- •«Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуы. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.
- •Ақауды сатудан түскен табыстар есебі
- •Ақауды түзету бойынша шығындар есебі
- •Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі
- •Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы
- •Аяқталмаған өндірісті түгендеу
- •Аяқталмаған өндірістің бағалануы
- •Аяқталмаған өндірістің мәні
- •Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.Б. Резервтер құру
- •Басқа шығындардың есебі. Өндірістегі ақаулар есебі.
- •Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыру.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері.
- •Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.
- •Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.
- •Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі
- •Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар.
- •Директ - костинг» жүйесі. «Маржиналдық табыс» түсінігі
- •Еңбек ақы төлеу және еңбек ақыдан есептелетін аударымдар шығындарының есебі
- •Еңбек ақы төлеу шығындар есебінің мақсаты
- •Еңбек ақы төлеуден есептелетін аударымдар есебі
- •Есеп және калькуляциялау объектілері бойынша шығындардың қосылуы, шығындарды жинақтау процесі ретіндегі жиынтық есеп
- •Есепке алынатын, есепке алынбайтын шығындар мен табыстар (алдағы кезең шығындары және өткен кезең шығындары).
- •Есептің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен айрықша белгілері.
- •Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.
- •Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері.Дисконтталған ақша ағымы, таза тіркелген құн, табыстылықтың ішкі мөлшері.
- •Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі.
- •Көмекші өндірістердің есеп объектілері мен калькуляциялау объектілері
- •Көмекші өндірістердің өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсеткен қызметтер құрамы мен сипаты бойынша түрлері
- •Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сапалары.
- •Қабылданған баламалық бағыт нәтижесіндегі жорамалдағы шығындар.
- •Қорлардың өзіндік құнын бағалау.
- •Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау.
- •Материалдардың тасмалдану мен орын ауыстыру шығындарының есебі
- •Материалдық шығындар есебі
- •Мерзімдік шығындардың таратылуы
- •Натуралды бірлік әдісі, сатудың таза құн әдісі.
- •Негізгі өндіріс есебі.
- •Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы.
- •Негізгі, үстеме, жанама, тікелей шығындар, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.
- •Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысының есебі.
- •Өндіріс көлеміне қарай шығындардың динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындар.
- •Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.
- •Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.
- •Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқулар түрлері, болу себептері. Ақаудың құнын анықтау.
- •Түзелмейтін ақаудан шеккен шығындар есебі.
- •Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру.
- •Ұйымдардың әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі
- •Үстеме шығындар есебі.
- •Үстеме шығындар құрамына кіретін еңбекке ақы төлеудің есебі
- •Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.
- •Шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтаудың тапсырыстық әдісінің негізі.
- •Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі.
- •Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.
- •Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.
- •Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау: өнімнің өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі.
- •Шығындарды топтастыру және бөліп тарату.
- •Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.
- •Шығынды бөлудің функционалдық жүйесі.Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •Эквиваленттік өнім, нормативті және нормативтен тыс шеккен шығын
Аяқталмаған өндірістің бағалануы
Өндірудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім де, тапсырыс беруші де қабылдап алмаған аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындарды құрайды. Аяқталмаған өндірістегі шалафабрикаттың қозғалысы бойынша сандық жедел есебін диспечерлік – жоспарлау бөлімі, ал оның ақшалай түрінднгі есебін кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізеді. Бұл есеп аяқталмаған өндірісте тұрған материалдардың, тораптар мен бөлшектердің жұмыстарын қадағалау және сақтау жағдайын, дайын өніммен аяқталмаған өндіріс арасындағы шығындардың аражігін дұрыс ашуды; аяқталмаған өндірістің кем шығуы мен артық шығуые, ақау мен өнімнің бөлімшілерде бүлінуін анықтауға және тиісті шотқа жататынына байланысты оларды есептен шығарып тастауға арналған.Өндіріте деталбдарды есепке алу бөлшектік-операциялық және бөлшек деп аталатын екі қағиды бойынша бөлінеді.Жеке өндірісте цехтардағы бөлшектердің жылжуы және олардың бір цехтан екінші цехқа берілуі есепке алу операциялары бойынша жүргізіледі. Бұл мақсат үшін маршруттық парақтар мен арнаулы карточкалар пайдаланылады. Жаппай өнім шығаратын және ірі сериялық өнімдер шығаратын өндірістерде цехтар бойынша аяқталмаған өндірістің қозғалысын егжей-тегжейлі есепке алу жүйесі қолданылады. Бұл үшін карточкалар немесе ведомостар ашылады, онда өндірісте бұйымдардың ақауы, жоғалуы және бүлінуі туралы мәліметтер болады. Дайындау цехтарда өндірісте жатқан бөлшектердің саны өнімді есепке алу деректері бойынша анықталады.Бөлшектердің қозғалысын есепке алуды жеңілдету мақсатында олардың цехтан екінші цехқа берілуін бір айлық карталар арқылы жүзеге асырады, ал бөлшектерді құрастыруға босату үшін – жинақтаушы ведомостар бойынша рәсімдеуге болады; жаппай өнім шығаратын өндірістерде бір ай ішінде құжаттарсыз ай соңында жедел есептеу мәліметтерінің негізінде жинауға босатылған бөлшектерді қадағалауға болады. Аяқталмаған өндірістегі қалдықтар былай бағаланады: — шығындарды толығымен дайын өнімге жатқызады, «Өндірісті әзірлеу мен игеруге жұмсалған шығындар», «Ақаудан болған шығындар», «Өндірістен тыс шығыстар» деген баптардан басқа калькуляцияның барлық баптары бойынша іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша анықталады: — дайындық дәрежесін (жаппай және сериялық өндірістерде) ескере отырып, тікелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс нормаларын негізге ала отырып қосымша және жалпы әкімшілік шығындар қабылданған базалық пайызы бойынша таратудың арқасында анықталады. Тоқыма өнеркәсібінде аяқталмаған өндіріс қалдықтарын шикізат пен материалдар шығындарының құны бойынша бағалайды.Жеке-дара өндірістегі аяқталмаған өндірісті әрбір аяқталмаған тапсырыс бойынша шығындарын есептеу жолымен анықтайды. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда түгендеу ерекшеліктері мен аяқталмаған өндірісті бағалау әдістері жеткілікті түрде баяндалған.
Аяқталмаған өндірістің мәні
Аяқталмаған өндіріс — технологиялық ерекшеліктің күшімен белгілі бір сәтте дайын өнімге айналмаған өндірістік ресурстар шығыны.Бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп бөлуді және соған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын екі бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.Басқару бухгалтериясы 8010 – «Негізгі өндіріс», 8020 – «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 – «Көмекші өндірістер» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.Баланстық және басқа да есеп беруді жасау үшін әр бір есепті кезеңнің аяғында басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі. Аяқталмаған өндірістің құнын есепке алу үшін қаржылық бухгалтерияда 1340 – «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің мынадай шоттары көзделген: 1341 — «Негізгі өндіріс», 1342 – «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 1343 – «Көмекші өндіріс» шоттар.Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру: 1341, 1342, 1343, – шоттарының дебеті бойынша 8010 — «Негізгі өндіріс», 8020 — «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 8030 — «Көмекші өндірістер» шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Келесі есепті жылдың басындағы аяқталмаған өндірістің 1341, 1342, 1343, шоттарында есепке алынған құны басқару бухгалтериясына беріледі. Ол операция жоғарыда аталған шоттардың кредитімен 8010, 8020, 8030 шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі. Осылайша 1341, 1342, 1343 – шоттардың дербес маңызы болмайды. Олар аяқталмаған өндірістің құнын қаржы бухгалтериясында есепке алуға және оның қалдықтары туралы деректерді баланста көрсетуге арналған. 1341-1343 шоттар жай шоттар болып табылады, олар өнім түрлері, тапсырыстар, қайта жасаулар мен өндіріс сатылары бойынша талдамалық есебін жүргізуді талап етпейді. 1341-1343 шоттарда есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық есепке алу толық көлемде 8010-8030 шоттарда, яғни басқарушы есептің бухгалтериясында жүргізіледі.
