Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2509a287-5020-11e3-a305-f6d299da70eeУМК-ББМ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Adobe Photoshop программасында мульт-персонажды жасау және Adobe Image программасында анимациялық көріністер құру

Мақсаты: Adobe Photoshop программасында мульт-персонажды жасау және Adobe Image программасында анимациялық көріністер құруды үйрену

Тапсырма: «Қарға мен Түлкі» ертегісіне Adobe ImageReady бағдарламасында шағын мультфильм жасау

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

- Әрбір қабаттағы суреттер -

Өткен сабақта біз дайын суреттерден анимация жасадық. Бұл сабақта біз шығармашылықпен айналысамыз. Сіз сурет немесе мультфильм персонаждарын салуды бастай беруіңізге болады.

Өзіңіз білетіндей анимация кадрлар тізбегінен тұрады. Осы кадрларды ойнату арқылы біз анимация аламыз. Жұмысты бастайық.

File|New командасын таңдап, жаңа файлға келесі қойылымдарды таңдаймыз. (сур. 117).

Сурет. 117. Жаңа файлды ашу.

Фонға жасыл суретті таңдап, қарға суретін саламын. Ол менде былай шықты (сур. 118).

Сур. 118. Қарға.

Содан Layers панелінде жаңа қабат таңдап басқа қарға саламын. Бұл әрекетті бірнеше рет орындаймын. Менде он қабат пайда болды. Мынадай (сур. 119).

Сур. 119. Әр қабатта бір-бір қарғадан.

Енді таныс процедураны орындаймыз. Animation панеліндегі жоғарғы бөлігіндегі бағыттаушыны басып, тізімнен Make Frame From Layers таңдаймыз (сур. 120).

Сур. 120. Animation панелі.

Play/stop animation пернесін басып, Animation панеліндегі келесі суретті таңдаймыз.

Сур. 121. Хм...

Фон суретпен бірге болу үшін не істеу керек? Ол өте оңай. Сур. 119 суреттердегі әрбір «көздерді» қосу-өшіру арқылы Animation панеліндегі суреттерді көре аламыз. Осылай бізге керекті фреймді көруге болады. Былай (сур. 122).

Сур. 122. Фон мен құстың бірігуі.

Көріп отырғаныңыздай мен бірнеше кадрды өзгерттім. Ол үшін мен «көзбен» background және Layer 4 қабаттарын белгіледім. Бірінші фрейм маған мүлде қажет емес (сур. 123).

Сур. 123. Керексіз кадрды алып тастау.

Енді өзімізді анимациямызды Save Optimized As сақтау керек (сур. 124). Нәтижесін бағалау.

Сур. 124. Соңғы нәтиже.

Келесі сабақ Image Ready бағдарламасы бойынша соңғы анимация құру. Анимацияны енді Flash бағдарламасында да орындаймыз.

Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: CorelRave программасының көмегімен хаостикалық қозғалыстарды құру

Мақсаты: CorelRave программасының көмегімен хаостикалық қозғалыстарды құруды үйрену

Тапсырма: Программа интерфейсімен танысу

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Стандартты 500х500 пиксель өлшемдегі құжат құрыңыз. Инструменттер тақтасынан Артистикалық қылқаламды таңдаңыз (Artistc Media Brush)(сурет-1).

Сурет-1. Артистикалық қылқалам

Қасиеттер тақтасынан жапырақтың суреті бар қылқаламды таңдаңыз (Сурет-2).

Сурет-2. Қылқаламның қасиеті

Содан кейін, кішкене түзу сызыңыз, яғни бір жапырақ пайда болатындай (егер жапырақ емес, басқандай фигуралар пайда болатын болса, онда қасиеттер тақтасындағы Порядок разбрызгивания->Случайно қасиетін бірнеше рет, жапырақтың суреті пайда болғанға дейін қайталаңыз(сурет-3)).

Сурет-3. Жапырақтың суретін салу

Негізгі менюға барып, Битовые изображения-> Конвертировать в битовое изображение (BITMAP ->CONVERT TO BITMAP) командасын таңдаймыз (сурет-4).

Сурет-4. Битовые изображения->Конвертировать в битовое изображение командасы

Төмендегі қасиеттердің барлығы орындалғандығына көз жеткізіңіз(сурет-5):

Сурет-5. «Жапырақтың» қасиеттерін тағайындау

«Жапырақты» қозғалысты қай жерден бастағыңыз келді, сол орынға орналастырыңыз, біздің жағдай да ол сол жақ жоғарғы бұрыш (сурет-6).

Сурет-6. «Жапырақтың» орналасуын тағайындау

Уақыт шкаласы терезесінде өмір сызығын үлкейтіңіз. Ең соңғы кадрда тышқанды екі рет шертіңіз де, кілттік фрагментті бастапқы және соңғы кадрға орналастырыңыз

(сурет-7).

Сурет-7. Өмір сызығына кілтті фрагменттерді орналастыру

Ең соңғы кадрды таңдап, «жапырақты» оң жақ төменгі бұрышқа, көлемін өзгертпей әкеліп, орналастырыңыз. Бірінші және соңғы кадрлар арасына бірнеше кілттік фрагменттер орналастырыңыз, әрбір кілттік фрагментте «жапырақты» әртүрлі бағытқа бұрып орналастырыңыз(Сурет-8).

Сурет-8. «Жапырақтың» айналуын жасау

Жапырақтың көлемін әрбір кілттік кадрда вертикаль бойынша масштабын өзгертетін болсаңыз(Сурет-9), онда жапырақ жерге парраллель орналасқан сияқты болып көрінеді.

Сурет-9. Жапырақтың жерге құлауы

Біздің жағдайдағы анимацияны, жоғарыда атлған процесстердің барлығын орындаған кезде ғана шығады, себебі, егер Сіз биттік суреттің «Прозрачный фон» қасиетін таңдамасаңыз, орындалмайды.

Жаңа құжат құрыңыз.( Файл->Новый (File->New) ) (Сурет 1).

Сурет 1. Жаңа құжат құру

Квадрат салыңыз, оны кез келген түске бояп, абристі алып тастаңыз (Сурет 2).

Сурет 2. Квадрат салу

Квадраттың өлшемімен бірдей болатын шеңбер саламыз, тек қана басқандай түске бояңыз (Сурет 3).

Сурет 3. Шеңбер салу

Шеңбердің бұрылу бұрышын 45 градусқа теңестіріңіз (Сурет 4).

Сурет 4. Шеңбердің бұрылу бұрышын тағайындау

Екі объектіні ерекшелеп, бір біріне центр бойынша туралаймыз (Сурет 5).

Сурет 5. Объектілерді центр бойынша туралау

Сурет 6-да көрсетілгендей нәтижеге жетеміз.

Сурет 6. Центрлері бойынша тураланған объектілер

Интерактивті ауысу құралын таңдаймыз және шеңберден квадратқа ауысуды жасаймыз, ауысу қадамы 1-ге теңестіреміз (Сурет 7).

Сурет 7. Интерактивті ауысу құралының жұмысы

Енді негізгі менюден Фильм-Құрамадан тізбектер құру (Фильм->Создать последовательность из смеси (Movie-> Create Sequence from a blend)) командасын таңдаңыз (Сурет 8).

Сурет 8. Команданың орындалу реті

Cjrel RAVE программасы өзі автоматты түрде кілттік кадрды және ауысу процессіне арналған фильмді құрады. Тек қана фильмнің көрсету уақытын ұзарту керек (Ол үшін Уақыт шкаласындағы (TimeLine Docker) сызықтың ұзындығын ұзарту керек (Сурет 9)).

Сурет 9. Ойнату уақытын көбейту

Енді ойнату батырмасына басып, жұмыс нәтижесін тамашалаңыз

Енді шеңберден квадратқа ауысу процесін орындайық. Ол үшін уақыт шкаласындаңы қисықтың көшірмесін аламыз. Яғни + пернесінің көмегімен немесе Ctrl+C->Ctrl+V пернелерінің көмегімен, және қисықты сурет 10-да көрсетілгендей етіп орналастырамыз.

Сурет 10. Уақыт шкаласын қосу

Көшірме ретінде қойылған сызықтың терезенің оң жағында орналасқан терезеден төртбұрыштығ атауына тышқанның оң жағын шертеміз, ашылған менюден Реті- Ретін айналдыру (Порядок->Инверсный порядок (Order->Reverse Order)) командасын таңдаңыз (Сурет 11).

Сурет 11. Команданың орындалу реті

Бұл команданы бас менюдің көмегімен де орындауға болады: Фильм->Двойник->Обратить двойник (Movie->Tween->Turn Tween) (Сурет 12).

Сурет 12. Фильмнің орындау ретін ауыстыру

Ойнату батырмасына басып, жұмыс нәтижесін тамашалаңыз.