- •«Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуы. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.
- •Ақауды сатудан түскен табыстар есебі
- •Ақауды түзету бойынша шығындар есебі
- •Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі
- •Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы
- •Аяқталмаған өндірісті түгендеу
- •Аяқталмаған өндірістің бағалануы
- •Аяқталмаған өндірістің мәні
- •Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.Б. Резервтер құру
- •Басқа шығындардың есебі. Өндірістегі ақаулар есебі.
- •Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыру.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері.
- •Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.
- •Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.
- •Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі
- •Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар.
- •Директ - костинг» жүйесі. «Маржиналдық табыс» түсінігі
- •Еңбек ақы төлеу және еңбек ақыдан есептелетін аударымдар шығындарының есебі
- •Еңбек ақы төлеу шығындар есебінің мақсаты
- •Еңбек ақы төлеуден есептелетін аударымдар есебі
- •Есеп және калькуляциялау объектілері бойынша шығындардың қосылуы, шығындарды жинақтау процесі ретіндегі жиынтық есеп
- •Есепке алынатын, есепке алынбайтын шығындар мен табыстар (алдағы кезең шығындары және өткен кезең шығындары).
- •Есептің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен айрықша белгілері.
- •Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.
- •Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері.Дисконтталған ақша ағымы, таза тіркелген құн, табыстылықтың ішкі мөлшері.
- •Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі.
- •Көмекші өндірістердің есеп объектілері мен калькуляциялау объектілері
- •Көмекші өндірістердің өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсеткен қызметтер құрамы мен сипаты бойынша түрлері
- •Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сапалары.
- •Қабылданған баламалық бағыт нәтижесіндегі жорамалдағы шығындар.
- •Қорлардың өзіндік құнын бағалау.
- •Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау.
- •Материалдардың тасмалдану мен орын ауыстыру шығындарының есебі
- •Материалдық шығындар есебі
- •Мерзімдік шығындардың таратылуы
- •Натуралды бірлік әдісі, сатудың таза құн әдісі.
- •Негізгі өндіріс есебі.
- •Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы.
- •Негізгі, үстеме, жанама, тікелей шығындар, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.
- •Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысының есебі.
- •Өндіріс көлеміне қарай шығындардың динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындар.
- •Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.
- •Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.
- •Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқулар түрлері, болу себептері. Ақаудың құнын анықтау.
- •Түзелмейтін ақаудан шеккен шығындар есебі.
- •Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру.
- •Ұйымдардың әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі
- •Үстеме шығындар есебі.
- •Үстеме шығындар құрамына кіретін еңбекке ақы төлеудің есебі
- •Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.
- •Шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтаудың тапсырыстық әдісінің негізі.
- •Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі.
- •Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.
- •Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.
- •Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау: өнімнің өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі.
- •Шығындарды топтастыру және бөліп тарату.
- •Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.
- •Шығынды бөлудің функционалдық жүйесі.Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •Эквиваленттік өнім, нормативті және нормативтен тыс шеккен шығын
Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері.
Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын. Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорьшың болашақ даму мәәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кірістіру (интеграциялау). Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады. Бухгалтерлік басқару есебіне өндірістік есеп пен қаржылық есептің бөлігі (өнім өндірісіне жұмсалған шығын туралы есепті жасау бойынша) кіреді.Сонымен, басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін осылайша тұжырымдауға болады:
шығындар мен кірістердің біріккен есеп жүйесін құру;
шығындарды мөлшерлеу (нормалау);
шығындарды жоспарлау, бақылау және талдау;
бюджеттеу;
баға белгілеу үшін негізді қамтамасыз ету;
жедел басқару шешімдерін қабылдауда қаржылық менеджерлерге ақпараттық көмек беру;
кәсіпорын қызметінід және жауапкершілік орталығының экономикалық шешімділігін бақылау, жоспарлау және болжау;
кәсіпорын дамуының ең тиімді жолдарын таңдау. Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті - екінші және үшінші топтағы есептерді жасау.Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өндіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.
Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады. Жауапкершілік орталығы – шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін анықталады. Шығын орталығы — өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
— берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
— берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті — жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді кесімді белгілеу.Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресуостар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс- әрекетті бағалаудың белгісі – алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды.
