Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
449 Кб
Скачать
☆

Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы

 Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (ПШАМЫК) мүше елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың, ықтимал инвесторларды тартудың қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ ПШАМЫК Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының өтінішін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:        1. Алматы қаласындағы "Атакент" Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы орталығының аумағында Парсы шығанағындағы араб елдерінің бірінші сауда көрмесін өткізу ұйымдастырылсын.        2. Былай:        1) аталған көрмеге шетелдік қатысушылар әкелген тауарлар уақытша әкелінген кедендік режимде рәсімделеді және импортталатын тауарлар кедендік баж және салықтарды төлеуден босатылады;        2) уақытша әкелінген кедендік режимде рәсімделген тауарларды иеліктен айырған жағдайда, импортталатын тауарларға тиісті кедендік төлемдер және салықтар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленеді деп белгіленсін.        3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті "Атакент" Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы орталығының аумағына көрмені өткізу үшін әкелінген тауарларды кедендік рәсімдеуді қамтамасыз етсін.        4. Шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері үшін кедендік жеңілдіктерді бере отырып, көрмені өткізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасына дипломатиялық арналар бойынша әкелінген баспа, жарнама және кәдесый өнімдерін кедендік рәсімдеу жүзеге асырылсын.        5. Мәселелерді жедел шешу және көрмеге практикалық жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының төрағалығымен және құрамына Сыртқы істер министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің, "Атакент" Қазақстан

іскерлік ынтымақтастығы орталығының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясы құрылсын. 6. Аталған ведомстволар осы қаулы шыққан соң төрт күн мерзім ішінде жұмыс комиссиясының құрамына кандидатураларды ұсынсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

58 Мүдделер бойынша көптарапты ұйымдар – Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) қалыптасуын, қызмет принциптерін, көптарапты ұйымдардағы рөлі мен қазіргі кездегі қызметінің ерекшеліктерін баяндаңыз

Ислам конференциясы ұйымы және Қазақстан

Қазақстан Рес­пуб­­ликасы өткен жы­­лы Еу­ро­падағы қа­­­уіпсіздік жә­не ын­ты­­мақ­тас­­тық ұйы­мына төр­аға­лық етті. Жыл ішінде алдын ала жоспарланып, белгіленген ха­лық­аралық ауқымдағы іс-ша­ра­лар­дың бар­лы­ғын жоғары деңгейде, аса ұйым­шыл­дық­пен өткізді. Соның ішінде он бір жыл бойы өтпеген ЕҚЫҰ-ның Саммитін елор­да­мыз – Астана қаласында шақырып, осы­нау ұлы жиынды абыроймен өткіз­ген­дігі Қазақстан басшылығы үшін, барша қазақстандықтар үшін аса жоғары мәртебе болды. Бұл жө­нінде әлемге танымал саясат саңлақтары, мем­лекеттер мен үкіметтер бас­­шылары қос­пасы жоқ шынайы ри­за­шылықтарын, жү­рек­жарды пікірлерін білдірді. Есігін енді аш­қан жаңа 2011 жылдың екінші жар­ты­сы­нан бастап еліміз тағы бір ірі ха­лық­аралық ұйым – Ислам Конфе­рен­ция­сы Ұйы­мына төр­ағалық еткелі отыр.

Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) 1969 жылдың қыркүйегінде құрылды деп ай­тылып та, жазылып та жүр. Нақты дерек көз­деріне қарағанда, ИКҰ-ның құрылу та­ри­хы әріден, яғни 1926 жылдан бастау ала­тыны байқалады. Өйткені, осы жылы Бүкіл­әлем­дік ислам конференциясы құрылып, оның ал­ғашқы отырысы Меккеде өткен екен. Одан кейін Конференцияның сес­сия­лары Иерусалим, Карачи және Могадито қа­лаларында шақырылған. Бұл жиындарда мұ­сылман елдері арасында әртүрлі салалар бо­йынша ын­тымақтастық пен өзара іс-қи­мыл орнату мәселелері қарастырылыпты. Ал 1953 жылы аталған Конференцияның ор­нына Ислам кон­ференциясының форумы құрылып, оның оты­рыстары Иерусалимде, сон­дай-ақ бір­қатар араб елдерінің аста­на­ла­рында өткен.

Бірқатар деректер бұдан кейін де жоға­ры­да аталған Ислам конференциясы фо­ру­мы­ның атауы бірнеше рет өзгертілгенін, басқа да исламдық ұйымдардың құрыл­ға­нын көрсетеді. Бірақ, бұл ұйымдардың еш­қай­сысы да халықаралық саяси үдерістерге жеткілікті түрде ықпал ете алмаған. Ал мұ­сылман әлеміне барлық Ислам мем­ле­кет­терінің басын біріктіріп, өзара тығыз ынты­мақ­тастық орнату арқылы халық­ара­лық сая­сат­қа ықпал ететін ұйым аса қажет еді. Мұ­ны мұсылман елдерінің басшылары мен дін қайраткерлері жақсы түсінді. Бұған мұ­сыл­ман әлеміндегі ішкі және сыртқы саяси-эко­но­микалық жағдайлар жол бермеді. Оның сәті 1969 жылы түскені тарихтан белгілі.

59

Тәуелсіз Үндістанның дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихын баяндаңыз.

Үндістан билеушілері сыртқы саясатта өте белсенді болған. Келіссөздер мен қарым-қатынастар тек ежелгі үнді мемлекеттерінің ішіндегі патшалықпен ғана шектелмейді.

1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Гандисайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Гандитағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстан үкіметіне ұсыныс жасалды.