Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

9.Шығыс славяндардың шығу тегі еуразияшылдардың еңбектерінде

Шығыс славяндар- көне заманнан Орталық, Оңтүстік және Шығыс Еурапаны мекендеген тайпаларының ұрпақтары. Осы үш бөліктіңШығысын орыстар, украиндер, мен белорустар мекендеген.Олардың тілдері, мәдениеті, әлеуметтік тұрмыстары бір-біріне жақын болғандықтан,өздерін туысқан ретінде сезінеді. Орыс , украин,және белорус халықтарының этникалық атауларының өзіндік шығу тарихы бар. Олардың ертедегісі – орыстар. Бұл атаудыертедегі россов аттыславян тайпасының атауымен байланыстырады. Себебі, бұл тайпаның мекенін Русь жері деп атаған.Бірақ «русь» терминінің шығу тарихы бар.Осы терминмен Киев және Чернигов жерлері ғана аталған. Кейіннен 16-ғасырға жақын осы атау Смольный,Новгорд, Голичан,Рязан жерлерінде қамтитын болған. 15-ғасырда Москва жылнамаларында ұлы Москва княздығына кірген жерлердің бәрі де орыс жерлері делінген.“Украин” этнонимінің пайда болған шағында этникалық мәнді білдірмеген “далалықпен шектескен” – “окраина”-шеттегі жер дегенатауды білдірген. ХІІ ғ. Украина деректерінде осы мағынада Переслав , Голицк, Батыс Бук жерлерін атаған болса, кейін Украинаныңоңтүстігіндегі орыстармен аралас отырған далалықтарды да қоса атаған. Украиндықтардың жайлаған жерлері сол халықтың атымен қазірдеУкраина Республикасы болып аталып отыр. 15-ғасырда “Малая русь” термині пайда болып, осы атпен алдымен Голицк жері кейін Днестрдің бойларындағы жерлер аталатын болған.Ол кейін украин және “Малороссия” болып қатар жүрген. “Белорусы” деген “белая русьтан” шықққан. ХІІ ғасырда Неманың жоғары ағысындамекендеген қара русилардың батысындағы жерлерді “ақ русилардың мекені” деп атаған.14 ғ. Екінші жартысында әсіресе Неман,Вилин, Двинажерлері “Белая русь”, яғни “ақ орыс” деп аталып кеткен.Шығыс славяндардың тілдері индоеуропалық топтың славян тармағына жатады. Орыс, украин және белорус халықтарының тілдері бір-біріне жақын. Себебі, олардың ертеден жайлаған табиғи-жағрапиялық орталықтары, тарихи шығу тектері, шаруашылық тұрмыстары бірліктедамыған. Олардың тілдері ертедегі киевтік русь төңірегінде қалыптасқан. 4. Еуразияшылық идея: қалыптасуы, мән-маңызы, интеллектуалдық алғышарттары .Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ,

одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. 20-30 жж. олардың бастамасымен бірқатар баспа орындары қызметжасады. Олар жинақтар, альманах, журнал мен газеттер, сондай-ақ, бағдарламалық шығармалар жеке кітапшалар болып жарыққа шықты.Мәселен, еуразияшылдық баспаханаларынан Савицкий, Трубецкой, Алексеев, Толь, Полковников, Бромбергтердің еңбектері жарияланды.Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Еуропаның жетекші қалаларында тұрған еуразияшылдықтың көшбасшылары хат жазысып отырған.Мұндай хаттар Мәскеу, Прага, Париж, Берлин, София және т.б. қалалардағы мұрағаттарда сақталған.Еуразияшылдық тобының қалыптасуы Н. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын. 1921жылы София қаласында ең алғашқы еуразияшылдыққа қатысты

«Утверждений» — «Исход к Востоку. Утверждение евразийцев. Предчувствия и свершения. Книга 1» атты жинақ шығарылады. 1922 жылы Берлинде «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая»деген келесі жинақ жарық көрді. 1923 жылы «Россия и латинство. Сборник статей»деген жинақ шығады. 1923 жылдан бастап еуразияшылдықтың баспа органы — «Евразийский временник»шыққан. 1927 жылға дейін 3 нөмірі жарық көрген.20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында еуразияшылдық топ арасындажікке бөліну басталғанда тағы екі жинақ жарық көрген.

Парижден 1931жылы «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты келесі кітап шыққан. Сондай-ақ, жинақтармен қатармерзімді басылымдар да жарияланған. 1925 жылдан 1935 жылдар аралығында «Евразийские хроники» (барлығы 12) шыққан.Бұлар негізінен еуразияшылдықты насихаттауға мақсатталды. Ал 5 шығарылымында теориялық мақалалар шығарыла бастады. Әсіресе, Париж қаласында 1926-1928 жж. шыққан 6-10, 1935 ж. – 11 және 1937 ж.- 12 шығарылымдары маңызды болды. 1928 жылдың 24 қарашасынан 1929 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Парижде солшыл еуразияшылдардың «Евразия» (барлығы 35 нөмір) деген апталық газет шығарылған. Сонымен қатар, солшыл еуразияшылдардың ұстанымын «Евразиец» атты журнал насихаттады (Брюссель, 1928–1934, барлығы 25 нөмір шыққан).

«Версты» деген тақырыппен альманах 1925, 1926, 1927 жж. бойы Парижден шығарылған. Барлығы 3 нөмір жарияланды. Ал кейінгіеуразияшылдардың ұстанымын «Евразийские тетради» журналы (Прага, 1934 — 1936, барлығы 6 нөмір), «Свой путь» айсайынғы газет насихаттаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]