Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
449 Кб
Скачать
☆

15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз

Осман империясында XVII-XVIII ғғ. Феодалдық қатынастардың дамуында жаңа заманға тән өзгерістер жүріп жатты. XVII ғ. Ортасынан бастап жер иеленудегі сипахилік жүйенің ыдырауы тереңдей түсті. Сипахилердің жер иеліктерінен айырыла бастауы әскери күш қуатының, жергілікті және орталық өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болды. Осыған байланысты түріктердің еуропалық иеліктеріндегі билігі біртіндеп қысқарып, соғыстан түсіретін табыстары азая бастады. Осман империясының билеуші топтары басқыншылық соғыстарды жалғастыра отырып, жер иеленудің бұрынғы тәртіптерін қалпына келтіруге, сипахилердің жер иеліктерін сақтап қалуға тлырысып бақты. Бірақ жүргізілген басқыншылық соғыстар, керісінше, елді одан әрі шығынға батырып, дағдарысқа ұшыратты.

Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, елді ашаршылық жайлауы, янычарлар көтерілісі, сарай төңкерістері мен өздері жүргізген басқыншылық соғыстарда жэеңіліске ұшырауы империяны күйзелтті. Түріктерге бағынышты мұсылман жіне мұсылман емес халықтардың азаттық күресі күннен күнге өрши түсті. Әсіресе түріктерге қарағанда шаруашылық пен қоғамдық дамуы жоғары сатыдағы еуропалық иеліктеріндегі халықтардың ұлт азаттық қозғалыстары империяның іргесін шайқалта бастаған еді.

Түрік билеуші топтары империяның әскери күш қуатын қайтадан қалпына келтіруге тырысып, басқыншылық соғыстарды жалғастыра берді.XVII ғ бірнеше рет тәскери, яғни сипахилік жер иелену жүйесін сақтап қалуға, сипахи әскерінің жауынгрелік қабілетін арттыруға әрекеттер жасалды. Бірақ бұл шаралар оң нәтиже берген жоқ. Жаңа әскери жорықтар түрік феодалдарына орасан үлкен аумақтар мен жаңа табыстар әкелудің орнына, елдегі күйзелісті күшейтіп, Осман империясының одан әрі құлдырауына себеп болды.

Осман империясы XVII ғ екінші жартысында жүргізген соғыстардан күш қуаты әлсіреп, жерінің көп бөлігінен айырылды.

Осман империясының қол астындағы үш бірдей құрлықтағы мемлекеттер мен халықтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы әр түрлі деңгейде болды. Империяның Анадолы аймағы мен Балқан түбіндегі халықтарды ауыл шаруашылығы жақсы дамыды. Шаруалар феодалдарға ауыр салықтар төлеуге мәжбүр болды. Салықтарды төлей алмай, қала тұрғындарының көбі босқын болып, нәтижесінде қолөнершілікпен айналысып, қала халқының саны өсті. Сауда дамыды. Бұл негізінен Стамбул, Измир, Александрия сияқты теңіз сауда порттары арқылы Еуропа, Азия және Африка елдерімен сауда бауланыстарын жүргізді.

16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз

I Петр кезінде Ресей мемлекетінің күшеюіне байланыстыф, оның Еурочпа елдерін ықпалы нығая түсті. Орыс мемлекетінің Балқан халықтарына қолдау көрсетіп, көмек беруі түріктердің бұл жердегі саясатына нұқсан келтірді. Еуропадағы билігінен айырылғысы келмеген түріктер XVIII ғ Ресеймен және Австриямен соғыс жүргізді. Бұл түріктердің еуропалық иеліктеріндегі тұрғындарының наразылығын күшейтті.

XVIII ғ екінші жартысында Осман империясының халықаралық жағдайы оның нашарлай түсті. Сұлтан үкіметі сыртқы саясатында дербестіктен айырылып, еуропалықтардың үстемдігіне бағынца бастады. 1768-1774 ж орыс түрік соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделінің түскендігін көрсетті. Түріктерді осы соғысқа итермелеген Франция оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Нәтижесінде Осман империясы Еуропадағы иеліктерінен толық айырылды. Батыс елдері түріктерді Еуропа аумағынан толық қуып шығып, «осман мұрасын» бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. Бірақ Ресейдің Балқан және Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенгенг Англия мен Франция II Екатеринан.ың саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыыдан келіп империядан бөлінген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көшті. Осман империясынан бөлінгенг аумақтлар үшін бәсекелестік күрес «шығысмәселесі» деген саясатты дүниеге әкелді.

XVIII ғ екінші жартысында Осман империясында оның құрамындағы халықтардың ұлт азаттық күрестері өршіді. Түрік үстемдігіне қарсы Балқанда, Араб елдерінде, Кавказда ұлт азаттық көтерілістер басталды. Әсіресе еуропалықтарға, Ресейге арқа сүйеген болгарлар, гректер, албандар, молдовандар, валахтар наразылықтарын күшейтті.