Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2509a287-5020-11e3-a305-f6d299da70eeУМК-ББМ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Қысқаша конспект

Көлемді мультипликация

Көлемді мультиплекацияның жұмыс істеу принципі ол қуыршақтардың немесе обьектілердің қимылдарын обьемді түрде кезекпен түсіру болып табылады.

Көлемді мультиплекацияларды түсіруді макетті түсірулердің біріне жатқызуға болады. Сонымен қатар обьемді мультиплекацияда қозғалысты анализдеу және синтездеу принциптері мен қозғалысты уақыт пен кеңістікте есептеу салынған мультиплекациядағы сияқты.

Көлемді мультиплекацияда сурет салуды басты қиыншылығы ол образдардың жарықтандыруын дұрыс қамтамасыз ете алмайды. Егер де салынған мультиплекацияда суретші көлеңкені обьектіден бөле алады немесе оны мүлде жойып жібереді, ал обьемді обьектілерді түсіргенде олай істеуге мүмкін емес.

Осындай кино түсіру кезінде жарықтың маңызды екенін көреміз, осыдан байқайтынымыз оператордың жұмысының күрделілігі. Көлемді мультиплекациялық фильмдерді қуыршақтықпен шатастыруға болмайды, бірақ ол екеуінде де негігі обьектілер қуыршақтар болып келеді. Бірақ ол қуыршақтар әр түрлі. Айырмашылығы олардың құрылысында ғана емес, сонымен қатар оларды түсіру ерекшелігінде. Көлемді мультипликациялық қуыршақты кадрлық реттілікпен түсіреді, және әр кадрда да оны суретші мультипликатор қозғалтып отырады. Ондай қуыршақты кез келген түрде түсіре беруге болады. Қуыршақты фильмдерде театрлық қуыршақтарды түсіреді, және олармен театр әртістері жұмыс істейді. Бірақ ондай қуыршақтарды толық планмен түсіруге болмайдв, кеңістікте қозғалтқанда олардың аяқтарын көрсетуге де болмайды. Сондықтан оларды тек орташа және толық үлкейтілген планда ғана түсіреді. Тағы кішкене қуыршақтар бар. Олардың қозғалысын жіңішке растяжкалар арқылы жасайды. Ол қуыршақтарды толық бойымен түсіруге болады. Растяжка жіптер жалпы планда онша байқалмайды ал үлкейтілген планда олар байқалып тұрады.

Көлемді мултипликацияны түсірудің техникасы оның спецификасына байланысты, яғни ұзақ уақыт ішінде кадрларды кезектеп түсіру. Кадрларды кезектеп түсіру ұзақ уақытты алады, сол аралықта оның жарығы сапасы өзгеріссіз қалу керек. Жарықты мүлтіксіз түсіру ол қуатты реттеу құрылғылары немесе реттелетін автотрансформаторлар мен вольтметрлердің көмегімен жүзеге асады. Суреттін жарығының ұрыс болуы ол жарық түсіргіш құрылғылардың дұрыс орнатылуында. Егер жарық түсіргіш құралдар стендерде немесе төбелерде орналасса жақсы болар едеі, олар факетке камераның келуіне кедергі жасамаушы еді. Жарықты дұрыс түсіру үшін жарық түсіргіш құрылғыларда сәйкесінше пердешелер, тартқыш торлар, тубустар және басқа да қосымша құрылғылар болуы керек.

Кадрларды кезекпен түсіру кезінде аппараттын қозғалысы үзілістермен жүргізіледі, экспонировка кезінде аппарат қозғалыссыз қалады. Осындай жағдайда аппараттың қозғалысының жылдамдығы туралы ғана айту керек, экранда алатын әсер туралы. Ол екі шартқа байланысты болып келеді: кадрдың сценарийлік ұзындығынан және макеттің ұзындығынан. Сценарилік өлшемді біле отырып және аппараттын орын өзгерту қашықтығын біле отырып кинокамераның әр түсірілетін кадрға есептейді. Мысалға, кадрдың сценарийлік ұзындығы 5 метр, аппараттың орын ауыстыру ұзындығы осы макетте -1метр. Жолдын ұзындығын сценарийлік өлшемге бөлеміз де әр кадрға байланысты аппараттың орын ауыстыру керек қашықтығын анықтаймыз.ол шамамен 0,4 см-ге тең болады.

Динамикалық композициялар кадрлардың өлшемдерін дұрыс анықтау арқылы аппараттын кішкене арбалардың қозғалысы арқылы орындалады. Камералардың көлемінің кікенелігіне байланысты крандардың қарапайым конструкциясын қолдануға мүмкүндік береді, және макеттін күрделі қозғалыстарын бейнелейді.

сурет 1. Мультипликациялық панорамаларды түсіруге арналған кран

Кейбір камералар өзгермелі фокусты болады, олар обьемді мультипликацияда да динамикалық композиция жасауға мүмкіндік береді.

Қуыршақтардың констукциясы фильмде жасайтын қимылдарына байланысты. Бүкіл әрекетті орындайтын қуыршақты құруға болмайды. Ең қызықты қуыршақ "Новичок" киносына арналып жасалған болатын. Бұл қуыршақ трактор еді, ол өзінің дөнгелектерімен адамның қол аяғының қозғалысына ұқсас көптеген қимылдарды істей алатын. Қастары, көздері және еріндері де қимылдайтын. Еріндері бірнеше өзгермелі элементтен жасалды, ол сөйлесу иллюзиясын беретін еді.

Қуыршақтарды жасаудың ең қарапайым тәсілі шарнирлермен біріктірілген ағаш қуыршақтар. Осы принципті басшылыққа ала отырып балалардың ойыншықтарын жасайды, сол ойыншықтарды да мультик түсіруге қолдануға болады. Ондай қуыршақтардың қозғалысы шектеулі. Негізінен олардың бастары, қолдары, аяқтары ғана қозғалады. Ол қуыршақтардың кейбір бөліктері мысалы аяқтары ауыспалы етіп жасалады.

сурет 2. Жұмсақ сымнан және ағаштан жасалған қуыршақтың денесі

Қуыршақтың қозғалыстарын көбейту үшін оның каркасын жұмсақ сымнан жасайды. (сурет 2). Қуыршақтың қаңқасын материямен жабады, немесе паралонмен жабады да керекті пішінге келтіру үшін қайшымен артық жерлерін кесіп тастайды.

Сурет 3. Шарикті шарнирлері бар қуыршақтың қаңқасы:

а - құралған түрдегі қаңқасы; б –біріктіргіш винттермен шариктік шарнир.

Кадрларды кезекпен түсіруде қуыршақтардың макетте орналасуы өте маңызды болып табылады. Ол металдан жасалған штифтер (тонких гвоздей) арқылы орындалады. Осындай штифтер қуыршақты ұстап тұрады, макеттің негізін ағаштан жасайды. Подмакетник — бұл негізінен көп жағдайларда макеттің өңделген ағаштан алаңқайы. Штифтердің орнына қуыршақтарды тіреуіштер арқылы, растяжкалар арқылы орнатуға болады, тек олар камераға көрінбесе болғаны. Ең ауыры қуыршақтардың секіргенін немесе ұшқаның түсіру болып келеді, үйткені фигураның қозғалысын түсіріп қана қоймай оның кеңістікте еш тіреуішсіз ұшын көрсету керек.

Ол үшін көп жағдайда жіңішке жіптер мен сымдар қолданылады. Жіптерді блоктардан асырып жіберіп олардың сондарына жүкшелер іліп қояды; фигурканың салмағы оны бұрып жібермес үшін блогтар оны ұстап тұрады. Жіптер мен сымдар жіңішке болып қана қоймай сонымен қатар түстері фонмен түстес болуы керек.

Көлемді мультипликацияның көмегімен қалжын кинолар түсіруге болады. Мысалы, кері мультиплекациялық түсірілімді қолданып, пластилиннен немесе саз балшықтан белгілі бір бейнені жасауға болады. Шахматтық есептерді шешуге болады, балалар ойыншықтарын тірілтуге болады және олар кішігірім көңілді балалар киносына себеп болады.

Көлемді мультипликацияның тәсілдері макеттегі қозғалыстарды жасау үшін де қолданылады. Сондай арқылы кішігірім макеттерде самалеттерді ұшуын, автомашиналардың жүруін, крандардың және басқа да техниканың жұмысын жасауға болады.

Көлемді мультипликация үйлесімді түсірілімнің басқа да әрекеттерімен үйлеседі. Кадрды маскалармен және контрмаскалармен экспонировать етіп кадра бір уақытта адамның немесе жануардың бейнесін қуыршақытың бейнесімен қатар ойнатуға болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Көлемді мультипликация

  2. Көлемді мультиплекацияның жұмыс істеу принципі

  3. Көлемді мултипликацияны түсірудің техникасы

  4. Көлемді мультипликацияның тәсілдері

Дәріс 4

Тақырыбы: Компьютерлік анимация

Мақсаты: Анимация түсінігімен танысу