- •1.Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде.
- •2.Еуропоцентризм түсінігі
- •3. Еуразия тарихындағы ғұндардың тарихи орны
- •5. Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы:
- •6. Еуразия кеңістігіндегі XII-XVI ғғ. Арасындағы түркі халықтарының империялары:
- •7. Ұлы дала ұғымы:
- •8. Белгілі ғалымдардың көне түріктерге қатысты айтқан басты ой-пайымдаулары:
- •23.Алаш қайраткерлері нің ғылыми-шығармашылық қызметі(бір тұлға)
- •16. Түрік қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы
- •9.Шығыс славяндардың шығу тегі еуразияшылдардың еңбектерінде
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •11. Посткеңестік кезеңдегі жаңа еуразиялық бастаманың мән-маңызы
- •54) Н.С.Трубецкойдың өмір жолы және шығармашылығы
- •20. Көне түріктер туралы қазақ этнограф ғалымдарының зерттеулері:
- •24. Алаш зиялыларының еуразияшылдық ілімге қатысты көзқарастары:
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •27 Хх ғ. 20-30 жылдарында жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.
- •28) Ксро-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының дамуы ерекшелігі
- •30) Хх ғ. 90-жылдардағы еуразияшыл ғалымдар еңбектеріне деген жаңаша көзқарас.
- •53) Н.С.Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясының қалыптасуына қосқан үлесі
- •55) П.Н.Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты идеясы мен тарихи тұжырымдамасы
- •56) П.Н.Савицкийдің өмір жолы мен шығармашылық қызметі
- •57) Н.Я.Данилевскийдің шығармаларының ғылыми бағыты
- •58) Н.Я.Данилевскийдің еуразияшылдық теориясының ерекшелігі
- •37) Н.Я.Данилевскийдің және г.В.Вернадскийдің еңбектеріндегі басты айырмашылық
- •38) Г.В.Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы
- •61) Г.В.Вернадскийдің «Биосфера ілімі» туралы тұжырымдамасы
- •62) Г.В.Вернадскийдің өмір жолы мен шығармашылығы
- •31.Л.Н.Гумилевтің өмірі мен өскен ортасы.
- •33. Лев Гумилевтің этногенездік Пассионарлық теориясы
- •34. Л.Н.Гумелевтің теориялық тұжырымдамаларының мәнісі мен ерекшеліктері
- •42. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі Ұлы Дала тарихы
- •80. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" еңбегі
- •84Тәуелсіздіктің алғашқы жолдарындағы тмд елдеріндегі шиеленіс ошқтары және шиеленісті шешу жолдары
- •88. Біріңғай экономикалық кеңістік және Қазақстан Республикасының бұл кеңістіктегі алар орны:
- •84. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеяының маңызы:
28) Ксро-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының дамуы ерекшелігі
Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ. Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау
органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Сол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдықтуралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты.
Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания»журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың«К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)»,
П. П. Сувчинскийдің«Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы«Новый мир» журналының №1 Карсавингің«Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева)атты мақаласы шықты.Сонымен қатар, көрсетілген жылы«Литературная учебаның» №6нөміріндеТрубецкойдың«Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме»деген еңбектері қайта басылды. 1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарықкөрді. 1992жылы«Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России»атты кітап(құрастырушыИ. А. Исаев) жарияланды. 1993 жылы МәскеудеН. Клепининнің«Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927)еңбегі шықты. 1997 жылы«Беловодье» басылымында «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» (құрастырушыС. Ключников)жарық көрді. 1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1920–1940 г.г. Документы и материалы. Под ред. Проф. А. Ф. Киселева»пьты кітап шықты. 1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык»кітабы. 1997 жылы«Добросвет» баспасында «Исход к Востоку»қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің«Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты. 1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды. Соңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М., 2003) және «Чингисхан как полководец» шықты. 2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадсктйдың «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории»мақаласымен қосымша жарияланды. 29) КСРО-да ХХ ғасырдың ІІ жартысында еуразияшылдықты насихаттаған ғалымдар. П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты тарихи тұжырымдамасы. Петр Николаевич Савицкий – 1895 жылы 15 мамырда
Черниговта дүниеге келген. 1968 ж. 13 сәуірде Прагада қайтыс болған. Орыс географы, экономист, геосаяттанушы, мәдениеттану, философ, ақын, қоғам қайраткері, еуразияшылдық көсемдерінің бірі. Ақсүйектер тегінен. Чернигов помещигі, земстволық қайраткер, Ресей империясы Мемлекеттік кеңесі мүшесі (1906 ж.) Николай Петрович
Савицкийдің ұлы. Гимназияда оқып білім ала жүріп, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Ұлы Петр атындағы Петроград политехникалық институтында экономикалық факультетінде оқиды. Осында оқи жүріп, Петр Струев жетекшілігімен ғылыммен айналысқан. Струев арқылы осы кезде кадет партиясының оң қанатында болады. П. Б. Струевтің жетекшілігімен шығарылған «Великая Россия», «Русская мысль» атты журналдарында мақалалары жарияланған. 1916-1917 жж. Норвегияда орыс елшілігінде жұмыс істейді. Ресейге Қазан төңкерісі алдындакелген. Бұдан кейін Украинаға кетеді. Бұл уақытта Петлюра әскері құрамында соғысқан. 1919 жылы деникиншілдермен бірге болып, Деникин мен Врангель үкіметтерінде сыртқы істер министрі орынбасары қызметін атқарады. 1920 жылы қалған врангельдік әскерімен Константинопольге кеткен. Мұнда ол Струвемен бірге «Русская мысль» журналын қайта шығарады. Н. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» (София, 1920) атты еңбегінің ықпалында еуропоцентризм тұжырымдамасынан алыстай бастаған. Бұл Струвенің ұлттық-либерализм идеясы негізіне қайшы болды. Ол Трубецкойдың Ресейді «орталық материк» ретінде, яғни Ресей Еуропа мен Азияныңортасындағы- Еуразия деген түсінігіне сайып келді. Осылайша, П. Н. Савицкий еуразияшылдықтың негізін салушылардың бірі болды. Ол еуразияшылдыққа шаруашылықпен айналысу, экономика тарихы және еуразияшылдық тарихы циклдерінің теорияларының негіздерін жасады. Көшпелілікті оқыту сияқты жаңа ғылымның пайда болуына үлес қосқан. Орыс геосаясатының еуразиялық нұсқасын жасаушы болды. Еуразиялық қозғалысының басқару органдарының мүшесі болған. Атап айтқанда, Үшеудің Кеңесі, Бесеудің Кеңесі, Жетеудің Кеңесі. 1920 жылдары большевиктер биліктен кетеді дегенге сеніп, басқа еуразияшылдармен бірге Ресейге келуді жоспарлаған. КСРО-да еуразияшылдықты таратуға әрекет жасаған. Алайда ОГПУ-дың «Трест» операциясының құрбаны болады. Олар ОГПУ-шілдердің большевиктерге қарсы «жалған» еуразияшылдарына алданып қалады. 1927 жылы «Трест» арқылы КСРО-ға құпия келген. Бұл кезде ОГПУ жасырын қызметкерлерін білмеген. Сондықтан «Тресттің» әшкереленуі, еуразияшылыдықққа оңдырмай соққы жасады. 1930 жылдары құрылымдық география жасаумен айналысқан. Осылайша, Н. С. Трубецкой мен Р. О. Якобсон сияқты лингвисттармен жасалынған еуразияшылыдыққа құрылымдық әдіс қолданды. Эмиграцияда Еуразиялық партияны құрушылардың (1932) және Эмигранттық қорғаныс қозғалысын жасаушылардың бірі болды. Бұл ұйымдар фашистер басып алған Еуропа мемлекеттерінде нацизммен күресуде үлкен үлес қосқан болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антинацистік үгіттер жасауға қатысқан. Сол үшін гестапомен қуғындалған. 1945 жылы Праганы Кеңес әскері азат еткеннен кейін СМЕРШ органдарымен бұрынғы ақгвардияшыл ретінде тұтқындалып, ұшақпен Мәскеуге жіберіліп, одан 8 жылға лагерьге айдалған болатын. Мордовияда Дубровлагерьде отырған. 1954 ж. Мәскеу маңына ауыстырылған. 1956 ж.босатылып, ақталған. Мәскеуде қалу ұсынылғанымен, ол одан бас тартып, Чехославакияға кетеді. Онда ол аударма жұмыстарымен айналысады. 1950 ж. Л.Н. Гумилевпен хат жазысып тұрған. 1960 ж. Батыста «П. Восток» бүркеншік есімімен, өлеңдер жинағын шығарған. Лагерьде болған күндері туралы жазады. Алайда сол үшін 1961
жылы ЧКР Мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен ұсталған. Алайда әлемдік қауымдастықтың араласуымен босатылады. Әсіресе, британ философы Бертран Рассель ықпал етті.
