- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз
- •8) Цин династиясы (хvіі ғ. Ортасы – хіх ғ. Ортасы) билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз
- •9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
- •11.Мейдзи-син революциясы
- •10.Хvii-XVIII ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
- •12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
- •14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз.
- •15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз
- •16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
- •17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
- •18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз
- •19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
- •42.Принциптер Дкларациясының қабылдануының (Вашингтон, 13 қыркүйек 1993 ж.) маңызын көрсетіңіз
- •44.А. Шаронның Храм тауына сапары және 2-ші интифаданың басталуын (2000 ж.) баяндаңыз
- •46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз
- •48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз
- •51. Араб елдеріндегі дипломатиялық өкілдік басшылары және олардың функцияларын ашып көрсетіңіз
- •53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
- •54. Қытай дипломатиясының келіссөздік арсеналын баяндаңыз
- •55Қытайдың Қазақстандағы экономикалық және саяси мүдделерін ашып беріңіз Қытай мен Қазақстанның байланысы
- •Сауда қатынасы мен статистика
- •ҚазақстанныңҚытаймен тауар айналымы
- •56 Араб мемлекеттері Лигасы (амл) қалыптасу кезеңін рөлі мен міндеттерін, мүшелік принциптері мен құзіреттілігін, Ұйымның қазіргі кезеңдегі аймақтық үдерістердегі рөлін сипаттаңыз
- •Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
- •Қазақстанмен қатынастары
53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
Бірінші. Қытай жаңа басшылық бағытының басты мақсаты экономикалық деңгейінің жоғарғы темпін сақтаумен қатар қоғамның әлеуметтік рухани-өркениетті құрылымын сапалы жетілдіру, «реформа мен ашық» саясатты тереңдету және жалғастыру.
Екінші. Бүкіләлемдік экономикалық жүйеге белсенді түрде интеграцияға және жаһандық ортақ дүниежүзілік тенденциясына енуі. 2001 жылы ҚХР ресми түрде Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) мүше болды. ХХІ ғасырдың бірінші жылдары Қытай экономикасы үшін сәтті болды.
2002-2003 жылдары болжамда көрсетілгендерден ерекше қолайлы болды. Ең алдымен, экономикалық деңгейдің (жылдық өсім 8,7% және 9,1%), сыртқы сауда көлемі мен сыртқы сауда балансының сальдосының, тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың, валюта резерв көлемі мен басқа көрсеткіштердің өсу қарқынымен байланысты. Мысалы, жалпы ішкі өнім 2003 жылы 11,67 трлн юань, сыртқы сауда айналымы 851,2 млрд долл, жылдық өсім – 37 % және осы көрсеткіш бойынша ҚХР дүниежүзінде 4 орынға ие. Осының бәрі реформа мен ашық сәтті саясатының нәтижесінде Қытай мен дүниежүзінің өзара тәуелділігінің тереңдей түсуін дәлелдейді.
Үшінші. Халықаралық жағдайға баға бере отырып, Қытай басшылары қазіргі кездегі дүниежүзлік саясаттың көзі бейбітшілік пен даму мәселесінде деп түсінеді. Яғни, халықаралық жағдай разрядка тенденциясын толығымен көрсетеді, басты державалар арасында қарым-қатынас тұрақтандыру жағына дамуда және саяси диалог пен ынтымақтастық негізі бірте-бірте нығаюда.
2003 жылдың соңындағы Компартияның Орталық Комитетінің жаңа мақсаттарымен қатар 2005 жылы ресми түрде жаңа басшылық елдің бейбіт түрде жандану туралы жаңа сыртқы саяси концепциясын жарияланды. Қытай қайтадан тек бейбіт жолмен жандана алады. Соңғы жартымыңжылдықта басты державалардың (мысалы, Испания, Ұлыбритания, СССР мен АҚШ, т.б.) көтерілуі мен құлдырау тарихына салыстырмалы анализ жасай отырып, Қытай сарапшылары осы державалардың соғыс нәтижесінде өз гегемондықтарын жаулап алды және жоғалтты деген шешімге келді. Қытай қазіргі кездегі бейбітшіл халықаралық жағдайдағы мүмкіндіктерді қадірлеуі керек. Оның алдында екітұтас міндеті тұр: өз экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы түрде дамуына осы мүмкіндіктерді қолдануға тиіс, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға барлық күшін салуға тиіс.
Қытай дамуының тірегі - өзінің жеке күші. Ол ішкі және сыртқы саясаттың кең көлемді ішкі қытай нарығына, жұмыс күшінің таусылмацтын резервтеріне, тұрғындармен жиналған валютаның үлкен қорына, жаңа социалистік тәртіптің тиімділігіне және Қытай халқының мықты шығармашылық күшіне сүйене отырып, бағыты мен тәуелсіз түрде даму жолын таңдауы керек. Қытай өзін-өзі изоляция аясатын жүргізбеуі керек.
Төртінші. 80 жылдардан бастап Қытай белсенді түрде бейбіт сыртқы саясат жүргізе бастады. Оның жағдайы мен мүмкіндіктеріне байланысты халықаралық рөлін нығайтуға ниет етті. Қытай үкіметінің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді мақсаты елдің модернизациясын сәтті алға басуындағы бейбіт халықаралық жағдайын сақтау болып табылады.
Азия-Тынық аумағында (АТА) көпжақты дипломатияның принциптеріне сүйене отырып, қытай үкіметі «бейбіт жандану» стратегиялық концепцияның басты бөлімі – қытай-американ қарым-қатынасының дамуы. Бейбіт жандану процесінде таяудағы 20-50 жыл Қытайға американ инвестицияларын, американ нарығына шығу мүмкіндіктерін, ғылым мен техниканың басты жетістіктерін, экономикалық дамудың тәжірибесін қолдану қажет. АҚШ-ң жау мемлекетке айналдыру ҚХР үшін қолайлы емес. Осы мәселе ІІ тарауда қарастырылады.
Таяу жылдары ҚХР-ң сыртқы саясатының стратегиясын жете зерттеуге өз ықпалын мемлекет басшылығындағы ү1ш негізгі топ тигізе алады: Цзэн Цинхун:
Қытай Компартиясың 16 съезі, Орталық Комитетінің бірінші пленумының шешімі бойынша Цзэн Цинхун ҚКПОК тұрақты комитеті Политбюрода халықаралық қатынастарға жауап береді. Сонымен қатар, оныншы шақырудың ВСНП бірінші сессиясында ол ҚХР төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл Пекиндегі шетел дипломатиялық корпус өкілдерімен қатынаса отырып, мемлекеттің сыртқы саясатына ықпал ету мүмкіндігін береді.
Вэнь Цзябао:
Мемлекеттік Кеңес премьерінен Вэнь Цзябао сыртқы экономикалық саясатын жүргізуге өкілдік берілді. 28-30 сәуірде 2003 жылы пневмония мәселесі бойынша Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы (АСЕАН) мемлекеттері Қытай басшыларының төтенше саммитіне қатысу үшін Бангкокқа визиті болды. Осы форумда Вэнь Цзябао жаңа Қытай үкіметінің «Қытай –АСЕАН» еркін саудаға біртұтас зона құрылуының жоспарларын қолдайтындығы және «Оңтүстік-Шығыс Азиядағы достық және ынтымақтастық туралы келісімге» қосылатындығы жайында мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ әкімшілігінің басшыларымен қарым-қатынас жүргізу Вэнь Цзябао басшылығында. Ол сянгандағы (Гонконг) демократиялық қозғалыстың басшыларымен өзара қарым-қатынас мәселесін қарастырады.
Цянь Цичэнь:
Сыртқы Істер Министрлігіне ықпалы бар, халықаралық қатынастарға жауапты, Мемлекеттік Кеңес премьерінің орынбасары қызметін 2003 жылдың наурызынан бастап атқарып келе жатыр. Ол 2003 жылдың қараша айында қытай делегациясын басқарып ресми емес американ-қытай диалогы шеңберінде Тайвань мәселесін талқылауға АҚШ-қа визиті болды.
