- •Пәнін оқыту-әдістемелік кешен
- •5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістер
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Зертханалық сабақтар Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •- Мөлдір жабында қабатталған анимация-
- •Зертханалық жұмыс №3
- •- Әрбір қабаттағы суреттер -
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Сплайндарды құру негіздері
- •Дене айналымы. Lathe модификаторы
- •Lathe қолдану мысалы. Вазаны құру.
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Студенттердің оқытушымен өздік жұмыстар жоспары
- •Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:
- •СөЖді орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау бойынша нұсқаулар
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары:
- •3Ds max программасында сплайндарды құру негіздері
Қысқаша конспект
Жазықтық анимация
Дэкрнада 10-12 минуттық мультфильм көрсету үшін обьектінің әр қимылын көрсететін көп суреттер салу керек. Белгілі бір қимылды сурет арқылы көрсету үшін, оны белгілі бір фазаларға бөлу керек. Мысалы, жүріп бара жатқан адамды киноаппаратпен түсіргеннен кейін, оның пленкасын лабаратоиялық өңдеуден өткізгеннен кейін біз оның әр кадрында адамның әр қимылының фқозғалыс фазаларын көреміз. Проектордың көмегімен немесе әр бейненін проекторының көмегімен әр қозғалысты ақ қағаз бетіне көшіріп салса, онда сол қимылдарды киноаппаратпен түсіруге болады. Экранда жүріп бара жатқан адамның салынған суреті шығады.
Балдақпен жүрген адамды өңдеу арқылы циркульдің қозғалысының фазаларын, пілдің жүрісінің арқасында тірілген столдын жүрісін салуға болады және т.б. көптеген қозғалыстар циклдік және бір қимыл бірнешерет қайталана беретін фазалардан тұрады.
сурет
1. Жүгіріп бара жатқан адамның қозғалысының
циклдік фазалары
Сонымен жүгіріп бара жатқан адамның цикілі негізгі 11 фазадан тұрады (сурет 1), бұғының шабысынын циклі де негізгі 11 фазадан тұрады. (сурет 2).
сурет
2. Бұғының шабысынын циклдік қозғалысынын
бейнесі
Ал түйеқұстың жүрсінің циклі негізгі 6 фазадан тұрады. (сурет 3) . қозғалыстың циклі фазалаарды салуды әжептәуір жеңілдетеді. Салынған фазалардың бір циклін ала оытырып обьектінің қозғалысын ақырсыз ұзақ етуге болады.
сурет
3. Түйеқұстың қозғалысының циклі
Бірдей қозғалыстарды қайта қайта өңдемес үшін көптеген киностудияларда адамдардың, жануарлардың, және т.б. обьектілердің қайталанатын қозғалыстары бар таблицалар-альбомдар қолданады. Сондай альбомдар суретшінің фантазиясына байланысты тірі және өлі денелердің әр алуан қозғалыстарын салуға мүмкіндік береді. Салынған фазаларды дайындаудың көптеген жолы бар. Соның қарапайымы альбомдық түрі. Қозғалыстың фазалары графикалық сызықтық сурет ретінде слынады. Кеіпкер жүрген фон және түгел құрамы сондай шартпен салынады. Фонды және фазаларды бір бетке салады. Суреттерді үйлестіру үшін айна стол қолданылады. (сурет 4). Сондай дайындалған беттерді тәртіп бойынша реттейді және сол рет бойынша фильм де түсіріледі.
сурет 4. Салынған фазаларды өңдеуге арналған құрылғы
Альбомдық тәсілдің ең басты кемшілігі ол статикалық фонды негізгі обьектін қозғалыс санына байланысты қайталау керек болады. Сондықтан фонды жеке салып алып оның үстінен салынған негізгі обьектінің фазаларын қоятын болды. Осындай жағдайда фонды күрделі қылып салуға болады. Суретті салуды жеңілдету үшін обьектінің әр мүшелерін қиып алады, мысалға бастың бір кесіндісі немесе дененің бір қалыптағы қолдың кесіндісі. Сондай қиылған элементтер шарнирлі сым арқылы бір обьектіге біріктіріледі сурет 5).
сурет
5.Шарнирлік фигуркалар
Шарнирлік фигуркаларды жасау тәсілі қарапайым. Фигураның барлық бөліктерін (бастары, қолдары, аяғы т.б.) жеке жеке сәулелі столда салып картон қағазға салады және кеседі. Кесілген бөліктерді сым арқылы біріктіреді. Эмоциялық күйді көрсету үшін кейбір кездерде басты салынып алынатын қылып етеді.Шарнирлік загатовкаларды техникалық мультиктерде қолдануға болады. Ол 6 суретте көрсетілген. Шарнирлік загатовкалар көмегімен іштен тұтанатын мотордың жұмыс істеу принципін көрсетуге болады.
сурет
6. Іүтен тұтанатын мотордың жұмыс істеу
принципін көрсету үшін шарнирлік
загатовкалар:
а – мультипликациялық загатовканың негізгі бөліктері; б – құрастырылған күйіндегі шарнирлі мультиплекациялық загатовкасы;
Көптеген жағдайларда фотографилық бастырулар тәсілін қолдануға болады, олар бірінші түсірілген финоның негізінде орындалады. Мысалға шынайы өмірден бір обьектіні киноға түсіріп алып, оның қозғалыс фазалары мен өзін қиып алып мультиплекацияға қосса онда шынайы өмірдегі обьектісі бар мультик шығады. Ол үшін фотоотпечатоктар түсі, өңі жағынан бірдей болып еш техникалық ақаулары болмау керек. Фотографияларды қиған кезде түсіру кинооаппаратынан суреттерді салған қағаздың қалындығы көрінбеу крек.
Түсірілімді бастамаш бұрын, түсіру парағын дайындап алу керек, онда әр қозғалыстың неше фзасын және басуларн салу керек. 1 секунде 16 немесе 24 кадр ойналып өтеді деп есептелінеді.
Бақылау сұрақтары:
Анимация түрлері.
Анимация жасау технологиялары қандай?
Дәріс 3
Тақырыбы: Көлемді анимация
Мақсаты: Анимация түсінігімен танысу
