Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ емтихан.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар.

Өнім (латын. productio, producere — өндіру) — белгілі бір уақыт аралығында (дүние жүзінде, елде, шаруашылық саласында, кәсіпорында, жеке қызметкер өндірген) өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс объектілерін, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалып біткен өнім. Аяқталған жұмыстар кешені, құрылыс кезеңі немесе объектісі де Өнім деп ұғынылады. Негізгі және жанама өнім түрлеріне бөлінеді.

  • - Негізгі Өнімге өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы көп және кәсіпорын дайындауға бағдарланған Өнім жатады.

  • - Жанама Өнімге негізгі Өніммен қатар бірыңғай технологиялық үдеріс барысында жасалатын Өнім (мысалы, мақтатазарту,май шайқау зауыттарындағы қалдықтар, астық өндірісіндегі сабан, т. б.) жатады.

Бюджеттеудің мақсаты мен міндеттері. Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы. Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын  "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы  "шығыс" болады. Бюджеттеу өз жағынан қаржылық және басқарушылық есеппен өзара тығыз байланыста,себебі осы пәннің алдына қойылған кез келген мақсат бухгалтерлік есептен шығады. Бюджеттеу пәні кәсіпорынның жалпы және құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік қызметі табылады. Бюджеттеу объектісі болып:  кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша шығындары;  кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің нәтижелері;  қаржылық ресурстар, қаржылық нәтижелер (шығындар);  өндірістік бағдарламаларды және жобаларды қаржыландыру көздері;  бюджеттеу және ішкі есеп беру. Бюджеттеу процесінде әр түрлі әдістер қолданылады, бухгалтерлік есеп пен жоспарлаудың жұмыс қағидалары,құжаттау,баланстық қорытындылау мен есеп-қисап, индекстік әдіс, математикалық әдістер (кореляция,сызықтық программалау және басқалары). Бюджеттеу өндірістік бағдарламалар мен жобаларды жоспарлауға, бюджет жасау және олады орындауға сметалар дайындауға, шығындарды қорытындылау және қызметтің, жұмыс пен қызметтің, шығындардың түрлері бойынша резервтерді анықтауға арналған. Бюджеттеу бюджеттің (сметаның) қалыптасуына біршама көңіл бөледі. Осы мақсатта жоспарлы кезеңге бюджетті қалыптастыруда технологиялық (ұйымдасытрушылық) процедураларды сақтау маңызды,олар бірнеше кезеңнен тұрады: 1 кезең – наурыз-мамыр –ақпараттарды жинау; 2 кезең – маусым –кәсіпорын алдына стратегиялық міндеттерді қою; 3кезең – шілде-қазан, жоспарларды және шығындарды статьялары бойынша егжей-тегжейлі дайындау; 4 кезең – қараша- барлық статьялардың біртұтас поцеске бірігуі; 5 кезең – желтоқсан – жоспарлы кезеңге жоспарды бекіту.