- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз
- •8) Цин династиясы (хvіі ғ. Ортасы – хіх ғ. Ортасы) билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз
- •9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
- •11.Мейдзи-син революциясы
- •10.Хvii-XVIII ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
- •12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
- •14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз.
- •15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз
- •16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
- •17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
- •18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз
- •19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
- •42.Принциптер Дкларациясының қабылдануының (Вашингтон, 13 қыркүйек 1993 ж.) маңызын көрсетіңіз
- •44.А. Шаронның Храм тауына сапары және 2-ші интифаданың басталуын (2000 ж.) баяндаңыз
- •46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз
- •48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз
- •51. Араб елдеріндегі дипломатиялық өкілдік басшылары және олардың функцияларын ашып көрсетіңіз
- •53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
- •54. Қытай дипломатиясының келіссөздік арсеналын баяндаңыз
- •55Қытайдың Қазақстандағы экономикалық және саяси мүдделерін ашып беріңіз Қытай мен Қазақстанның байланысы
- •Сауда қатынасы мен статистика
- •ҚазақстанныңҚытаймен тауар айналымы
- •56 Араб мемлекеттері Лигасы (амл) қалыптасу кезеңін рөлі мен міндеттерін, мүшелік принциптері мен құзіреттілігін, Ұйымның қазіргі кезеңдегі аймақтық үдерістердегі рөлін сипаттаңыз
- •Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
- •Қазақстанмен қатынастары
13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
20 ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталстік елге айналып,басқыншылық саясат жүргізді.Елді билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп,экономиканығ дамуы соғыс талаптарына бағытталды.Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып,оның ықпалында болды.Ең алдымен,ол Қытайды бағындыруды көздеді.Жапония 1914жылғы тамызда Германияға соғыс жариялап,Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды.Келесі жылы Қытайға 21талап ұсынып,оның әскери,саяси,қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады.
Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон буржуазиясы одан әрі байи түсті.Елде әскер жағдай енгізіліп,қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашарлады1917-1918жылдары нан жетіспей,азық-түліктің бағасы жоғарылай берді.
1918жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жапонияның 36префектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды.Жапон тарихында бұл қозғалысты “күріш бүліншілігі” деп атайды.Ашыққан халық көшелерге шығып,күріш сататын дүкендерді,күріш қамбаларын,күріш сататын саудагерлердің үйлерін қиратып,ойран салды.Ызаланған халық өсімқорлардың,ірі кәсіпкерлердің үй-жайын қиратып,қамбалардағы күріш қорларын басып алып,бөліске салды.Көтерілісшілердің ұйымдастыру комитеттері күріштің және басқа тағамдардың қымбатшылығын әшкерелеп,олардың бағасын арзандату талабын қойды.
“Күріштің бүліншілігі” Жапониядағы 144 қаланы қамтыды.Әсіресе Осака қаласындағы халық толқулары өзінің жойқындығымен ерекшеленді.Осы қаланың Нискуоно ауданында жиылған 20 мың көтерілісші өзіне қарсы шыққан полиция тобын таспен атқылап,мәшинелерін өртеп жіберді.Бір күннің ішінде Осака қаласындағы көтерілісшілер 250-ден астам қамбаны қиратты.
“Күріш бүліншілігі” Жапония халқының стихиялық түрде өткен наразылығын байқатып,саналы қозғалыстардың өршуіне жол ашты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты күшейді.Оның өндірісі,әсіресе әскери техника,металл өндіру,машина жасау,хиимя салалары өсе түсті.Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды.Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін,Тынық мұхиттағы Каролин,Маршалл,Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды.Ресейдің құрамныдағы Приморье,Солтүстік сахалин жерлері 1922-1925 жылдары Жапония қарамағында болды.Тайваньдағы,Кореядағы отарлау саясаты қылыштың күшімен жүргізілді.
АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді.1921-1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз шегініс жасауға мәжбүр болып,Шаньдунннан бас тартты.Оның әскери-теңіз флоты шектелді.
1924-1932 жылдары елді Сэйюкай,Минсэйто,Каккусин,Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді.Төменгі палатаның беделі өсіп,жоғарғы палатаны қалыптастыруда императордың ықпалы төмендеді.1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны көбейіп,бұл халықтың 16процентын құрады.
Өкімет жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын 1923 жылғы қарашадағы жойқын жер сілкінісіне байланысты шараларды пайдалана отырып,басып тастады.
1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды.Ең алдымен,олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып,содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді.Ол үшін әскери күшін,теңіз флотын ұлғайтуға кірісті.
1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары Жапония да біраз қиыншылықты бастан кешірді.Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқылық жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне жеңілдік туғызды.Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып,оны өз қамқорлығына алды.Бұл жерде жапон қарулы күштері шоғырланып,шекаралас КСРО және МОңғол Халық Республикасына қауіп төндірді.Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті.Чан Кайши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді.
1920-1930 жылдар арлағындағы экономикалық дағдарыс өрістеп көптеген кәсіпорындар жабылып,жұмыссыздық жаппай белең алды.Шаруалардың жағдайы нашарлады.Елде саяси күрес күшейе түсті.Ол жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен ғана тынбады.Ұлтшылдыққа,лзбырлыққа құныққан орта топтар,әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы және ішкі саясатты күшейту,керек болса фашистік тәртіп орнату талаптарын көтерді.Төмегі шендегі офмцерлер ереуілдері мен бүліктері өкіметті алаңдатпай қоймады.1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто қаза тапты.Жаңа үкімет жаппай қарулану,Жапония мен Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту,үкімет мүшелерін қорғау,т.б шараларды қолға алды.Бұлар Жаңа экономикалық құрылым және Жаңа саяси құрылым деп аталған бағдарламалардың негізін қалады.
Жапонияның Қыатйдағы табыстары көп елдерге ұнамады.Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді.Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті.
Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады.Саяси партиялар жабылып,демократтар қамаға алынды.Сөйтіп ұлттық бірлікке жету ойластырылды.Таққа көмектесу қауымдастығының мақсаты жаңадан таққа отырған императорды мадақтау,оған табыну болды.Озбырлық саясат ұстаған Жапония Германия мен Италияға жақындасты.Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шілдеде Қытайға қарсы үлкен соғыс ашып ашып,оның ішкі аудандарын жаулап алды.1939 жылы жапон әскерлері Моңғолияға шабуыл жасады.Бірақ Біріккен МОңғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап,кейін шегінуге мәжбүр болды. 1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп қалғанда,жапон үкіметі Үндіқытай мен Индонезия аралын,Малайзия мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті.1940 жылғы 27 қыркүйекте Жапония,Германия,Италия “Үштік пакт” аталған соғыс одағын құрды.1941 жылы сәуір айында Жапония мен КСРО 5 жылдық бейтараптық шартқа қол қойды.
