- •«Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуы. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.
- •Ақауды сатудан түскен табыстар есебі
- •Ақауды түзету бойынша шығындар есебі
- •Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі
- •Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы
- •Аяқталмаған өндірісті түгендеу
- •Аяқталмаған өндірістің бағалануы
- •Аяқталмаған өндірістің мәні
- •Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.Б. Резервтер құру
- •Басқа шығындардың есебі. Өндірістегі ақаулар есебі.
- •Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыру.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері.
- •Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.
- •Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.
- •Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі
- •Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар.
- •Директ - костинг» жүйесі. «Маржиналдық табыс» түсінігі
- •Еңбек ақы төлеу және еңбек ақыдан есептелетін аударымдар шығындарының есебі
- •Еңбек ақы төлеу шығындар есебінің мақсаты
- •Еңбек ақы төлеуден есептелетін аударымдар есебі
- •Есеп және калькуляциялау объектілері бойынша шығындардың қосылуы, шығындарды жинақтау процесі ретіндегі жиынтық есеп
- •Есепке алынатын, есепке алынбайтын шығындар мен табыстар (алдағы кезең шығындары және өткен кезең шығындары).
- •Есептің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен айрықша белгілері.
- •Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.
- •Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері.Дисконтталған ақша ағымы, таза тіркелген құн, табыстылықтың ішкі мөлшері.
- •Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі.
- •Көмекші өндірістердің есеп объектілері мен калькуляциялау объектілері
- •Көмекші өндірістердің өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсеткен қызметтер құрамы мен сипаты бойынша түрлері
- •Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сапалары.
- •Қабылданған баламалық бағыт нәтижесіндегі жорамалдағы шығындар.
- •Қорлардың өзіндік құнын бағалау.
- •Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау.
- •Материалдардың тасмалдану мен орын ауыстыру шығындарының есебі
- •Материалдық шығындар есебі
- •Мерзімдік шығындардың таратылуы
- •Натуралды бірлік әдісі, сатудың таза құн әдісі.
- •Негізгі өндіріс есебі.
- •Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы.
- •Негізгі, үстеме, жанама, тікелей шығындар, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.
- •Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысының есебі.
- •Өндіріс көлеміне қарай шығындардың динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындар.
- •Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.
- •Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.
- •Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқулар түрлері, болу себептері. Ақаудың құнын анықтау.
- •Түзелмейтін ақаудан шеккен шығындар есебі.
- •Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру.
- •Ұйымдардың әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі
- •Үстеме шығындар есебі.
- •Үстеме шығындар құрамына кіретін еңбекке ақы төлеудің есебі
- •Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.
- •Шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтаудың тапсырыстық әдісінің негізі.
- •Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі.
- •Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.
- •Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.
- •Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау: өнімнің өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі.
- •Шығындарды топтастыру және бөліп тарату.
- •Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.
- •Шығынды бөлудің функционалдық жүйесі.Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •Эквиваленттік өнім, нормативті және нормативтен тыс шеккен шығын
Шығындарды топтастыру және бөліп тарату.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.
Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.
Шығындарды жіктеудің осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен «шығын» деген ұғымның өзін жете түсіну қажет. Шығындар – бұл қолдағы барың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субъектінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар. Шығындарды жіктеудің негізгі мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету. Сондықтан жіктеудің әдістері басшының алдында тұрған нақты мәселелерден тәуелді болып келеді. Басқару есебінің осындай негізгі мәселелеріне мыналар жатады:
1. Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар туралы есептік мәліметтерді алу болып табылады;
2. Екінші бағыт – өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды болашақ өндірістік шығындар мақсатында пайдалану және дұрыс шешімдер қабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды осы ақпараттармен қамтамасыз ету;
3. Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар орталықтары бойынша да, жауапкершілік орталықтары бойынша да есепті ұйымдастыру.
Осы келтірілген мәселенің әрқайсысын шешуде шығындардың өзіндік жіктелуі жасалады.
Шығындардың пайда болу орындары, калькуляциялау объектілері, жауапкершілік орталықтары бойынша талдамалық есепті ұйымдасытыру. Шығындарды жіктеудің негізгі мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету. Сондықтан жіктеудің әдістері басшының алдында тұрған нақты мәселелерден тәуелді болып келеді. Калькуляциялау объектілері болып – шығындарды тасымалдаушлар саналады. Өндірілетін өнімнің технологиясы мен сипатына байланысты калькуляциялау объектілері болып – жеке өнімдер немесе толықтай немесе жартылай аяқталған өнімнің топтары, жартылай фабрикаттар, біртипті өнімдердің партиясы, тапсырыстар, құрылыс объектілер, құрылыстың аяқталған сатысы, жұмыстар мен қызметтердің түрлері болады. Әрбір объектінің калькуляциялық бірліктері болады. (тн, метр, ц, кг, дана, шартты бірліктер м2, м3 және т.б.)Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтау үшін екі калькуляциялық шот қолданылады: негізгі өндіріс шоты 8010 және көмекші өндіріс шоты 8030.Негізгі өндіріс шотының Дебеті тиісті шоттардың кредиті өндіріске жұмсалған тікелей шығындардың мөлшерін көрсетеді, материалдар, еңбек ақы, еңбек ақыдан аударымдар.Дт 8010 Кт 1310, 3350. Жанама шығындар алдын ала үстеме шығындар құрамында есептеліп, содан соң белгіленген бөлу базалары арқылы негізгі өндістегі өндірілген өнім және аяқталмаған өндіріс арасында таратылады. Үстеме шығындарға: машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, жылу, энергия, жарық, аренда, қызмет көрсетуші персонадардың еңбек ақылары және т.б шығындар жатады. Көмекші өндіріс шығындары есепті мерзім ішінде көмекші 8030 штында жинақталып, есепті мерзімнің аяғында негізгі өндіріске апарылады. Есепті мерзімнің соңында өндірілген өнімнің өзіндік құнны анықтау үшін алдыменен түгендеу және жедел есеп арқылы есепті мерзімнің аяқталмаған өндіріс көлемін анықтап, бағалайды, содан соң аяқталмаған өндіріс құнына шығындарды қосып, одан ақау болған өнімнің сомасын азайта отырып, есепті мерзімнің аяғында аяқталмаған өндірістің көлемін есептеп шығарады.
