- •1.Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде.
- •2.Еуропоцентризм түсінігі
- •3. Еуразия тарихындағы ғұндардың тарихи орны
- •5. Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы:
- •6. Еуразия кеңістігіндегі XII-XVI ғғ. Арасындағы түркі халықтарының империялары:
- •7. Ұлы дала ұғымы:
- •8. Белгілі ғалымдардың көне түріктерге қатысты айтқан басты ой-пайымдаулары:
- •23.Алаш қайраткерлері нің ғылыми-шығармашылық қызметі(бір тұлға)
- •16. Түрік қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы
- •9.Шығыс славяндардың шығу тегі еуразияшылдардың еңбектерінде
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •11. Посткеңестік кезеңдегі жаңа еуразиялық бастаманың мән-маңызы
- •54) Н.С.Трубецкойдың өмір жолы және шығармашылығы
- •20. Көне түріктер туралы қазақ этнограф ғалымдарының зерттеулері:
- •24. Алаш зиялыларының еуразияшылдық ілімге қатысты көзқарастары:
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •27 Хх ғ. 20-30 жылдарында жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.
- •28) Ксро-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының дамуы ерекшелігі
- •30) Хх ғ. 90-жылдардағы еуразияшыл ғалымдар еңбектеріне деген жаңаша көзқарас.
- •53) Н.С.Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясының қалыптасуына қосқан үлесі
- •55) П.Н.Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты идеясы мен тарихи тұжырымдамасы
- •56) П.Н.Савицкийдің өмір жолы мен шығармашылық қызметі
- •57) Н.Я.Данилевскийдің шығармаларының ғылыми бағыты
- •58) Н.Я.Данилевскийдің еуразияшылдық теориясының ерекшелігі
- •37) Н.Я.Данилевскийдің және г.В.Вернадскийдің еңбектеріндегі басты айырмашылық
- •38) Г.В.Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы
- •61) Г.В.Вернадскийдің «Биосфера ілімі» туралы тұжырымдамасы
- •62) Г.В.Вернадскийдің өмір жолы мен шығармашылығы
- •31.Л.Н.Гумилевтің өмірі мен өскен ортасы.
- •33. Лев Гумилевтің этногенездік Пассионарлық теориясы
- •34. Л.Н.Гумелевтің теориялық тұжырымдамаларының мәнісі мен ерекшеліктері
- •42. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі Ұлы Дала тарихы
- •80. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" еңбегі
- •84Тәуелсіздіктің алғашқы жолдарындағы тмд елдеріндегі шиеленіс ошқтары және шиеленісті шешу жолдары
- •88. Біріңғай экономикалық кеңістік және Қазақстан Республикасының бұл кеңістіктегі алар орны:
- •84. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеяының маңызы:
57) Н.Я.Данилевскийдің шығармаларының ғылыми бағыты
Данилевскийдің тарихи-философиялық және әлеуметтанулық көзқарастары "Ресей және Еуропа, Славян әлемінің герман-роман әлемімен саяси және мәдени қарым-қатынасына көзқарас" (1869) еңбегінде толық көрініс тапқан. Данилевский өзінің ғылыми көзқарасын бекіту үшін, мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын тарихи-философиялық проблеманы негізге алып және оның ішкі мазмұнының айырмашылығын ашып көрсетті, бұл мәселеге позитивтік пайымдаулар берді. Тарихты зерттеу табиғи-ғылыми методологияның еншісі деп қорытты.
Тарихтың негізгі нақты және басым бірлігі - еркін "мәдени-тарихи тип". Мәдени-тарихи типтер биологиялық организм сияқты сыртқы ортамен және өзді-өзімен тоқтаусыз күрес процесінде болады; олар туу, пайда болу, қалыптасу, өсу, қартаю, тозу және өлу, жоғалу кезеңдерін басынан өткереді. Данилевский әрекеттің төрт маңызды формасын бөліп қарастырады: өркениеттің діни және мәдени, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи типінің дамуы.
58) Н.Я.Данилевскийдің еуразияшылдық теориясының ерекшелігі
Негізгі идеялары: Жалпыадамзаттық өркениетті сынау. Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы. Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық материалға қарсы тұрады. Данилевскийдің негізгі еңбегі «Россия и Европа», «Заря» журналында жарияланды. «Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді. «Россия и Европа»еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді:
1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық. Данилевский герман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін» көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славянхалықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік. Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның
Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.
