Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
449 Кб
Скачать
☆

38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз

1914ж тамызда басталған дүниежүзілік соғысқа Түрік империясы қатыспайтынын мәлімдеді. Соған қарамастан ағылшындар Мысырды оған қатыстырған. Елдегі Германияның, Австро-Венгрияның мүліктерін, кемелерін жау елдердікі деп есептетті. Суэц каналына ағылшын әскерлері енгізілді. 1914ж желтоқсанда Мысырға Англия протектораты жарияланды. Түріктерге бой беріп жүрген хедив Аббас Хильмиді тақтан тайдырып, оның орнына отаршылдардың ықпалында болған Хусейн Кемалды отырғызды. Англия оған «сұлтан» деген атақты тақты. Ағылшындардың бас консулы енді жоғары комиссар лауазымын алып, елдің өмірін шешетін құқыққа жетті. Ол бірден әскери жағдай енгізіп, баспасөзді бақылауға алды, ереуілдерге, шерулерге тыйым салдырды.

Бұл әрекеттерді ескере отырып, Түркия сұлтаны 1914ж қарашада Антанта елдеріне қарсы «жиһад» соғысын жариялады. Суэц каналын қайтаруға әскер жіберілген еді, бірақ ағылшындардың оны талқандап жіберді. Германияның айтқанына көнген Түркия Ресейге де қарсы шықты. Теңіздегі және Кавказ аймағындағы шайқастарда түрік армиясы орыстардан жеңіліп, 1914-1915ж шекарадан 250 шақырымға дейін шегінуге барды. Армян жерін қолға түсірген Ресей патшалығы жергілікті халықты түріктерге қарсы айдап салды. Сол арада басталған армян-түрік қырқысы басқа аймаққа тарады. Бұрыннан бері армян саудагерлері, кәсіпшілері, қолөнершілері Стамбұлда, бүкіл империяның басқа қалаларында өмір сүріп келген еді. Олардың шіркеулері қызмет атқарып отырған, діни бостандығы сақталды. 19ғ басынан бері қарай Кавказ аймағындағы, Балқан түбегіндегі христиандарды түріктерге қарсы тұрғызу Еуропа елдерінің саясатында үлкен орын алған болатын. Енді ол барынша жанданды. 1915ж қырқыста түріктер де,армяндар да қатты қансырады. Екі жақтан миллионнан астам қырғынға ұшырады, босқын болып азап шекті. Сол қайғы-қасірет армяндар тарихында өшпестей із қалдырды. Батыс елдердегі арабтарды түріктерге қарсы бас көтеруге бағыттады. Түркия сұлтаны бекіткен әр аймақтағы жергілікті араб билеушілері тайпа көсемдеріне уәде беріп, Англия,Франция,Ресей жағына шығуға үгіттеді. Сол кезде қасиетті қалалар Мекке мен Медина орналасқан Хиджаз шерифі Хусейнге қараған еді. Англия 1915ж соңында құпия шарт жасасып, оған келешекте барлық арабтарды біріктірген мемлекет құрып беруге ант етті. Ол бәдуиндерді, қала тұрғындарынан, феллахтардан жасақ құрастырып, ағылшын қаруымен қаруландырып, түріктерге қарсы соғыс бастады. Хусейннің екі ұлы Абдолла және Фейсал басқарған атты және түйелі әскерлер Палестина, Сирия, қазіргі Ирақ аймақтарында шайқастарға қатысты. Египеттегі ағылшын әскери күштері де Палестина мен Сирия жеріне енген. Француз әскерлерімен бірігіп, олар түріктерді ығыстыра түсті. Ағылшындар Парсы шығанағындағы түрік бекіністерін қиратып, Басраға қарай жылжыды. Иран жағынан да орыс-ағылшын армиялары қысым жасаған. Сөйтіп, жаулар түріктерге соққы бере отырып,бүкіл Араб түбегіндегі , Ирақтағы, Палестинадағы, Сириядағы,Ливандағы сұлтан әкімшілігін жойды. 1916-1917ж Басра, Бағдат,Дамаск, Иерусалим, т.б қалалар Антанта елдері мен арабтар қолына өтті. Хусейн және басқа араб шонжарлары мақсаттарына жеткендей болды. Еуропа елдерінің өз мақсаттары болған. Соғыс қызып жатқанда ағылшын және француз үкіметтері арабтардың тағдырын қарастыруға барды. Керек болса,олар Ресейді қатыстырмай,1916ж мамырда Таяу Шығыстағы араб жерлерін бөлістіру туралы Сайкс-Пико келісіміне қол қойды. Біраз уақыт өткенде бұл жоспар Ресей билеушілерінің құлағына шалынып,орыс дипломатиясы шете қалғанына қарай наразылық білдірген. Германия мен Еуропа аймағында болып жатқан шайқастардың негізгі ауыртпалығын көтеріп отырғанын алға тартқан Ресейдің тілектерін ескермеу мүмкін емес еді. Бұл жолы орыс патшалары ғасырлар бойы армандаған ойларын іске асырмақ болып, Қара теңіздің оңтүстік жағалауына, Стамбұлға, Босфор мен Дарданелл бұғаздарына жармасты. Келешекте бүкіл Қара теңізді, оның Жерорта теңізге шығатын жолдары мен дарбазасын Ресей өз қолына алатын болды. Фран.ция және Англия ішінен оған көнгісі келмесе де, тағы да бір құпия шарт жасасуға барды. Сөйтіп, үш отарлы империялар Түркия империясын толық бөлшектеуге даярланды. 1918ж қазанда түріктер Сирия мен Ливан жерінен кетуге мәжбүр болды. Олардың орнына араб,ағылшын әскерлері келе бастады. Кейбір жағалаудағы аудандарда Франция күштері де орналасты. 1917ж оқиғаларға байланысты Ресей Таяу Шығыс мәселелеріне араласуға шамасыз болды. Ендігіде Франция мен Англия үстемдіктерін орнатуға кірісті. Париж-Версаль конференциясына арабтарды қатыстырмай, олардың тағдырын шешу қолға алынды. Палестина,Сирия жерлерін азат етуге қатысқан әмір Фейсал ағылшындардың сенімді адамы болғандықтан,Англия дипломатиясы конференцияға оны шақырмаған болатын. Бірақ, оның пікірімен санасуға батыс елдері бармады.Араб елдерін бөлісу 1920ж 25 сәуірде Сан-Ремо келісімі бойынша реттеліп, Франция протектораты Сирия мен Ливанда, ал Англия протектораты Ирық пен Палестинада орнады.