- •Пәнін оқыту-әдістемелік кешен
- •5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістер
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Зертханалық сабақтар Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •- Мөлдір жабында қабатталған анимация-
- •Зертханалық жұмыс №3
- •- Әрбір қабаттағы суреттер -
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Сплайндарды құру негіздері
- •Дене айналымы. Lathe модификаторы
- •Lathe қолдану мысалы. Вазаны құру.
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Студенттердің оқытушымен өздік жұмыстар жоспары
- •Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:
- •СөЖді орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау бойынша нұсқаулар
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары:
- •3Ds max программасында сплайндарды құру негіздері
Қысқаша конспект
Классикалық мультипликацияның үрдістері
Уолт дисней мультипликаторларының ашқан және кейін бүкіл әлем мультипликаторлары қолданып жүрген үрдістер.
олар:
қысу және созу,
дайындау немесе алдын алу,
сценичность,
"тура салу" және "қалыптан қалыпқа" сурет салу,
Ақырын кіріп шығу,
доғалар,
екінші ретті әрекеттер,
timing, немесе уақытты есептеу
астыртым үлкейтіп суреттеу,
"қатты" (профессиональный) сурет,
тартымдылық.
1 Принцип. Қысу және созу.
Мультиплекацияның бірінші принципі қарапайым әрі өте маңызды. Ол негізгі болып табылады. Оның көмегімен кейіпекрді тірілтіп экранда қозғалыс иллюзиясын тудырады. Ол қозғалыс кезінде әр дене қысылады және созылады деген үрдісті басшылыққа алады.
Бұл мысалды секіріп тұрған доп мысалы арқылы түсіндіруге болады. Назар аударыңыз шар доғаның жерге тиген жері қысылады да, жерден ажыраған сой созылады. Бұл қысылулар мен созылулар қозғалысты шыншыл етіп көрсетеді. Ол адамның көзіне шардың қалай секергенін көрсетеді.
Осы манипуляцияларды басқа да денелерге қолдануға болады
2 Принцип. Дайындау немесе алдын алу
Сіздер білесіздер кейіпкер секірмес бұрын кішкене бүгілуі керек. Әрбір әрекетке бармас үшін сол әрекетке дайындалу керек. Алдын алу көрерменге не болатынын хабарлайды. Көрермен допты созған кейіпкерді көріп оның допты қазір лақтыратының түсінеді.
3 Принцип. Сценичность
Кез келген оқиғада оның сюжеті және оны қалай көрсетілуі маңызды. Экрандағы көрініс көрерменге арналған сондықтан кез келген іс қимыл нақты, анық, танымал болуы тиіс.
Адамның түр әлпеті сценично, егер эмоцисы түр әлпеті ақылы берілсе онда оның көңіл күйін білуге болады. Кейіпкердің мінеі танымал болуы керек, бөлшектері – анық көрінуі тиіс, мәтіні – жетімді болуы керек. Кейіпкердің қозғалысының қимылдары киіммен жасырылмауы немесе камераның назарына алынбай қоймауы керек.
Бұл 2D...да. Ал 3D графикада қалай? Дәл солай. Ол дегеніміз әрбір кадр онда не болып жатқаның анық көрсетуі керек.
4 Принцип. "тура салу" және "қалыптан қалыпқа" сурет салу
Мультиплекация құрудың екі түрі болады - "тура салу" және "қалыптан қалыпқа" сурет салу.
"Тура салу" дегеніміз, бір кадрдан сон келесі кадрдағы суретті салу. Бұл өте белсенді сценаларды салған кезде қолданылады.
"Қалыптан қалыпқа" дегеніміз, ол бүкіл сцена үшін кілттік позаларды салу, сонан соң ол позалардың арасындағы кадрларды саламыз. Бұл әдіс мультипликацияда өте кең таралған.
Бұл әдіс 3D графигімен жұмыс істейтін адамдардың барлығына 100% мәлім.
Бақылау сұрақтары:
Мультиплекацияның бірінші принципі
Мультиплекацияның екінші принципі
Дәріс 8
Тақырыбы: Microsoft Power Point бағдарламасында мултимедиялық презентациялар құру
Мақсаты: Microsoft Power Point бағдарламасында мултимедиялық презентациялар құру
Қысқаша конспект
Microsoft Power Point бағдарламасы презентациялық материалдар дайындауға және көрсетуге арналған.
Презентация ағылшын сөзі: presentation - көрсету, таныстыру. Қандай да бір тақырыпқа арналған түрлі түсті суреттер - слайдтардың жиынтығы. Файлдың кеңейтілуі *.ppt, *.pps болады.
Негізгі мүмкіндіктері:
Слайдтардан тұратын презентацияны құру;
Слайдқа мәтін, сурет, бейне және дыбысты кірістіру;
Сызбаны кірістіру;
Мәтінді форматтау;
Гиперсілтемені кірістіру;
Басқару батырмаларын қою;
Слайдтарды сорттау;
Анимация эффектісін және слайд ауысуларын құру;
Презентацияны демонстрациялау.
Windows және оның барлық мазмұнымен Power Point – ты қосқандағы жұмысының технологиялық негізі – OLE принципі, яғни объектіні байланыстыру және енгізу принципі. Ол әртүрлі мазмұнда берілгенднрді біріктіре отырып қолдануды және әртүрлі типтегі объектілерді бір құжатқа жинау. Слайд құжаттың беті. Слайд – көп қабатты құрылым. Таңдалған фонға мәтінді, бейнені және басқа объектілерді қоюға болады. Слайд объектілерінің презентациясын демонстрациялау кезінде олардың белгіленген уақыт аралығында пайда болуын алдын ала баптауға болады. Анимация эффектісі – объектілердің пайда болу тәсілдері. Әрбір слайд объектісіне эффектіні таңдауға болады. Слайд ауысуларының эффектісі – бір слайдтан келесі слайдқа ауысу, сондай – ақ нұсқалар жиынынан таңдауға болады. Үш өлшемді бейне және эффект 3D эффектілері деп аталады (3 Directions, яғни үш өлшемді).
Мультимедиалық презентацияның классафикациясы. Мультимедиалық презентацияны оқу үрдісінде үш типке бөлуге болады: статикалық, интерактивті және квазинтерактивті.
Статикалық мультимедиялық презентация деп жұмыс кезінде оқушы ақпараттық материал слайдтарын ауыстыра отырып оқи алады, бірақ слайдтың мазмұнын өзгерте алмайды (мысалы, слайдта қандай да бір берілген сұраққа, мәтінге жауап жазуға, бірнеше берілгендердің дұрыс жауабын белгілеуге т.с.с.). Статикалы мультимедиялық презентацияны бірден жобалау, яғни презентацияның тақырыбын, слайдтар санын, мазмұнын, құрылымын анықтап алу керек және презентациямен жұмыс жасау кезінде өзгертілмейді.
Интерактивті мультимедиалық презентацияда қолданушы ақпараттық материалды оқу кезінде слайдтың мазмұнын өзгерте алады. Интерактивті презентацияның навигациялық схемасы болып динамикалық және сонымен бірге логикалық кескін «таңдау», «толық развилка», «толық емес развилка» базалық құрылымының көмегімен слайдтар арасындағы ауысулар жүзеге асады. Қолданушының оқу материалын орындау үрдісі кезінде осы ауысулар келесі және одан кейінгі слайдтар арасындағы ауысуларда анықталады.
Интерактивті мультимедиалық презентацияның мүмкіндігін жүзеге асыру үшін MS Office қолданбалы программасы (Power Point программасы), Visual Basic for Applications (VBA) интегралданған программалау тілінің көмегімен программаланған элементтері қолданылады.
Квазинтерактивті мультимедиалық презентация мықты навигациялық схеманы, бірақ қолданушыға тапсырманы екі тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
Тапсырма ауысу слайдындағы элементтер мәзірінде орналасқан гиперсілтеме көмегімен басқа мазмұндағы ортада орындалады.
Жалауша, Поле және Ауыстырып – қосқыш (Power Point инструменттер панелі, Басқару элементтері) басқару элементтері слайдта ауысады. Интерактивті мультимедиялық презентациядан айырмашылығы көрсетілген басқару элементтері программаланбайды және ол қолданушымен өзгереді, сонымен қатар слайд режимінің нақты уақытында бекітіледі. Барлық тапсырмалар орындалып болған соң презентация компьютердің дискісінде сақталады. Екі нұсқаның да қолданып орындаған тапсырмаларының талдауы мен бағасы нақты уақыт режимінде (қолданушының онымен жұмыс істеуі кезінде презентация слайды немесе құжат көрсетіледі), әлде презентацияны немесе құжаттың файлында жазылғанды көрсетуді аяқтағаннан кейін жүргізіледі. Квазимультимедиалық презентацияда слайдтар арасындағы логикалық ауысуларды жүзеге асыру мүмкіндігі, сонымен қатар қолданушының жұмысының нәтижесіне программалық талдау мен бағалау жүргізілмейді. Ескерейік, квазинтерактивті мультимедиялық презентацияға қарағанда интерактивті презентацияның тапсырманы орындау тәсілін қолдану мүмкіндігі бар.
Интерактивті батырма. Web-дизайнында тышқанның көрсеткішін апарғанда түсін немесе формасын өзгертетін интерактивті объекті жиі қолданылады. Жалпы жағдайда бірнеше интерактивті объектілер болады, олардың ішінде жиі қолданылатындар мыналар: Наведение (апару)-тышқаннаң сол жақ батырмасын баспай тышқанның көрсеткішін объектігі апару;
Нажатие (басу) – объектіге тышқанның көрсеткішін апарып, сол жақ батырманы басып ұстап тұрамыз, сол кезде тышқанның сол жағы әлі басылып тұрса, онда объектінің түрі өзгермейді;
Щелчок (басып жіберу) – объектіде тышқанды басып жіберу (келесі рет басып жібергенге дейін жаңа түрі сақталып тұрады);
Наружу – тышқан көрсеткіші объектіден сыртқа шығады.
Интерактивті батырманы құру. Форманың статикалық басқару батырмасының формасынан айырмашылығы және үнсіз келісім бойынша интерактивті эффектіні қою, тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстап тұрғанда батырманың түсінің өзгеруі (интерактивті эффект нажатие) сияқты интерактивті батырманы құру алгоритмін қарастырайық. Алгоритм екі бөлімнен тұрады: алдымен (бірінші кезең) Управляющие кнопки палитрасынан басқару батырмасы бапталады және құрылады, ал сонан кейін (екінші кезеңнен) бұл батырма Автофигуры палитрасының объектілерімен жүзеге асады.
Бірінші кезең жүзеге асу үшін «Статикалық басқару батырмасы» бөлімінде сипатталған әрекеттерді орындау.
Екінші кезең жүзеге асу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Құрылған батырма ерекшеленбесе қайта ерекшелеңіз.
Рисование панелінде орналасқан Действия батырмасына басыңыз. Менюден ашылған Изменить автофигуру пунктін таңдаңыз. Автофигура түріндегі тізімдер панелі ашылады (онда сызық түріндегі фигуралар болмайды).
Тізімнен қажетті автофигура түрін, содан кейін қажетті автофигураны таңда. Мысалы, «улыбающееся лицо» («күлімдеген әлпет») 25-сурет. Басқару батырмасы таңдалған автофигура түрін қабылдайды (33-сурет) және тышқан батырмасын басқандағы әсер ететін интерактивті батырманы аламыз. Интерактивті батырманы құру кезінде Настройка действия диалогтік терезесіндегі Выделить жалаушасы үнсіз келісім бойынша белсенді болады.
25-сурет. Интерактивті батырманы құру
Гиперсілтемені баптауда интерактивті батырманы өзгертуге болады. Ол үшін батырманы ерекшелеп, онда тышқанның оң жағын басамыз, сонда шыққан жанама менюден Гиперсілтеме командасынан Удалить гиперссылку, әлде Изменить гиперссылку командасын таңдау. Командаларының бірін таңдаған кезде Добавление гиперссылки диалогтік терезесі шығады.
Интерактивті батырманың қасиеті. Power Point программасында үш түстен құралған: қызыл (R), жасыл (G) және көк (B) RGB түстер моделі қолданылады. Әрбір түс 256 (0-ден 255-ке дейін) интенсивті (яркость) деңгейден тұрады. R,G және B түстерінен 16 777 216 монитордағы 24 разрядты видеоплата түрлі-түсті түстерді алуға болады.
Интерактивті батырманы құрып, одан кейін оны бояймыз. Бояу үшін интерактивті батырманы ерекшелейміз де, Рисование саймандар панеліндегі Цвет заливки батырмасына басамыз, Другие цвета, Спектр командаларын орындаймыз және Цвета диалогтік терезесінде келесі мәндерді қойыңыз: қызыл – 210, жасыл – 130, көк – 34.
Интерактивті батырма Құрылған интерактивті батырма Наведение эффектісін басқарады,егер оған тышқан көрсеткішін апарып тышқанның сол жағын басып ұстап тұрсақ интерактивті батырманың түсі қосымшаға ауысады (на допалнительный).
Қосымша түс R,G және B негізгі түстердің құрайтын әрбірінің мәні және 255 түстер араларының біріне есептеледі.
26-сурет. Тышқанның сол жағын
оған дейін және сол уақытта басудың
интерактивті батырмасы
Әрекеттерді баптау диалогтік терезесімен жұмыс
4-кестеде көрсетілгендей, Настройка действия диалогтік терезесі алғашқы екі объекті типімен жұмыс істегенде және қалған объектілер үшін Добавление гиперссылки диалогтік терезесін параллель қолдану мүмкіндігін өздігімен пайдаланады.
Настройка действия диалогтік терезесі (24 және 25 суреттер) екі ауыстырып – қосқыштан тұрады: Тышқанды шерту (по щелчку мыши) және Тышқан көрсеткішін апару (По наведению указателя мыши). Тышқанды шерту ауыстырып – қосқышын таңдағанда слайдты көру кезінде тышқан көрсеткішін басқару батырмасына апару және сол кезде тышқан көрсеткіші қол түріне ауысады, батырмада тышқанды басу. Гиперсілтеме белсенді болады. Тышқан көрсеткішін апару қосқышын таңдасақ, слайдты көру процесі кезінде гиперсілтеме тышқан көрсеткішін басқару батырмасына апарған кезде белсенді болады.
Файлмен, веб-бетімен байланыстырудың меню элементі. Меню элементін файлмен, веб-бетімен байланыстыру алдын ала құрылған бірнеше қолданбалы программалар ортасында құжат файлын жүктеуді қамтамасыз етеді, мысалы Word, Excel, Power Point, Paint және т.б. орындалған файлды жүктеу, сонымен қатар Интернетте веб-бетін ашу. Мысалы, оқушы қатардағы сұрақтарға жауап беріп, Word мәтіндік редакторында құрылған слайдтардың біреуінің файлын ашуды керек ететін квизинтерактивті презентациямен жұмыс істейді немесе Windows программасындағы Калькулятор көмегімен есептеуді жүргізеді немесе Paint графикалық редакторында салынған сурет файлын ашу, осы суретті бояйды. Оқушы қажет болса гиперсілтеме арқылы интернетте веб-бетіне кіре алады. Және қажет ақпаратты алады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін файлдар сақталып жабылады және белсенді слайдқа қайту жүзеге асырылады.
Бақылау сұрақтары:
Microsoft Power Point бағдарламасында мултимедиялық мүмкіндіктері қандай?
Мультимедиалық презентацияның классафикациясы.
Мультимедиалық презентацияның неше типі бар?
Статикалық мультимедиалық презентация дегеніміз не?
Дәріс 9
Тақырыбы: Power Point программасында презентацияға flash – фильмдер мен видеоклиптерді қою
Мақсаты: Презентацияға flash – фильмдер мен видеоклиптерді қоюды
үйрену
