Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз Токс хим 14-15 гг каз новая.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1. Тақырып 2. Есірткі заттарды зерттеу объектілері. Сынамаларды дайындау. Хта ерекшеліктері. Анализ әдістерін таңдау. Таңдау жолдарындағы комплексті әдістер.

2. Мақсаты: Студенттерді таңдау ережелерімен, есірткі заттарды зерттеудің биологиялық сынамалары мен анализдерін дайындау, анализ жолдарын таңдаудағы комплексті әдістермен таныстыру. Студент іс жүзінде біліп, қолдана алу керек.

3. Дәріс тезистері

Химико-токсикологиялық анализде токсикоманияны шақыратын есірткі және токсикалық заттардың биологиялық объектілері болып келесі биосұйықтықтар табылады: зәр, қан (плазма, сарысу), сілекей және жуындылар. Қан құрамынан алкоголь, барбитураттарды, 1,4 – бензодиазепин туындыларын, метаквалонды, мепробаматты, ал зәрде – фенотвазиндерді, трициклды антидепрессанттарды, опий алкалоидтарын, амфетаминдерді және басқа қосылыстарды, жуындыларда – гашиш компонентерін анықтайды.

Кез келген анализді жүргізген кезде қателіктер көзі болып келесілер табылады: 1) сынаманы таңдау; 2) сақтау әдістері; 3) үлгіні дайындау; 4) эксперимент техникасы; 5) химик- токсикологты алдын ала ескерту.

Сынаманы таңдау ережелері және қауіпсіздік шарарлары. Анализ нәтижелеріне әртүрлі факторлар, таңдамалар және сынамалар әсер етеді. Әрбір тексерілетін науқастың жасы, жынысы, дәрі- дәрмектерді қолдану түрлері, алкоголь, кофе, шай, темекі шегуі де әсер етеді. Бұл факторлар тек фонды қосылыстарға емес, сонымен қатар анализденетін заттардың метаболизм жылдамдығына және ағзадағы биологиялық сұйықтықтардың концентрациясына әсер етеді.

Биологиялық сынамаларды тасымалдау және сақтаудағы қауіпсіздік шаралары мен жалпы ережелері. Жоғарыда көрсетілгендей, биологиялық үлгілер энзиматикалық белсенділікті баяулату үшін тоңазытқышта сақтау керек, ал қан мен сілекейді мұздатқыш камерада сақтайды.

Барлық зерттеу жүргізілетін таңдалған сынамаларда аты – жөні, тегі, тексерілетін науқастың жасы, таңдалған сынама уақыты, алдын ала диагноз, таңдама тәсілі және сынама номері, заттың аталуы көрсетіледі.

Комплексті әдістер көмегімен анализденетін заттар құрылымы туралы толық мәліметті алу принципі аналитикалық әдістердің классификациясын негіздейді және келесі США, Великобритания, Япония, Гер­мания және басқа мемлекеттердің жүргізуші эксперттермен, сонымен қатар БҰҰ эксперттермен ұсынылады.

4. Иллюстративті материал

Кесте 1.

Жиі қолданылатын есірткі және психотропты заттардың және зәрдегі кейбір метаболиттердің көрсету уақыты

Кесте 2.

Есірткі заттарды анықтайтын әдістердің халықаралық классификациясы

Сурет 1. Тері, шаш, және тырнақ үлгілерінен есірткі заттарды анықтау схемасы.

5. Әдебиеттер

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Байзолданов Т. Токсикологическая химия ядовитых веществ, изолиремых методом экстракции. – Алматы,2002.

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия. – Киев: Высшая школа, 1989.

5. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия. – М.: Медицина,1975.

6. Белова А.В. Руководство к практическим занятиям по токсикологической химии.- М.:

Медицина, 1976.

7. Еремин С.К., Изотов Б.Н., Веселовская Н.В. Анализ наркотических средств, - М.: Мысль,

1993.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Есірткі заттарды анықтайтын зерттеудің негізгі биологиялық объектілерін атаңыз.

2. ХТА жүргізу кезіндегі мүмкін болатын қателіктер көзін атаңыз..

3. ХТЗ кезіндегі сынамаларды таңдаудың қауіпсіздік шаралары мен ережелерін сақтау не үшін қажет?

4. Зәр, қан, сілекейді таңдау ережелері қандай?

5. Есірткі заттарды қолданғанда зерттелетін шаш пен тырнақтың артықшылықтары.

6. Есірткі заттарды анықтайтын әдістердің халықаралық классификациясы қандай?

7.Зертханаға түскен барлық сынамаларға қай есірткі топтарына және қандай әдістер көмегімен міндетті зерттеу жүргізіледі?

8. Есірткі заттарға зерттеу жүргізу кезіндегі қан мен зәрдің кемшіліктері.

9. Биологиялық емес объектілерден есірткі заттарды анықтау анализінің ерекшеліктері қандай?