж. Мәскеуде Мәскеу университетінің ректоры отбасында дүниеге келген. Әкесі атақты профессор, филолог С. Н. Трубецкой. Бұл отбасыерте кездегі князь Гедиминович әулеті ұрпақтарынан. Отбасы жағдайы оның ерте уақыттан ғылыммен айналысуына ықпал еткен.Гимназияда оқи жүргенде этнография, фольклористика, тілтану, тарих және философиямен айналысады.1920 ж. Болгарияға кеткен. Мұнда София университетінде профессор болған. Осы жылы «Еуропа және адамзат» деген әйгілі еңбегін шығарады. Еуразиялық идеология жасалады. Осы кезде Трубецкойдың ғылыми қызметі екі бағытта дамыды:1) таза ғылыми, филологиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Прага үйірмесі, Венадағы зерттеулері;2) Мәдени-идеологиялық, еуразиялық қозғалысна байланысты зерттеулер жүргізген.Л.Н. Гумилевке П. Н. Савицкийдің берген ақпараты бойынша Трубецкой князь, ақсүйек болуы себепті тұтқындамаған. Жиі тінту жасалуы Трубецкойдың жүйкесін тоздырып, соңында инфаркт миокардқа ұшыратып, 1938 жылы 48 жасында қайтыс болады. Еңбектері: «Европа и человечество»;«Наследие Чингисхана»;«Об истинном и ложном национализме»;«О туранском элементе в русской культуре»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]