Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

88. Біріңғай экономикалық кеңістік және Қазақстан Республикасының бұл кеңістіктегі алар орны:

1.БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015 жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да құжаттарды қабылдап, белгіленген нақты мерзімдеріне сәйкес БЭК қалыптастыратын келісімдер бойынша 74 міндетті шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет. БЭК-тің құқықтық негізін қалыптастыратын келісімдерді шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономикалық саясат жүргізу және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсетудің ортақ рыногын жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, энер гетика менкөлік саласында табиғи монополиялардың қызметіне қолжетімділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты. БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыногы – жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тіңтағы бір маңызды бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-кеқатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлттық режімдерін бекітуге ұмтылып,арнайы лицензияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген лицензияларды мойындауды қамтамасыз етеді және ұлттық заңнамаларды үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген саясат жүргізеді. 2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің территорияларында қолданылып келген бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкін дігі қамтамасыз етіледі. 2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше елдер үшін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады. 2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызметтеріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвестициялық қызметке теңқұқықтық жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда түсетіндей жағдайға қол жеткізіледі. БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыптасады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек мигранттары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары қорғалатын болады. Осы аталған шаралардың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-тің толық сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсен діліктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды. Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады.

Еуразиялық идеясының посткеңестік мемлекеттерде дамуы:

Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ. Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Сол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдық

туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты. Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы«Вопросы языкознания» журналының№2- деН. С. Трубецкойдың«Общеславянский элемент в русской культуре»деген мақаласы жарияланды, осы жылы №

№4,5,6 және 1991 жылы"Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широковбастамасымен келесідей

еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың«К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің«Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы«Новый мир» журналының №1 Карсавингің«Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева)атты мақаласы шықты.Сонымен қатар, көрсетілген жылы«Литературная учебаның» №6нөміріндеТрубецкойдың«Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме»деген еңбектері қайта басылды.1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық

көрді.1992 жылы«Нашего современник» журналының №№2,3нөмірлерінде Савицктйдің«Евразийство», «К преодолению революции», Трубецкойдың «Мы и другие», «К украинской проблеме», Вернадскийдың «Два подвига Св. Александра Невского»атты еңбектері басылды. Осы жылы «Вопросы философии» журналының 2 нөмірінде Карсавинмен Кожевниковтың«Философия и ВКП»деген ортақ атпен жарық көрді. 1992жылы«Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России»атты кітап(құрастырушыИ. А. Исаев) жарияланды. 1993 жылы МәскеудеН. Клепининнің«Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927)еңбегі шықты.

1995 жылы аталған басылымда жаңаантологияжарияланды, лгы құрастырушылар — Новиковпен Сиземсктй: "Мир Россия-Евразия. М, 1995., Г. Флоровский«О народах неисторических (страна отцов и страна детей)», Сувчинского «Сила слабых», Савицкий«Подданство идеи» и «Географический обзор России-Евразии», Трубецкой«Вавилонская башня и смешение языков», Алексеев «Советский федерализм», Бромберг «Еврейское восточничество в прошлом и будущем».

1997 жылы«Беловодье» басылымында «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» (құрастырушыС. Ключников)жарық көрді. 1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1920–1940г.г. Документы и материалы. Под ред. Проф. А. Ф. Киселева» пьты кітап шықты. 1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык»кітабы.

1997 жылы«Добросвет» баспасында «Исход к Востоку»қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің«Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты. 1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды.

Срңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М., 2003)және «Чингисхан как полководец» шықты. 2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань»баспасында Г. В. Вернадсктйдың«Начертание русской истории»жәнеСавицкийдің«Геополитические заметки по русской истории»мақаласымен қосымша жарияланды.

Қазақстан Республикасының еуразиялық ықпалдасудағы үлесі:

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін –жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлеген сөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен». ТМД елдерінің басты мәселесі – қабылданған шешімдердің орындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, «барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданған міндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу» қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Қазақстан Президенті «жаңа ықпалдастық бірлестікке» төмендегідей анықтама береді: «ЕАО – әрбір қатысушы елдердің ұлттық-мемлекеттік мүддесін іске асыруға бағытталған және тұтас бірігу әлеуетіне ие, тең құқылы тәуелсіз мемлекеттердің одағы. ЕАО егемен мемлекеттердің ықпалдасу нысаны болып табылады». Бұл тұжырым егемендік туралы принципті мәселеде ешбір күдікке орын қалдырмайды. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы мемлекеттердің егеменділігін сақтай отырып ықпалдасу тұрғысындағы бастама. «Еуразиялық одақ» жобасының негізіне алынған саяси қағидалар да осымен байланысты: теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, егемендігін сыйлау, территориялық біртұтастық пен мемлекеттік шекаралардың бұзылмауы. Осы өзекті қағидалардың әр қайсысы қатысушы мемлекеттердің өзегемендігін сақтауына бағытталған. Атап айтқанда, «Еуразиялық одақта» жалпы немесе қос азаматтық қарастырылмаған – әр адам нақты ұлттық-мемлекеттік азаматтығына ие болуы тиіс. Егеменді мемлекеттердің «Еуразия одағына» кіруі ерікті түрде жүзеге асады, дегенмен жобада принципті бір пункт бар, ол жаңа қауымдастықтың іс әрекет қабілеттілігіне мүмкіндік туғызатын – «ЕАО-ға мүшелікке қауымдасқан түрде кіруге жол бермеу». Жобаның негізгі ережелерінің ішінде, қабылданған шешімдердің орындалуының өзара «міндеттілігі» туралы мәселенің ерекше мәні бар (Н.Ә. Назарбаев бұл жайында кезекті пікірталастар барысында үнемі ескертіп отырды). «Еуразиялық одақ» қағаз жүзінде қалмау үшін, жобада ұлттық ұйымдардан тыс құрылымдар айқындалған (мемлекетаралық ұйымдарда қабылданғандай): Елбасылар және үкімет басшылары Кеңесі, ЕАО Парламенті, сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, мемлекетаралық атқару комитеті. Сонымен қатар «Еуразиялық одақта» «біртұтас экономикалық кеңістік» қалыптастыру ойластырылғанымен, біртұтас саяси кеңістік қарастырылмаған. Бұл өте қисынды, өйткені қатысушы мемлекеттер экономикаларын кіріктіре отырып, саяси егемендігін сақтап қалады. Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық ұсыныстарына сай, еуразиялық аймақтық бірлесу – Қазақстан үшін де, сондай-ақ ТМД-ның басқа елдері үшін де, «ішкі әлеуетті» дамытудың тиімді құралы. Мұндай нәтижелі даму (дағдарыстан шығу және экономикалық өсу) «жаңа нарықтық негізде елдердің экономикалық кірігуі жағдайында» ғана мүмкін. Жобаның басым бағыты – прагматикалық (өзара тиімді) экономикалық бірлесу. Бірақ, осы жағдай сай келетін «құралдарды», яғни «барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді». Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар «ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды» құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б. сол сияқтылар. Қазақстан Президенті, 1990-шы жылдары шешілуге тиісті, бірқатар өткір мәселелерді көрсетті. Атап айтқанда, - «біртұтас экспорттық саясатты» жасау, және оны «барлық қатысушы мемлекеттердің мүддесіне сай» жүргізу. Сондай-ақ, ТМД елдерінің ұлттық заңнамаларын жетілдіру мен жақындастыру жөнінде прагматикалық (өзара тиімді) мақсаттар қойылды, өйткені «олардың арасындағы айырмашылықтар, экономикалық бірлесу үдерістерінде айтарлықтай кедергі келтірді». Жалпы алғанда, ТМД аумағында «жаңа экономикалық тәртіп» орнықтыру, «экономикалық саясатты келісіп жүргізу» және «экономикалық реформаларды жүргізудің бірлескен бағдарламасын» қабылдау қажеттілігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, Еуразиялық жоба экономика саласымен ғана шектелмейді, онда, күш біріктіруді қажет ететін: ғылым, мәдениет, білім, қорғаныс, қауіпсіздік, экология мәселелері өз орнын тапты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]