Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ емтихан.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

Ақауды түзету бойынша шығындар есебі

Түпкілікті ақау бойынша барлық шығындар өндірісте өндірілетін өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Түзетуге келмейтін ақау өзіндік құны шығындарының сомасына келесі баптар кіреді:

– шикізат пен материалдар;

– жалақы;

– жалақыдан аударымдар;

– қондырғыны күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша шығындар;

– басқа шығындар.

Жөндеуге келетін ақаудың өзіндік құны шығындарының сомасына келесі баптар кіреді:

– ақауды жөндеу үшін жұмсалған шикізат пен материалдар;

– ақауды жөндеуді жүзеге асырған жұмысшылардың жалақысы;

– жалақыдан аударымдар;

– ақауды жөндеуге жұмсалатын қондырғыны күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша шығындар үлесі;

– ақауды жөндеумен байланысты басқа шығындар.

Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі

Материалдардың, еңбек және ақшалай ресурстардың өндірістік шығындары, өңдеудің технологиялық режимінің бұзылуы, жұмысшылар біліктілігінің төмендігі, өндірістің нашар ұйымдастырылуы нәтижесінде пайда болатын өндірістегі ақаулықтан болатын шығындар жататын өндірістік шығындарды жүйелі түрде қысқарту ішкі резерв есебінен өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын төмендетудің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады.

Өндірістегі ақау деп сапасы бойынша белгіленген стандарттар немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін, сол себепті тікелей мақсаты бойынша қолданылмайтын немесе оларды түзетуге қосымша шығын жұмсалғаннан кейін қолданылатын бөлшектер, түйіндер мен бұйымдарды атайды.Анықталған жарамсыздықтың сипатына қарай ақауды түпкілікті (түзетуге келмейтін) және жөндеуге болатын деп ажыратады.Түпкілікті ақау деп техникалық тұрғыдан түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзету тиімсіз өнім ақауын атайды.Жөндеуге болатын ақауға жарамсыздықты жою техникалық жағынан мүмкін және экономикалық жағынан тиімдісін жатқызады.Кәсіпорында өнімді сатып алушыға жеткізгенге дейін анықталған ақауды ішкі, ал сатып алушы анықтаған ақауды сыртқы ақау деп атайды.

Кәсіпорынға өнім сапасын бақылау жүйесін орнатқанда өндірістегі ақауды анықтаудың әрбір жайтын құжат түрінде рәсімдеу қарастырылады.Анықталған ақауды ақау туралы актімен (немесе ақау туралы хабарландырумен) рәсімдейді. Онда ақауды анықтау уақыты мен орнын, себептері мен оған айыптыларды сипаттайтын егжей-тегжейлі мәліметтер, сондай-ақ ақаудың өзіндік құнын анықтау үшін керекті есеп айырысу мәліметтері мен айыптыдан ұсталатын сома көрсетіледі.Егер жарамсыз бөлшек ақауды түрлі цехтарда анықтағанға дейін өңдеуден өтсе, түпкілікті ақаудың құны актіде әрбір цехтың шығындары бойынша бөлек есептеледі.Ақау туралы акті негізінде бұйым түрлері бойынша ақаудың өзіндік құнының калькуляциясы, себептер мен айыптылар бойынша ақау есебі жасалады; оларды ақаулы өнімдердің ақау изоляторына уақтылы өткізілуін бақылау үшін пайдаланады, бұл ретте ақауға айыптыдан залалдың сомасы ұсталып қалынады.Анықталған ақауды түзету сол ақаулыққа жол берген жұмысшылардың өзіне жүктелген жағдайда аталмыш акті толтырылмайды. Егер ақауға нақты кімнің айыпты екенін анықтау мүмкін болмаса, ақаулы бөлшектерді түзету үшін басқа жұмысшыларға беру керек, бұл ретте ақау туралы акті ақауды түзетуге рұқсат жазып беруге негіз бола алады.