Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
449 Кб
Скачать
☆

46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста исламдық ояну қозғалыстары басталғаннан бірнеше ай өткен соң, азап шеккен Палестина халқы да осы оянудың жемісінің пайдасын көрді. Төрт жыл бойы қарама-қайшылықтардан кейін "Фатх" пен "Хамас" қозғалыстарының жетекшілері өткен аптада Каирда "Ұлттық татуласу келісіміне" қол қойды. Бұл келісімге Палестина автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас пен "Хамас" қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Халед Машаль қол қойды. Осы екі қозғалыстың басшылары "Ұлттық бірлік үкіметін" құруға келіскендерін мәлімдеді. Сонымен қатар "Хамас" пен "Фатх" алдағы бір жыл ішінде жалпыхалықтық сайлау өткізуге келісті. Бұл келісім, биыл қыркүйекте БҰҰ-да тәуелсіз Палестина үкіметінің құрылғаны туралы мәселе қозғалғалы отырған жағдайда жасалды. Қазірдің өзінде әлем мемлекеттерінің көбі Құдыс астаналығымен тәуелсіз Палестина үкіметінің құрылуына қолдау білдіріп отыр. Сионистік тәртіптің Франция секілді кейбір Еуропалық серіктестері тіпті осы тақырып бойынша кеңестер жүргізіп жатқанын жариялады. Осылайша тәуелсіз Палестина үкіметі құрылмай тұрып, "Фатх" пен "Хамас"-тың татуласуы Палестинаның азап шеккен мұсылман халқын қуантқан жаңалық болды. Дегенмен бұл жаңалық сионистік тәртіптің басшылығы мен оның негізгі демеушісі АҚШ-қа алаңдаушылық тудырған тосын хабар болды. Сионистік тәртіп премьер-министрі Беньямин Нетаньягу "Хамас" пен "Фатх"-тың келісімі жарияланған соң, сионистердің екі Еуропалық демеушісін бұл келісімге қарсылық білдіруге ынталандыру үшін Лондон мен Парижге аттанды. Сионистік тәртіп сыртқы істер министрінің орынбасары Дани Аялон палестиналық топтардың татуласуына аймақтағы халықтық қозғалыстар әсер етті деп санайды. Осы тәртіптің сыртқы істер министрі Авигдор Либерманның орынбасары австриялық "Ди прессе" газетіне берген сұхбатында "Хамас" пен "Фатх" топтарының татуласуынан таң қалғанын айтты. Ол палестиналық топтардың бірігуіне алаңдаушылық білдіріп: "Палестиналықтардың 2006 жылғы сайлауында "Хамастың" жеңіске жетуі біз үшін күлкілі болады",-деді. Ол сондай-ақ аймақтағы соңғы өзгерістерге меңзеп: "Олар араб елдеріндегі көтерілістердің жемістерін терді",-деді.

"Хамас" пен "Фатх"-тың ұлттық татуласуынан алаңдап, ашуланған тек сионистер ғана емес. Америка үкіметінің қайраткерлері де сионистік тәртіп секілді бұл келісімге байланысты алаңдаушылық білдіріп, Палестина автономиясына қаржылай көмектерді тоқтатамыз деп ескертті. "Фатх" пен "Хамас" қозғалыстары арасындағы ұлттық татуласу келісімі дүниежүзінің саяси және ақпараттық орталарында кең шағылыс тапты. БАҚ-тар бұл келісімнің төрт жыл бойы қарама-қайшылықтардан кейін жасалуының және Мысыр мен Арабстанның арағйындығымен жасалған бірнеше келісімнің жеміссіз болуының себептерін талқылауға кірісті. БАҚ-тар көңіл аударған ең маңызды мәселе, бұл келісім Таяу Шығыс халықтарының Батысқа бағынышты диктаторлық биліктерге қарсы көтерілістерінен соның ішінде Хұсни Мүбәрак билігінің құлауынан әсерленіп жасалған. Өйткені Мысырдағы Хұсни Мүбәрак үкіметі татуласу келіссөздерінде шешуші рөл атқаратын. Мүбәрак аймақта Американың саясатын орындаушы еді және сионистік тәртіппен татуласуы келіссөздерінде араб үкіметтерінің өкілі қызметін атқаратын. АҚШ үкіметі Мүбәрак тәртібіне Газа секторындағы "Хамас" қозғалысын оқшауландыруды тапсырды. 2009 жылы желтоқсан айында сионистік тәртіп Газа секторына ауыр шабуылдар жасаған кезде Мүбәрак осы аймақтағы қаналған халыққа көмектер жеткізу үшін Рафах өткелін ашқызбады. Мысырдың тақтан тайдырылған диктаторының мұндай саясаты үшін өз халқы оған жиіркенішпен қарайтын болды. Осы күнге дейін палестиналықтардың қарама-қайшылығынан және араб биліктерінің ынтымақтастығынан сионистік тәртіп пен АҚШ ең көп пайда көрді. Араздық орнату - Америка мен сионистік тәртіптің соңғы онжылдықтардағы күрделі саясаты болып келеді. Енді міне арабтың бағынышты биліктері құлап немесе құлау қарсаңында тұрған шақта Палестинадағы және жалпы алғанда Таяу Шығыстағы АҚШ пен сионистік тәртіптің саясаттары да құлдырай бастады.

"Фатх" пен "Хамас" қозғалыстарының татуласу келісімі аса қолайлы кезде жасалды. Мысырдағы өзгерістерге назар аудара отырып, бұл келісім болжауға келетіндей болды. Мысырда Мүбәрак билігіне қарсылықтар отыз жыл бойы басып-жаншылған соң ақырында оның құлауына ұласқандай, Палестинада да "Хамас" басқыншыларға қарсы табандылық көрсетуді таңдағандықтан осы ұлттық татуласу келісімін жасауда күрделі рөл атқарды. Сионистік тәртіп "Хамас"-қа үнемі шабуылдар жасаса, бұл тәртіптің батыстағы және аймақтағы одақтастары мен оларға бағынышты палестиналық ағымдар әрдайым қысым көрсетіп келді. Бұл сөзімізге соңғы төрт жылдағы Газа секторының қоршауда болуы және сионистік тәртіптің 22 күндік соғысы дәлел болып табылады. Сондықтан Мысыр халқы Мүбәрак тәртібін жеңіп, палестиналық бағынышты ағымдардың осы демеушісін құлатқан соң, Палестинада "Хамас"-тың жағдайы күшейді. "Фатх" пен "Хамас" арасындағы Каирда жасалған келісім, көптеген жылдар бойы палестиналық бағынышты ағымдар мен сионистік тәртіптің талаптарына қарсы тұрғандықтан қарсыласу қозғалысының үлкен жеңісі болып есептеледі. Палестина автономиясының басшыларына сионистік тәртіптің үнемі заңбұзушылықтары, мен АҚШ үкіметінің алдамшы саясаттары, татуласу үрдісінің жалғаса беруі сионистік тәртіпке қалашық салуға мұрсат болғанын көрсетті. "Фатх" қозғалысына "Хамас"-пен ұлттық татуласу келісімін жасау осы саяси тығырықтан шығу мұрсаты болды. "Фатх" қозғалысы енді айрылатын нәрсесі қалмаған соң, сионистік тәртіп пен АҚШ басшыларының ашуын біле тұра келісімге қол қойды. Таяу Шығыстағы саяси тепе-теңдіктің өзгеруімен Америка үкіметі сионистік тәртіп өзегімен аймақтық геосаясатын құру мүмкіндігінен айрылды. Бұдан былай АҚШ Палестина халқының заңды талаптарына мән бермей отыра алмайды. Сондықтан ерте ме, кеш пе тәуелсіз Палестина үкіметін ресми мойындауына тура келеді. Келесі жағынан "Хамас"-қа "Фатх" қозғалысымен татуласу келісімін жасау, палестиналықтардың қарама-қайшылығын тоқтатып, осы екі қозғалыстың бірлесіп сионистік тәртіпке қарсы тұруына және бірлесіп Палестина үкіметін құру үшін қолайлы жағдай орнатты.

Палестина халқының қиыншылықтарға толы тарихында жаңа кезең басталды. Жалған Израиль тәртібі өз ғұмырында осындай әлсіз жағдайға тап болмаған еді. Батысқа бағынышты диктаторлық биліктер құлады немесе құлауға жақын. Сионистік тәртіптің АҚШ пен Батыс елдері секілді қамқоршылары бұл тәртіптің басқыншылық саясаттарына бұдан әрі қолдау көрсете алмайды. Таяу Шығыс халықтары оянып, бөтендерге бағынышты биліктер заманы аяқталды. Дүниежүзінің қоғамдық пікірі сионистік тәртіптің ұлтшылдық болмысын түсінді. Өздерінің басқыншылық саясаттарын ақтаудағы сионистердің АҚШ пен Еуропа алдында өзін бейшара етіп көрсетуі және палестиналық қарсыласу топтарын "лаңкестік" деп атауы енді жүрмейді. Палестинадағы, аймақтағы және әлемдегі жағдай палестиналықтардың өз талаптарына жетуіне қолайлы. Таяу Шығыс халықтарының әрекеті және "Хамас" пен "Фатх"-тың татуласу келісімі палестиналықтар мен Ислам әлемін қиын, бірақ болашағы жарқын жолға қойды. Әрине палестиналықтардың өз жерін азат етуіне кедергі жасау үшін сионистер мен олардың батыстағы серіктестері кез-келген әрекет жасайтыны шүбәсіз. Сондықтан сионистердің мұндай саясатына қарсы тұрудың жалғыз жолы – палестиналық топтар арасындағы бірлік және Аллаға тағалаға тәуекел ету болып табылады.

47. Таяу Шығыс мәселесін реттеудегі бейбіт үдерісті (1992-2007) сипаттаңыз

Халықаралық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, жанжалды әділеттілік пен халықаралық құқық негізінде бейбіт саяси жолмен шешу процесінде БҰҰ-ның ролі өте зор. Тек 1947-1982 ж.ж аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы палестина проблемасын қарай отырып, 30 дан астам резолюция қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тек 1967-1980 ж.ж. аралығында осы мәселеге қатысты 15 резолюция қабылдады. БҰҰ –ның резолюциялары Таяу Шығыста түбегейлі, әділетті бейбітшілік орнатуға бағытталған. Алайда Халықаралық сионизм мен АҚШ-тың қуатты қолдауына арқа сүйеген Израиль БҰҰ-ның және басқа да Халықаралық ұйымдардың қарарлары мен шешімдерінің көпшілігін орындамауда.

14- қараша 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 58 сессиясында Адам құ- қығын сақтаудың орындалуын қадағалайтын арнайы комитеттің «Израильдің Палестина халқына және басқа оккупацияланған территориялардағы арабтарға қатысты іс-әрекеттері» жұмысы қаралды.[1] 2004 жылы Бас Ассамблеяның ар- найы саяси мәселелер және деколонизация мәселелері жөніндегі комитеті «Оккупацияланған Палестина территориясындағы, оның ішінде Шығыс Иеру- салим және оккупацияланған Сириялық Голан жерлерінде Израиль қоныстарын салу туралы» № А/С 4/58 – қаулысын қабылдады. Онда Израильдың араб жер- інде еврей қоныстарын заңсыз салғаны айыпталды.

Оған 149 ел, оның ішінде Еуроодаққа мүше мемлекеттер, Ресей, Қазақст- ан және ТМД елдері дауыс берді, қарсы 7 ел, (Израиль, АҚШ және Маршал, Микронезия сияқты кішігірім аралдар); Екеуі қалыс қалды. Жалпы осы екі қуыршақ мемлекеттер ғана БҰҰ-ның шешімдеріне АҚШ пен Израильмен бір- лесіп қарсы шығады.

Норвегия дипломатиясының делдалдық қызметінің арқасында 90-жылдардың

басында құпия түрде Осло қаласында палестиналықтар мен израильдіктер арасында тікелей келіссөздер басталды. Халықаралық қолдаумен 1991 жылы Испанияның астанасы Мадридте бейбіт процестің негізгі демеушілері АҚШ пен Ресей бірлесіп, Таяу Шығыс жөніндегі конференция ұйымдастырды. Бұл қадамдар жалғасын тауып, 1993 жылы 13 қыркүйекте Вашингтонда Палестина мен Израиль арасында Принциптер декларациясына қол қойылды.[50] 1994- жылы 1- шілдеде Палестинаның басшысы Ясир Арафат Газа қаласына қайтып оралып, арабтардың өзін-өзі басқару органдарына басшылық ете бастады.

1973- жылғы соғыстан кейін бірінші рет 1994 жылы 3- қарашада Вашингтон қаласында жасырын түрде АҚШ мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристофердің делдалдық қатысуымен Сирия мен Израиль арасында келіссөздер өтті.Еврей делегациясы Сирияның Голан биіктіктерінің жартысын қайтаруға, ал жартысында Израильдың қарулы күштерін қалдырып, шекараның екі жағындағы 12-15 шаршы жерде демилитаризация зонасын құруға ұсыныс жасады. Сонымен қатар Израильдіктер Сирия территориясында алдын-ала дабыл қағу электронды станциясын орналастыру және екі ел бір-біріне толық сенімге жеткенге дейін халықаралық әскер орналастыру және оны АҚШ офицерлері басқарсын деген ұсынысын айтты. Сирия өкілі генерал Шехаби өз тарапынан екі ел бейбіт өмір сүру үшін Голлан биіктіктерінтолық қайтаруды талап етті.[2] Сөйтіп келіссөз нәтижесіз аяқталды.