- •1.Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде.
- •2.Еуропоцентризм түсінігі
- •3. Еуразия тарихындағы ғұндардың тарихи орны
- •5. Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы:
- •6. Еуразия кеңістігіндегі XII-XVI ғғ. Арасындағы түркі халықтарының империялары:
- •7. Ұлы дала ұғымы:
- •8. Белгілі ғалымдардың көне түріктерге қатысты айтқан басты ой-пайымдаулары:
- •23.Алаш қайраткерлері нің ғылыми-шығармашылық қызметі(бір тұлға)
- •16. Түрік қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы
- •9.Шығыс славяндардың шығу тегі еуразияшылдардың еңбектерінде
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •11. Посткеңестік кезеңдегі жаңа еуразиялық бастаманың мән-маңызы
- •54) Н.С.Трубецкойдың өмір жолы және шығармашылығы
- •20. Көне түріктер туралы қазақ этнограф ғалымдарының зерттеулері:
- •24. Алаш зиялыларының еуразияшылдық ілімге қатысты көзқарастары:
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •27 Хх ғ. 20-30 жылдарында жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.
- •28) Ксро-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының дамуы ерекшелігі
- •30) Хх ғ. 90-жылдардағы еуразияшыл ғалымдар еңбектеріне деген жаңаша көзқарас.
- •53) Н.С.Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясының қалыптасуына қосқан үлесі
- •55) П.Н.Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты идеясы мен тарихи тұжырымдамасы
- •56) П.Н.Савицкийдің өмір жолы мен шығармашылық қызметі
- •57) Н.Я.Данилевскийдің шығармаларының ғылыми бағыты
- •58) Н.Я.Данилевскийдің еуразияшылдық теориясының ерекшелігі
- •37) Н.Я.Данилевскийдің және г.В.Вернадскийдің еңбектеріндегі басты айырмашылық
- •38) Г.В.Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы
- •61) Г.В.Вернадскийдің «Биосфера ілімі» туралы тұжырымдамасы
- •62) Г.В.Вернадскийдің өмір жолы мен шығармашылығы
- •31.Л.Н.Гумилевтің өмірі мен өскен ортасы.
- •33. Лев Гумилевтің этногенездік Пассионарлық теориясы
- •34. Л.Н.Гумелевтің теориялық тұжырымдамаларының мәнісі мен ерекшеліктері
- •42. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі Ұлы Дала тарихы
- •80. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" еңбегі
- •84Тәуелсіздіктің алғашқы жолдарындағы тмд елдеріндегі шиеленіс ошқтары және шиеленісті шешу жолдары
- •88. Біріңғай экономикалық кеңістік және Қазақстан Республикасының бұл кеңістіктегі алар орны:
- •84. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеяының маңызы:
54) Н.С.Трубецкойдың өмір жолы және шығармашылығы
Трубецкой Николай Сергеевич – 1890-1938 жж.- шетел орыстарының әмбаба ойшылдарының бірі, ірі лингвист, филолог, тарихшы, саясаттанушы. 1890 ж. Мәскеуде Мәскеу университетінің ректоры отбасында дүниеге келген. Әкесі атақты профессор, филолог С. Н. Трубецкой. Бұл отбасы ерте кездегі князь Гедиминович әулеті ұрпақтарынан. Отбасы жағдайы оның ерте уақыттан ғылыммен айналысуына ықпал еткен. Гимназияда оқи жүргенде этнография, фольклористика, тілтану, тарих және философиямен айналысады. 1908 жылы Мәскеу университетінің тарих-филолог факультетіне оқуға түседі. Осы кезде, сондай-ақ, философиялық-психологиялық бөлім және батыс еуропа әдебиет бөлімдері сабақтарына қатысқан. 1912 ж. салыстырмалы тіл оқыту мамандығы бойынша тәмәмдап, университет кафедрасына қалдырылады. Лейпцигте младограмматикалық мектеп доктринасын оқыған. Мәскеуге келген соң, Солтүстік Кавказ фольклоры, фин-угор тілі және славян тілдері мәселелері бойынша мақалалар жариялаған. Мәскеу лингвистикалық үйірмесі мүшесі болған. Онда болашақ еуразиялық тақырыбына жақын. Халықтану,
этнография, мәдениет тарихы зерттеген. 1917 жылы табысты университетінде еңбек үзіліп, ол Кисловодске кетеді, біраз уақыт Ростов университетінде оқытушылық қызметін атқарған. Праславяндар Батыстан гөрі шығыспен жақын болды деген қағиданы ұстанған. Трубецкой П. Н. Савицкий және П. П. Сувчинский, г. В. Фроловскиймен пікірлес болған. Өмірінің соңғы кезін Венада өткізген. «Евразийский временник» журналында мақалалар жариялаған. Вена университеті славистика профессоры болды. Австрияны фашистер басып алған кезде оны бірнеше рет гестапо тергеуге алады. Оның қолжазбалары тәркіленіп, жойылған. Л.Н. Гумилевке П. Н. Савицкийдің берген ақпараты бойынша Трубецкой князь, ақсүйек болуы себепті тұтқындамаған. Жиі тінту жасалуы Трубецкойдың жүйкесін тоздырып, соңында инфаркт миокардқа ұшыратып, 1938 жылы 48 жасында қайтыс болады.
18.Үндістанның ежелгі мәдениеті Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды. "Будда" Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты. Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады» Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады. «Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады.«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжарлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен рухты, яғни «соқыр» мен «ақсақтың» бастарын біріктірсе олардың бойындағы кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бүл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған, ал одан арылу үшін руханилылық мате- риалдықтан бөлінуі шарт. Бүл — өмірге келу мен өлімдер тізбегінің торынан шығып, нағыз бостандық пен әділеттілікке жету жолы. Санкхья будда дінінің идеялық жағынан қалыптасуына да үлкен ықпал жасады. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі шектеу (аскетизм) және қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл күйде болу және т.б. жатады, Үнді поэзиясының тамаша туындысы «Махабхараттада» санкхья ілімімен йог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез келген ақыл-ой қызметін тоқ- тату әдістерін қолдануға ерекше назар аударылады. Демек, иогтардың шынайы дарындылық қасиеттерімен құдіреттен басым түсу қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып келеді.«Ньяя» логика зандарына сүйенеді, оны үғынып-білу — адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соң- ғы жүйесі — вайшешикаға жақын болып келеді. «Вайшешика» адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма), жалпылық, ерекшелік мәнділік). Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан түрады жөне ол мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан түрғанымен, оның басты қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның одүниедегі тағдыры оның бүл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер — жыртқыш аңдарға, ет үрлаушылар — қаршыға- ға, астық үрлаушылар —сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер — ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе үрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брах- мандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі үстай білуі, мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады.Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діникөзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділшешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю —азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».
19. Еуразиядағы көне грек өркениетінің тарихы Грек классикасы мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі V — IV ғасырлар)Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы — классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444—429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.Аполло ОлимпАрхаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлеңайтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер іректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді ныгайтты. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілікжәне тағы да басқа мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары — діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мөрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.ПосейдонКлассикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек.Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ«тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.Біздің заманымызға дейінгі V—IV ғасырда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты өнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-өнеге алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп есептейміз. V—IV ғасыр өнер — грек классикалық өнері деген атақ алды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр сөулет өнері архаикалық кезеңнің белгілерін сақтағанымен, өзіндік жаңаша түрге, жаңаша мазмұнға ие болды, колонналармен қоршалған гимарат, периптер типі дамып, жетілді. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алып, олар бұрынғы біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы аумақты жер бауырлаған храмдармен салыстырғанда зор тұтастық пен жарастыққа ие болды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың өнер шеберлерінің алдында тұрған ұлы мөселелердің бірі — сөулет өнері мен мүсін өнері бір-бірімен етене байланыста көрсету міндеті ойдағыдай шешілді. Қорыта келгенде, классикалық дәуір өнерініңбасты жеңісі, адамның архаика өнерінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігі болып табылды.Грекия тарихындағы ұзаққа созылған қанды соғыстар (тарихқа Пелопоннесе соғысы — деген атпен кірген Афины теңіздер державасы мен Спарта бастаған Пелопоннесе одағының өзара әскери қақтығыстары) Афинының жеңілісімен және ол басқарған қалалар одағының ыдырауымен аяқталды. Соғыс құлиеленушілік қоғамның қайшылықтарын одан әрі шиеленістіріп, мемлекет — қалалардың дағдарысын тудырды. Үздіксіз саяси және әлеуметтік күрес грек мемлекеттерін әбден титықтатып, біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр екінші жартысында олардың жаңа қуатты держава — Македонияның қол астына өтуімен аяқталды.Қоғамда орын алған әртүрлі қоғамдық қақтығыстар біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр адамдарының көзқарастарына елеулі өзгерістер енгізді. Құлиеленушілік қоғам демократиясы дағдарысқа ұшырап, қоғамдық өмір мәселелеріне салғырттық, өз қаласының тағдырына самарқаулық байқалды, жеке бастың мүддесі қоғамдық мүддеден жоғары тұрды. Философиялық мектептердің біразы мәдениет жетістіктерінің бәрінен безіп, адамньщ табиғат аясына кетуін уағыздаса, екіншілері адамдарды «алаңсыздыққа» шақырып, «елеусіз өмір сүру» принципін уағыздады. Қоғамдық өмір мәселелерін белсене сынаған Аристофан комедияларының орнына өз заманының саяси оқиғалары ақ түсті суретгелетін мән-мағынасыз комедиялар пайда болды. Міне, осындай тарихи жағдайда грек мәдениетінің тағы бір кезеңі — тоқырау кезеңі басталды.
