- •«Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуы. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.
- •Ақауды сатудан түскен табыстар есебі
- •Ақауды түзету бойынша шығындар есебі
- •Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі
- •Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы
- •Аяқталмаған өндірісті түгендеу
- •Аяқталмаған өндірістің бағалануы
- •Аяқталмаған өндірістің мәні
- •Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.Б. Резервтер құру
- •Басқа шығындардың есебі. Өндірістегі ақаулар есебі.
- •Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыру.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері.
- •Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.
- •Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.
- •Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі
- •Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар.
- •Директ - костинг» жүйесі. «Маржиналдық табыс» түсінігі
- •Еңбек ақы төлеу және еңбек ақыдан есептелетін аударымдар шығындарының есебі
- •Еңбек ақы төлеу шығындар есебінің мақсаты
- •Еңбек ақы төлеуден есептелетін аударымдар есебі
- •Есеп және калькуляциялау объектілері бойынша шығындардың қосылуы, шығындарды жинақтау процесі ретіндегі жиынтық есеп
- •Есепке алынатын, есепке алынбайтын шығындар мен табыстар (алдағы кезең шығындары және өткен кезең шығындары).
- •Есептің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен айрықша белгілері.
- •Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.
- •Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері.Дисконтталған ақша ағымы, таза тіркелген құн, табыстылықтың ішкі мөлшері.
- •Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі.
- •Көмекші өндірістердің есеп объектілері мен калькуляциялау объектілері
- •Көмекші өндірістердің өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсеткен қызметтер құрамы мен сипаты бойынша түрлері
- •Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сапалары.
- •Қабылданған баламалық бағыт нәтижесіндегі жорамалдағы шығындар.
- •Қорлардың өзіндік құнын бағалау.
- •Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау.
- •Материалдардың тасмалдану мен орын ауыстыру шығындарының есебі
- •Материалдық шығындар есебі
- •Мерзімдік шығындардың таратылуы
- •Натуралды бірлік әдісі, сатудың таза құн әдісі.
- •Негізгі өндіріс есебі.
- •Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы.
- •Негізгі, үстеме, жанама, тікелей шығындар, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.
- •Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысының есебі.
- •Өндіріс көлеміне қарай шығындардың динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындар.
- •Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.
- •Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.
- •Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқулар түрлері, болу себептері. Ақаудың құнын анықтау.
- •Түзелмейтін ақаудан шеккен шығындар есебі.
- •Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру.
- •Ұйымдардың әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі
- •Үстеме шығындар есебі.
- •Үстеме шығындар құрамына кіретін еңбекке ақы төлеудің есебі
- •Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.
- •Шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтаудың тапсырыстық әдісінің негізі.
- •Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі.
- •Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.
- •Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.
- •Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау: өнімнің өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі.
- •Шығындарды топтастыру және бөліп тарату.
- •Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.
- •Шығынды бөлудің функционалдық жүйесі.Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •Эквиваленттік өнім, нормативті және нормативтен тыс шеккен шығын
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.
Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады. Шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым тәсілінің төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа. Тікелей және жанама шығыстарды барлық шығарылған өнімнің шығындарына белгіленген баптар бойынша есепке алынады. Өнім бірлігінің өзіндік кұнын барлық өндірістік шығындардың дайын өнімнің саны бөлумен анықтайды. Бұл өндірісте бітпеген өндіріс, жартылай өнімдер (полуфабрикат) мен дайын өнімнің кұрамдас бөлігі (гидростанция, құм, балшық, қазу) болмайды.
Екіншісі - дайын өнім мен бітпеген өндіріс арасындағы шығындарды бөлуді қажет (мысалы, ағаш дайындаушы өнеркәсіптің өнделмеген ағаштың 1м өзіндік құнын калькуляциялаған кезде) ететін жерде, бітпеген өндірісі бар кәсіпорындарда қолданылады.Үшінші - бір уақытта өнімнің бірнеше түрін шығаратын немесе қазып шығаратын: жылу мен электр энергиясын шығару; мұнай мен газ өндіру; балықтың сан түрін шығаратын кәсіпорындарға қолайлы. Мұндай жағдайларда шығындарға тұтастай кәсіпорын бойынша, яғни қарапайым тәсілмен есепке алады, ал өнімнің өзіндік құнын қисындастырылған әдіспен калькуляциялайды. Мұнай мен газды өндіргенде энергетикалық шығындар, амортизация, бұрғылардың жерасты жабдықтарын, жөндеуді, қабаттың берерін артыруға, мұнайды айдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды тікелей белгі бойынша мұнайға, ал газ жинау тасымалдау шығыстарын газға жатқызады. Қалған шығыстарды мұнай мен газ арасында кәсіпорынның орташа келісімді бағалары бойынша бағалау мен жалпы өндіруге сайма-сай бөлінеді.Төртінші нұсқаны шығындар есебін процестер немесе бөлістер бойынша бұл процестер немесе бөлістердін өнімнің (жартылай өнімнің) өзіндік құнын анықтамай жүргізетін кәсіпорындарда қолданады. Бұл вариантты химия өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өнеркәсібі орындарында қолданады. Бұл жерде шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік тәсілдері үйлеседі. Өзіндік құнды капькуляциялаудың процестік тәсілі біртекті немесе шамамен алғанда ұксас, бірдей өнімді сериямен немесе жаппай өнім өндіретін, не болмаса үзіліссіз өндірістік циклі бір технологиялық процестерде қолданылады. Шығындарды процестік калькуляциялауды технологиясы әрбір өндірістік бөлімшенің өндірістік процестің жеке бөлігін орындаудың және өнімнің бір операциядан өңдеу шарасы бойынша басқасына жылжуын қамтитын субъектілер қолданады. Соңғы бөлімше өндірісті аяқтайды және өнімді дайын өнім қоймасына тапсырады. Белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі шығындарды тапсырады орындауга қажетті уақыт ішінде емес, есепті кезең ішіндегі бұйымдарға қатыссыз, өндірістік бөлімшелер бойынша жинактап қорытады. Әрбір бөлімше үшін «Бітпеген өндіріс» жеке шоты ашылады. Мұндайда есепті кезеңнің басы мен соңындағы бітпеген өндіріс шартты түрде біткен өнімдерге қайта, есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнын басқару негізі ретіндегі өндірістік есеп.Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.
Бұл салалар өндірістің жаппай түрімен, өнімнің шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.Жинақтай келгенде шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі объектісі мен калькуляциялау объектісі құны есепті жыл ішіндегі жиынтық шығынды бұл кезенде өндірілген өнім санына бөлініп есептеледі.Біртекті өнім шығаратын жерде өндіріске шыққан шығындардың негізгі мөлшерін калькуляцияның барлық баптары бойынша оңай анықтауға болады. Көптеген кен өндіретін және қайта өндеу өнеркәсібі орындарында жай тәсілді нормаға сай тәсілмен біріктіреді, осылайша өндіріс шығындарын бақылауды күшейтіп, өндіріс барысында шығындардың нормадан ауытқуын анықтайды. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі кәсіпорындарда нормаға сай тәсілдердің элементтерін өндірісті қарапайым ұйымдастырумен бірге қолданудағы дұрыстығы мен озықтығын дәлелдеді.
Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау, запастарды бағалау үшін өндірістік шығындардың жіктелуі. Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, толық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.Толық емес өзіндік кұнды жасау тәсілі "директ-костинг", ал толық өзіндік құнды - "абзорпшн-костинг" деп атайды.Шығын түрлері бойынша тікелей және жанама шығындар бөлінеді. Тікелей шығындар пайда болған сәтінде нақтылы қандай түр мен өнім көлеміне қатысты екендігі белгілі шығындар. Шикізат пен материалдар, негізгі жұмысшылардың (яғни, осы өнімді дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың) еңбекақысы осындай шығындарға мысал болып табылады.
Бұл кезенде тікелей шығындардың шығарылатын өнім түрлері бойынша бөлінуін қамтамасыз ету үшін аналитикалық есепті осылайша ұйымдастыру ерекше маңызды. Бұған екі түрлі амалмен - тапсырыстық және бөлістікпен жетеді.Өнімді негізгі де, қосалқы өндіріс те ("басқа жаққа шығару" деп аталады) шығара алады. Сондықтан тікелей шығындар негізгі өндіріс бойынша да, қосалқы бойынша да, 90 "Негізгі өндіріс" және 92 "Қосалқы өндіріс" бөлікшесінің шоттарында жиналады. Және де екі жағдайда есептің қай түрін қолдану жөнінде катаң талап жоқ. Басқаша айтсақ, қажет болса, негізгі өндіріс бойынша бөлістік әдіс, ал қосалқы бойынша - тапсырыстың және керісіншесі қолданылуы мүмкін. Бұл жердегі ой, қисын (логика) қарапайым: негізгі және қосалқы өндіріс әр түрлі салаларға (мысалы, негізгі өндіріс - машина жасау, қосалқы өндіріс - қазандың) жатуы мүмкін, есеп әдістің де, дәл осы салаға ең қолайлысы қолданылуы керек.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамы. Калькуляция баптары және олардың сипаттамасы.
Өнімнің өзіндік құнын жасау калькуляция объектілері тұрғысынан яғни шығарылатын өнім номенклатурасы тұрғысында ұйымдастырылады:
• қосалкы өндіріс шығындарын өнім түрлері бойынша бөлу;
• жалпы өндірістік шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өндірістік өзіндік құн жасау;
• жалпы шаруашылық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өнеркәсіптік-өндірістік өзіндік құнын (дайын өнімнің өзіндік құнын) жасау;
• коммерциялық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - толық өзіндік құнды (өткізілген өнімнің өзіндік құнын) жасау.
Сметалық бақылау жүйесіне кіріспе. Икемді смета құру.
Құрылыс өнімі болып ғимарат, қондырғылар, өндіріс күштері, тұрғын үйлер, мәдени – тұрмыстық объектілер және тағы басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета – объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды санау, яғни құрылыс өнімінің құны. Сметалық құжаттар құрылымында келесі түсініктемелер қолданылады. Олар:
Құрылыстың объектісі – жеке ғимараттар (өндірістік цех, қойма, тұрғын үй және т.б.), оған жататындар барлық құралдар, жиһаздар және қосалқы бөлшектер.
Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс объектілеріне: сыртқы қосалқы құрылыс жайлары (сумен, газбен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, канализаціия), кіре беріс (подъезд) жолдары, басқа да қоғамдық жұмыстар жатады.Құжаттамалардың сметалық құрамы дайындалған жобалық сметасы мен объектінің техникалық күрделілігінің тәуелділігімен анықталады.Жобаның құрамына келесілер енеді:
шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса);
жиынтық сметалық есеп;
құрылыс құнының сметалық есебі;
объектінің және жергілікті (локальды) сметалар;
объектінің және жергілікті сметалық есептер (қажеттілік туындаса);
жеке шығындар түрлерінің сметалық есебі (қажеттілік туындаса).
Сметалық құжаттамада бір мезгілде құрылыс объектісінің сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыстар және объектінің сметалық құнының ведомосты дайындалады.Сметалық есептерді құру кезінде келесі шығын баптары қолданылады: материалдар, негізгі еңбекақы, құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша шығындар, басқа да шығындар, үстеме шығындар. Алғашқы төреуі болып құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі тікелей шығындар болып саналады.
