- •1.Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде.
- •2.Еуропоцентризм түсінігі
- •3. Еуразия тарихындағы ғұндардың тарихи орны
- •5. Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы:
- •6. Еуразия кеңістігіндегі XII-XVI ғғ. Арасындағы түркі халықтарының империялары:
- •7. Ұлы дала ұғымы:
- •8. Белгілі ғалымдардың көне түріктерге қатысты айтқан басты ой-пайымдаулары:
- •23.Алаш қайраткерлері нің ғылыми-шығармашылық қызметі(бір тұлға)
- •16. Түрік қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы
- •9.Шығыс славяндардың шығу тегі еуразияшылдардың еңбектерінде
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •11. Посткеңестік кезеңдегі жаңа еуразиялық бастаманың мән-маңызы
- •54) Н.С.Трубецкойдың өмір жолы және шығармашылығы
- •20. Көне түріктер туралы қазақ этнограф ғалымдарының зерттеулері:
- •24. Алаш зиялыларының еуразияшылдық ілімге қатысты көзқарастары:
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •27 Хх ғ. 20-30 жылдарында жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.
- •28) Ксро-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының дамуы ерекшелігі
- •30) Хх ғ. 90-жылдардағы еуразияшыл ғалымдар еңбектеріне деген жаңаша көзқарас.
- •53) Н.С.Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясының қалыптасуына қосқан үлесі
- •55) П.Н.Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты идеясы мен тарихи тұжырымдамасы
- •56) П.Н.Савицкийдің өмір жолы мен шығармашылық қызметі
- •57) Н.Я.Данилевскийдің шығармаларының ғылыми бағыты
- •58) Н.Я.Данилевскийдің еуразияшылдық теориясының ерекшелігі
- •37) Н.Я.Данилевскийдің және г.В.Вернадскийдің еңбектеріндегі басты айырмашылық
- •38) Г.В.Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы
- •61) Г.В.Вернадскийдің «Биосфера ілімі» туралы тұжырымдамасы
- •62) Г.В.Вернадскийдің өмір жолы мен шығармашылығы
- •31.Л.Н.Гумилевтің өмірі мен өскен ортасы.
- •33. Лев Гумилевтің этногенездік Пассионарлық теориясы
- •34. Л.Н.Гумелевтің теориялық тұжырымдамаларының мәнісі мен ерекшеліктері
- •42. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі Ұлы Дала тарихы
- •80. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" еңбегі
- •84Тәуелсіздіктің алғашқы жолдарындағы тмд елдеріндегі шиеленіс ошқтары және шиеленісті шешу жолдары
- •88. Біріңғай экономикалық кеңістік және Қазақстан Республикасының бұл кеңістіктегі алар орны:
- •84. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеяының маңызы:
84Тәуелсіздіктің алғашқы жолдарындағы тмд елдеріндегі шиеленіс ошқтары және шиеленісті шешу жолдары
Ықпалдастық проблемаларын жинақтап, қорытуда Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың қаңтарында жазылып біткен «Ғасырлар тоғысында»атты кітабының маңызы зор. Онда ТМД елдерінің қарым-қатынастары неғұрлым шиеленісті «ықпалдастық және ыдыраушылық»үрдістерімен айқындалған. Бірақ, «ықпалдастықтағы жаңа импульстың өзектілігі мен мүмкіндігін бұл жоққа шығара ма?» – деп ҚазақстанПрезиденті сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Сенімдімін, олай емес». Бірақта жаңа болмыс, өзгерген ахуал жобаға түзету енгізуді,«ықпалдастықтың жаңа стратегиясын» құруды талап етеді. Ықпалдастықтың жаңа стратегиясы бірқатар ережелерге негізделінуі тиіс: 1) «бірыңғайланған», «стандартталған» ықпалдастықтың орнынагеографиялық жағынан неғұрлым жергілікті және неғұрлым іс-әрекетке ерекше мән берілген жолмен жүру, яғни бұл егеменді мемлекеттердің экономикалық құндылықтарын ескеруге мүмкіндік береді; 2) посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты бұрынғы қалпына келтіру мүмкінемес, КСР- ны қалпына келтіруге шақыру егеменді мемлекеттерді онан сайын бір-бірінен алшақтата түседі; 3) «ықпалдастық туралы бос
ұрандатудың қажеті жоқ», мақсаттар айқын болуы тиіс, яғни, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалыстағы «біртұтас нарығы»; 4) ТМД мемлекеттерінің ықпалдастығын сыртқы саясаттағы басымдылық ретінде тану.
«Қазақстан барлық ТМД мемлекеттерінің еуразиялыққа «пісіп-жетілуін»күтпейді», «еуропалық» вектор мен «орталық-азиялық» – негізгі екі бағытта көптеген байланыстар орнатады» - деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. Нақ осы бағыттарда, «екі жылдамдықпен», Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, 1990 жылдың орта шенінде ТМД елдерінде ықпалдастық «ядросының» қалыптасу үдерісі жүрді. Сол кезде, 1996 жылдың басында, ықпалдастыққа ұмтылыстың жаңа толқынында, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б.Н. Ельцинмен жүргізген
келіссөз барысында, тұңғыш рет аймақтық ықпалдастықтың ортақ валютасы ретінде – «алтынды» ұсынды, өйткені бұл ұғым «славяндарда да, түркіліктерде де қолданылыста болған». Бұл екі мемлекетаралық бірлестіктер неғұрлым кең көлемдегі ықпалдастықтың аймақтық компонентері, яғни болашақ Еуразиялық одақ құрылымының «бейне-үлгісі» болды. Қазақстан Президентінің 1996 жылы жасаған жалпы қорытындысы: «Ықпалдасушылық, теңдікке, еркіндікке және прагматикалық құндылыққа негізделсе, – бұл Еуразияның лайықты болашағы, ол тек осы жағдайда ғана әлемдік экономика мен XXI ғасыр саясатының жаһандық факторына айналмақ». Айталық, Астана қаласында 1996 жылы рухани зияткерлік қазақстандық еуразияшылдықтың көрнекті және тиімді нышаны пайда болды. Президент Н.Ә. Назарбаев еуразиялық идеяға үміткерлерді бұл тұста да басып озды (оң пайымдау мағынасында). Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразиялық ұлттық университеттің құрылғаннан бері, оның қабырғасында ондаған мемлекет басшылары, көптеген белгілі шет елдік саяси, қоғамдық қайраткерлер мен оқымысты-ғалымдар студенттердің алдында сөз сөйледі. Солардың әрқайсысы, университет табалдырығын аттағанда да, оның мінберіне көтерілгенде де, сөз жоқ, Қазақстанның Еуразиядағы, ғаламшардағы алатын орны туралы ойланбай-толғанбай қалмайды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия идеясының ерекшелігі Елбасының көрегендігінде – ол жаңа еуразиялық ықпалдасушылыққа жете
зерттелген теория қажеттілігін де көре білді. Сондықтан да, 1996 жылы, Еуразия университетін құрар алдында, Қазақстан Президенті қазіргі заманға сай «ықпалдастықтың біртұтас үлгісін» құру үшін халықаралық «Ықпалдастық – 2000» жобасын іске асыруда ТМД елдерінің оқымысты-ғалымдарына ұсынды. Таңқаларлығы, Н.Ә. Назарбаев 2000 жылы дәл есептеп шығарған, нақ осы жылы іс жүзінде ықпалдастық үдерісінде айтарлықтай ілгері басушылық байқалды.
ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997 жылдары қарама-қайшылықтарға толы болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік болашағын, өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты жыл болды, сондықтан да – еуразиялық тұжырымдаманы зерттеп білуде жаңа қадам жасалынды.
85 2000─2014 жылдар аралығындағы Еуразиялық кеңістіктегі ықпалдасу үрдісі 2008 жылдың 19-21 желтоқсаны аралығында біздің Елбасының бас тамашылдығымен Бурабайда өткен Армения, Қазақстан, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан президенттерінің бейресми жағдайдағы кездесуінің де маңызы үлкен болды. Осы бас қосуда қоғамдастықтың 10 млрд. доллар көлеміндегі Дағдарыспен күрес қорын және Жоғары технологиялар орталығын құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Сөйтіп, ЕурАзЭҚ қызметі ТМД елдеріндегі басқа ұйымдармен са лыстырғанда жемісті жұмыс жасап, жылдан жылға алға басу үстінде. Мұның өзі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялану жөніндегі идеяларының өміршеңдігін, халық-аралық деңгейдегі қайраткерлік қимыл әрекеттерінің табыстылығының айқын көрінісі деп айта аламыз. Дегенмен, осы жолғы Минск басқосуының қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей мен Беларусь арасында аталған басқосуда дүниеге келуге тиіс Кеден одағына қатысты аздаған кикілжіңдердің бар екендігі де байқалып қалған еді. Осыған байланысты бас қосуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін әр елден келген журналистер қауымы бір-бірімен әңгімесінде жоспар ланып отырған шараның кейінге сырғуы мүмкін деген қауіптерін де білдіріп жатты.ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіне қатысуға келген ел басшыларының кездесу регламентіне аздап өзгеріс енгізіле тіні мәлім болды.Мемлекетаралық кеңестің төрағасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Кеден одағына қатысты құжаттарды тал -қылау үшін ең алдымен Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің үшеуара кездесу өткізіп, мәселені неғұрлым тар шеңберде талқылай -тындығын мәлім етті. Сөйтіп, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі нің осы жолғы отырысында ең негізгі және түйінді мәселе Кеден одағын
құруға қатысты құжаттарды талқылау болатындығы белгілі болды.Үш мемлекеттің басшысы аталған мәселені 2 сағат бойы талқылады. Сөйтіп барып ортақ келісімге қол жеткізілді. Мұнан кейін болып өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің тар шеңберде және кеңейтілген құрамда өткен отырыстары Кеден одағының дүниеге келгендігін әйгіледі. Отырыс жүріп жатқан Минскідегі орталық кітапханада залды торлап алған толғанысты сәттер осылайша шешімін тапты. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттерінің арасында Кеден одағының құрылғандығын, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап осында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес аталған мем лекеттерде бірыңғай кеден тарифінің орнығатындығын, ал сол жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеуге кірісетіндігін жан-жақтан жиналған журналистер әлемнің әр шалғайына жедел түрде таратып жатты. Артынан журналистермен болған баспасөз мәслихатын ашқан Алек сандр Лукашенко бұл басқосуды тарихи басқосу болды деп мәлімдеді. “Беларусь жері халықтар тағдырына әсері мол тарихи оқиғалардың мекеніне
айналды. Осында 1991 жылы Беларусь, Украина, Ресей республикаларының басшылары Белавежье келісіміне қол қойып, Кеңес Одағыныңөмір сүруі тоқтағандығын мәлімдеген еді. Енді біз Минск келісіміне қол қойып, Кеден одағының құрылған дығын әйгілеп отырмыз”, – деді ол. “Белавежье келісімі жан-жаққа ыдырауды бастап берген, ал біз бірігуге үндейтін келісім жасадық”, – деді Ресей Президенті Дмитрий Медведев өз сөзінде. Осы баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізілген келісімнің экономикалық тиімділік
қырларын ашып берді. Кеден одағын құрудағы ең маңызды шарт ЕурАзЭҚ аясында Бірыңғай эко номикалық кеңістікті қалыптастыру екендігін, бүгінгі қол қойылып отырған бірыңғай кедендік тариф пен Одақтың Кеден кодексін қа былдау осы мақсатқа жетудің тарихи маңызды қадамы болатындығын атап көрсетті. Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру біздің елдерімізге не береді? Біріншіден, бірыңғай кеден аймағының құрылуы елдердің әртүрлі бағыттары бойынша кең көлемді ынтымақтастық орнатуына мүм кіндік береді. Бірлескен өндірістер мен кооперациялар құру әрекеттерін белсенді етеді. Мұның өзі жаңа индустрияландыруды жүзеге асыру,
сырттан болатын тауарлар экспансиясынан бірлесіп қорғану үшін өте маңызды. Екіншіден, үш мемлекеттің азаматтары кедендік төлемдерді қаттамай-ақ өзара еркін сауда жасасу мүмкіндігіне ие болады. Үшіншіден, құрылатын ортақ рынок 2 трлн. доллар көлеміндегі ауқымды инвестициялар тарту үшін де өте тиімді. Демек, кәсіпкерлер қо-сымша ресурстар тарту мүмкіндігіне ие болады. Төртіншіден, бұл рынокта бәсекелестік ықпалы күшейеді. Мұның өзі тауарлар мен қызметтер сапасының артуына алып келеді. Осы арқылы халықтың өмір сүру деңгейі жақсара түседі.
Бесіншіден, Одаққа біріккен мемлекеттердің транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері қалыптасады. Бұдан мемлекеттің кірісі артады. Осы арқылы ол бизнес пен халықты қолдауда жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Сарапшылардың алдын ала болжамына қарағанда, бірыңғай кеден кеңістігін қалыптастыру 2015 жылға таман оған қатысушы елдер дің ішкі жалпы өнім көлемін 15 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Елбасы осылай дей келе кеден кеңістігін құрудың Ресейге, Беларусьқа, Қазақстанға қанша табыс әкелетіндігін де айтып өтті. Мұндай кеңістікті құру болашақтың жоспары – Еуразиялық экномикалық одақты құрудың негізі болып табылатындығын атап көрсетті. Сонымен қатар осы басқосуда ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің ортақ сақтандыру рыногын құру жөніндегі қаттамаға қол қойылды. “Бүгін біз Әділет министрлері кеңесіне ЕурАзЭҚ-тың жанама органы мәртебесін беру туралы шешімге келдік. Мұның өзі қоғамдастыққа қатысатын барлық елдердің келісімді құқықтық саясатын қалыптастыру ісіндегі маңызды қадам болып табылады”, – деді Елбасы. Сондай-ақ осы басқосуда қоғамдастықтың 2010 жылға арналған бюджет саясаты туралы жолдаудың қабылданған дығын және қоғамдастықтың ішкішекара режімін ұстаудың негізгі қағидаттары туралы ереженің бекітілгендігін айтты.Баспасөз мәслихатында мәлім болған тағы бір мәселе келесі жыл дан бастап Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық
кеңесіне Қазақстан жағы, атап айтқанда, біздің Елбасымыз төрағалық ететін болады. Осы хабарды журналистерге жеткізген АлександрЛукашенко желтоқсан айында Алматыда мемлекет басшыларының бейресми жағдайда басқосуы болатындығын, онда 2010 жылдан бастапКеден одағын құрудың нақты тетіктері одан әрі талқыланатындығын жеткізді.
Бұл басқосу Елбасымыздың еуразиялық идеясын жүзеге асыруға негіздеген батыл практикалық қадам болды деп айқын айта аламыз.
86 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ)— 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресейжәне Тәжікстанкірген. 2001жылдың маусымның 1 Өзбекстанұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы(ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)[The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхайқаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанжәне Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанарасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары ШанхайдажәнеМәскеудекездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім
шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономикажәнесауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстанпрезиденті Душанбедеөткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайдаөткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстанпрезиденті Шанхайдакездесті. Осы кездесуде Өзбекстанқұрылымға енді. лешала Ӏ Шанхайынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияжарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхайынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхайынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;
саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда
тиімді әріптестік шараларын дамыту;
ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ
және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады: БҮҮ-ның мақсаттары мен принциптерін үстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық түтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын
жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады. шекара Қараңыз: Мемлекеттік шекара ШЫҰ-ның органдары
Мемлекет Басшыларының Кеңесі Үкімет Басшыларының Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі
Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының Кеңесі Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі
Хатшылық Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ) ӨТҚҚ Кеңесі
ШЫҰ және Қазақстан ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері,
жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешенісаласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол
қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.
Тарихи шолу 2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизмжәне экстремизмгеқарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді.
2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш
маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі. 2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды.
2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық, көлік, энергетика
салаларындағы қарым–қатынасты одан әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды. 2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді.
2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, Ташкент
мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады. 2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет басшылары ШЫҰ-ның көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыратын шаралардың жоспарын қабылдады. 2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иранжәне Үндістанмемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 2005 жылы 26 қазанда МәскеудеШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды. 2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше
мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек айына жоспарланған. 2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңесқұрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың Форумы өз жұмысын бастады.
Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр.2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМДхатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды. ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы – Қазақстанның өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры – Қырғыз Республикасының өкілі М.У. Субанов.
МүшелікҮндістанның, Пәкістанның, Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар мәртебесі бар. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бақылаушы мемлекеттерді Ұйымның сауда-экономикалық саласындағы жұмысынабарынша белсенді тарту жұмыстары жүргізілуде. Тараптар 2008 жылға арналған ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі шаралардың тізімін мақұлдады.Қазақстан ШЫҰ мүшесі болу бақылаушы, «диалог жөнінде әріптес» ретінде Хартияда көрсетілген осындай ынтымақтастықтың формасын пайдалануды қарастыратын, кезең-кезеңмен өтіп, содан кейін ғана ШЫҰ-ның толық қатысушы болуы тиістігін негізге алады.
Мүшелелері Бақылаушы елдер Үндістан Қазақстан Пәкістан
Үлгі:Tәжікстан
Өзбекстан
Қазақстансыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру
туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады.
Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азияқұрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында
Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Мазмұны
1 Форум қызметінің негізгі бағыттары 2 АӨСШК құрылымы мен инститтары:
3 Әзірлеу үдерісі 4 Сенім шараларын одан әрі жүзеге асыру 5 Сенім шараларын жүзеге асыру 6 Азия кеңесінің Бірінші СІМК-і 7 Азия кеңесінің Екінші СІМК-і 8 Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы
9 Азия кеңесінің Екінші Басқосуы 10 Азия кеңесінің Үшінші СІМК-і 11 Мүше елдер
o 11.1 Бақылаушы елдер мен ұйымдар 12 Дереккөздер 13 Сыртқы сілтемелер
Форум қызметінің негізгі бағыттары Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге көп жақты тәсілдер жасау жолымен ынтымақтастықты нығайту Мәртебесі:Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізу және келісімге келу негізінде шешім қабылдау мен шаралар қолдану жөніндегі мемлекетаралық форум, БҰҰ Бас Ассамблеясы жанында бақылаушы (2007 жылғы желтоқсан)
АӨСШК құрылымы мен инститтары: Саяси органдары:1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), 2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), 3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым). Көмекші органдары: 1) АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК).
Әкімшілік органы:Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бақышев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Қорхан Қаракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан).
Әзірлеу үдерісі1993-1994 жылдар аралығында Азия елдері СІМ сарапшыларының кездесулері өтіп, «Азия кеңесі рәсімдер ережелері», «Азия кеңесі принциптерінің декларациясы» және «Азия кеңесі құрылымдары мен институттары» атты Азия кеңесінің базалық құжаттарын жасап, әзірлеу үшін Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды. 1996-1997 жылдары Азия кеңесі сыртқы саяси басшыларының орынбасарлары деңгейінде Алматыдаекі Кеңес өткізілді. 1998 жылғы қазанда Алматы қаласында АӨСШК мәселелері бойынша 12 мемлекеттен келген 24 сарапшыларының қатысуымен халықаралық коллоквиум өтті. Сенім шараларын одан әрі жүзеге асыру
2009 ж. 20 ақпанда Делиқаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтыңтөрағалығымен АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) кезекті отырысы өтті. Қатысушылар АӨСШК АЛТК алдында өткен Арнайы жұмыс тобының отырыстарының тиісті ұсыныстарын қарастырып, мақұлдады. Кеңесте 2002 жылдан бері төрағалық етіп келе жатқан Қазақстанның мандаты 2010 жылы бітеді. Осыған байланысты 2008 ж. тамызда Алматыдағы 3-ші АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл орынға АӨСШК-тің белсенді мүшелерінің бірі Түркия Республикасынсайлауды ұсынған болатын. Бұл екі бауырлас мемлекет арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі және түрік тарапының әртүрлі халықаралық, аймақтық бірлестіктерде
жинаған мол тәжірибесін ескере отырып жасалған еді. 2009 жылы қаңтар айында мемлекетішілік процедуралардың нәтижесі бойынша АнкараҚазақстанның ұсынысымен келісетіндігін мәлімдеді. Бұл жөнінде Түркия Президенті А.Гүлдің АӨСШК Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың атына жіберген жолдауында айтылған. Түркия АЛТК-тың осы отырысында өз кандидатурасын ресми түрде ұсынды. Ол 2009 жылғы 8 мамырда мүше мемлекеттермен келісілді. АӨСШК ережесіне сәйкес Кеңеске мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кезекті 3-ші саммиті 2010 жылы осы елде (шамамен маусым айында Стамбулқаласында) өтеді. Сенім шаралары тізбесін орындау мәселесі де жақсы жүріп жатыр. Егер бұрын АӨСШК шеңберінде жыл сайын тек 2-3 арнайы шара өткен болса, осы жылы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,
Әзірбайжан, Корея Республикасы, Түркия, Иранжәне Израильдебірнеше кездесулер, семинарлар және форумдар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, үстіміздегі жыл Кеңесті дамыту кезіндегі ірі табыстарға толы жыл болғалы тұр. Қазір Қазақстанға «Әскери-саяси тұрғыдан сенімшараларын іске асыру туралы Төрағаның тұжырымдамасы» атты құжатты дайындау міндеті жүктелді. Бұдан кейін осының негізінде барлық мүше мемлекеттердің ортақ позициясын көрсететін «Ортақ ұстаным» құжаты дайындалады. Экономикалық өлшемдегі туризм бағытының үйлестірушісі (Тәжікстан) дайындаған Ынтымақтастық тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан адами өлшем бойынша сенім шараларын
жүзеге асыру жөніндегі жобаны үйлестірушісі ретінде АӨСШК-ің гуманитарлық саладағы сенім шаралары жоспарын орындау аясында 2009жылға арналған Іс-шаралар жоспарын таратты. Моңғолияэкологиялық өлшемнің үйлестірушісі ретінде бекітілді, ал жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы күресуге жауапты Түркия 2009 жылы қараша айында мүше елдердің Полиция мекемелері басшыларының 1-ші кездесуін өз аумағында өткізетіндігін мәлімдеді. Қатысушылар Кеңес жұмысына қатысты жалпы мәселелерді де қарастырды. Мысалы, кездесуде 2009-2010 жылдарға арналған АӨСШК іс-шараларының күнтізбесі қабылданып, «АӨСШК-ің дамуын зерттеу» сараптамалық материалы бекітілді.2009 жылғы 27 наурызда Бишкекқаласында АӨСШК шеңберінде «Конфессиялар арасындағы сұхбат – тұрақты қоғамдастыққа жол» атты семинар өтті. 2009 жылғы 1 мамырда Астанадажыл сайынғы Қазақстан халықтары достық фестивалі шеңберінде өтетін Азия кеңесі елдерінің халықтары этно-мәдени бірлестіктерінің форумы өтті. 2009 жылғы 9 маусымда Мәскеуқаласында АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін Іскерлік мүмкіншіліктеріне жәрдем көрсету және шағын және орта кәсіпорын саласында ақпаратпен алмасу салада іске асыру бойынша Мамандырылған сарапшылар кездесуі өтті. Кездесу барысында аталған саладағы АӨСШК сенім шаралары бойынша Тұжырымдама мен 2010-2010 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарының жобалары талқыланды. 2009 жылғы 23-24 маусымда Алматы
қаласында Азия кеңесінің кезекті Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті. Кездесу барысында мүше-мемлекеттер АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін экологиялық, экономиқалық және әскери-саяси өлшемдегі іске асыру міселелері, Азия кеңесінің жалпы мәселелері сондай-ақ АӨСШК Хатшылығына қатысты мәселелері талқылады. Сонымен қатар АЖТ Сауд Арабиясы Корольдігінің Азия Кеңесінің бақылаушы-мемлекеті болуға өтінішін қабылдап, оны АӨСШК АЛТК-ның қарауына тапсырды. Таиланд Корольдігі АСЕАН-ныңаймақтық форумының Төраға ретінде АӨСШК Төрағасымен әскери-саяси және экономикалық өлшемдегі өз көзқарасы және тәжирибесімен алмасуға ниет білдірді. Келесі АЖТ жіне АЛТК отырыстары 2009 жылғы қазан айында Пекинқаласында өтеді. Сөйтіп, Кеңеске қатысушылар 2006 жылғы 2-ші Саммит пен 2008 жылғы 3-ші СІМК шешімдерін орындау мақсатында және 2010 жылы өтетін Жоғарғы дәрежедегі үшінші кездесуді дайындау үшін осындай нақты қадамдар жасап жатыр.Сенім шараларын жүзеге асыру2007 жылы 12-14 наурыз аралығында Бангкокқаласында өткен АЛТК-ның отырысында «Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен ұстаным» атты құжат қабылданды. Аталған құжат АӨСШК-нің Сенім шаралары тізімдемесін және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтынығайтуға және Тізімдеменің жеке бағыттарындағы жұмыстарды айқындауға арналған әр түрлі жобаларды іс-жүзінде іске асыруға жол ашты. 2007 жылы 22-23 желтоқсанда Тегеранқаласында наркотрафикке қарсы күрес аясында сенім шаралар жөніндегі Бірінші МСК өтсе, 2008 жылы 31 қаңтар және 1 ақпан аралығында Анкарақаласында жаңа қауіп қатерлерге қарсы күресу аясында сенім шараларды іске асыру мәселелері жөніндегі МСК өтті. Бұл іс-шараларда аталған бағыттар бойынша тұжырым жобалары әзірленді. 2008 жылы 6-7 мамырда
Алматықаласында АӨСШКның АЖТ кезекті отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды: Сенім шаралары тізімдемесін іске асыру, Азия кеңесі Хатшылығының дамуы, АӨСШК IІІ-ші сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындау. 2008 жылы 11 маусымда Сеулқаласында ҚР Корей Республикасындағы Елшісі Д.Бақышевтің төрағалығымен АЛТК-ның кезекті отырысы өтті. Осы кездесуде алдағы IІІ-ші СІМК-нің күн тәртібі мен бағдарламасының жобалары қабылданды, сонымен бірге IІІ-ші СІМК-нің декларациясы бойынша пікірталас болды. 2008 жылы 27-28 қыркүйекте Душанбеқаласында АӨСШК мүше мемлекеттер арасында туризм саласы бойынша
ынтымақтастық жөніндегі Концепция жобасын талқылауға арналған МСК өтті. 2008 жылы 26-29 қазанда Тель-Авивқаласында Азия кеңесінің озат ауыл шаруашылығы бойынша семинар өтті. Аталған семинарда сарапшылар ауыл шаруашылығы саласындағы ұлттық тәжірибелер, жаңа технологиялар және тиімді даму әдістерімен алмасты. 2008 жылы 4-6 қарашада Алматы қаласында АӨСШК-нің Қаржы сарапшыларының кездесуі өтті. Гуманитарлық өлшемдегі АӨСШК сенім шараларын іске асыруда үйлестіруші орган - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіменосы өлшемдегі 2008-2009 жж. араналған іс-шаралар жоспарын және тұжырымдаманы іске асыруда. Аталған жоспарға сәйкес 2008 жылда Қазақстан аумағында екі халықаралық конференция өтті: 2008 жылы 27 маусымда Алматы қаласында
Қазақстан халықтары ассамблеясыменбірлесіп, Министрлік Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Толеранттық және дінге еріктілік Орта Азияның жетістігі ретінде» атты халықаралық конференция өткізілді; 2008 жылғы 12 тамызда Астана қаласында Президенттік мәдениет орталығында «Орталық Азияелдеріндегі мәдениетаралық өзара іс-қимыл» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Азия кеңесінің экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясында жекелеген сенім шараларының үйлестірушісі болып табылатын басқа мүше мемлекеттер тиісті бағыттарда тұжырымдамаларды дайындаған: Корей Республикасы – энергетикалық қауіпсіздік, Тәжікстан – туризм, Иран – наркотиктер мен прекурсорларды заңсыз өндіру және айналымға шығаруға қарсы күрес, Ресей – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында, Түркия – жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясындағы
сенім шараларын іске асыруға арналған іс-шаралардың жоспарын әзірледі.Азия кеңесінің Бірінші СІМК-і1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен Азия кеңесіне мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің I-ші кездесуінде және оның барысында мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясына қол қойылуы - Азияда қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көп жақты тетігін құру жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың ұсынысынан бергі уақыттағы қазақстандық дипломатияның ірі жетістігі болып табылады. Осылай, алғаш реет аймақтағы бірқалыптылықты қамтамасыз ететін нақты қимылдар мен іс-шараларға негізделген азиялық қауіпсіздік жүйесінің заңдық негізі қаланды. Кездесу жемісті өтті: Кеңестің толық мүшелігіне Иордания, БАӘқабылданды және АӨСШК-ға Қатар Мемлекетібақылаушы ретінде қосылды. Кездесу нәтижесінде «АӨСШК-нің сенім шараларын жүзіге асырудағы ілгерілеуі» атты декларация мен Қорытынды шешімдер қабылданды. Азия кеңесі және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Халықаралық Көші-қон Ұйымы секілді халықаралық құрылымдары арасында өзара түсіністік мазмұндамаларына және Азия кеңесі Хатшылығының штаб-пәтерін Алматыдан Астанаға көшірілу көздейтін АӨСШҚ Хатшылығытуралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.Азия кеңесінің Екінші СІМК-і2004 жылы 22 қазанда Алматыда Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің II-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Сенім шаралары тізімдемесінің, Рәсімдер ережесінің және Азия кеңесі Министрлік кездесуінің декларациясының қабылдануы Министрлер кездесуінің басты нәтижесі болды. Бұл кездесу қарсаңында Таиланд Корольдігінің Азия кеңесіне он жетінші мүше-мемлекеті болып қабылдануы айтарлықтай оқиға болды.Қатысушылардың пікірінше, қабылданған Азия кеңесі Сенім шаралары тізімдемесінің маңыздылығына баға беру оңай емес. Қауіпсіздік пен бірқалыптылық мәселелері бойынша көпжақты қарым-қатынасты көздейтін құжаттың қабылдануы Азия құрлығының тарихында бірінші рет болып отыр. Декларацияда аймақ пен әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен бір ымыралы көзқарастары көрініс тапты. Делегация басшылары шешілмеген мәселелерді және сенім шараларын іске асыру жөніндегі бағыттарды айқындау туралы тізімдемеде бекітілген ортақ әдістерді пайдаланудың маңыздылығын арнайы атап өтті.Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы болып өтті. Осы Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және АуғанстанПрезиденттері, Әзірбайжан және ҮндістанПремьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестинажәне Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украинажәне Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰжәне АМЛбасшылары қатысты. Басқосу барысында Алматы Актісіне, Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылдыАзия кеңесінің Екінші Басқосуы2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. 4 жыл бұрын Бірінші Басқосуды өткізу мен Азия кеңесін қалыптастырған құжатқа (Алматы актісі) қол қоюдан бастап, Кеңестің істері мен мақсаттары әлем қауымдастығында кең көлемді қолдау мен түсінушілік тапты. Таиланд Корольдігі (2004 жылы) және Корей Республикасы (2006 жылы) сынды аймақтағы беделді елдердің Кеңеске толық құқықты мүше болып қосылуы бұған дәлел болды. Сөйтіп, Азия кеңесі диалогқа бағытталған форум ретінде Азия құрлығында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Басқосу барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Басқосуының декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге қол қойылды. Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы, күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы қажеттілігіне көңіл бөлінді. Кеңестің тұрақты негізде қызмет ететін органы - Хатшылықты құру туралы шешім 2002жылы II-Басқосу кезінде қабылданды. Азия кеңесі хатшылығы туралы Келісімгі сәйкес, Хатшылықтың штаб-пәтері Алматы қаласында орналасты.Азия кеңесінің Үшінші СІМК-і2010 жылы болатын Үшінші АӨСШК-нің Басқосуына дайындық аясында маңызды іс-шаралардың бірі - 2008 жылы 25 тамызда Алматы қаласында өткен ІІІ сыртқы істер министрлерінің отырысы болып табылады. Осы іс-шараға 19 мүше-мемлекетер, 7 бақылаушы-мемлекеттер,6 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делигациялары қатысты. Кездесу барысында Бірлескен тәсілді іс-жүзінде іске асыру мәселесіне ерекше көніл бөлінді. Қзақстан Президенті АӨСШК Төрағасы ретінде сенім шараларын гуманитарлық, экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы жүзеге асырудың басталуын қолдап, әскери-саяси өлшемдердегі ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде нақты жұмысты бастаған орынды және бұл ынтымақтастық болашақта Сенім шаралары каталогының маңызды бір бағыттарына айналуы тиіс, деп атап айтты.
Мүше елдер
1. Ауғанстан;2. Әзірбайжан;3. Қытай;4. Мысыр;5. Үндістан;6. Иран;7. Израиль;8. Қазақстан;9. Қырғызстан;
10. Моңғолия;11. Біріккен Араб Әмірліктері;12. Пәкістан;13. Палестина;14. Корея Республикасы;15. Ресей;16. Тәжікстан;17. Тайланд;18. Түркия;19. Өзбекстан;20. Иордания.
Бақылаушы елдер мен ұйымдар
1. Мемлекетер 1. Въетнам;2. Индонезия3. Малайзия4. АҚШ5. Катар6. Украина7. Жапония
2. Халықаралық ұйымдар 1. БҰҰ 2. ЕҚЫҰ 3. Араб мемлекеттерінің Лигасы
