Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз Токс хим 14-15 гг каз новая.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

5. Тақырыпқа тапсырма:

1. Этанолды тірі ағзаға анықтау әдістері.

2. Биологиялық сұйықтықтарда этанолды анықтау.

3. Тепетеңдік екеулік фазалар (екіфазалы талдау) әдістерінің ерекшеліктері.

6. Таратылатын материал: тақырып бойынша ақпараттық материал.

7. Әдебиеттер

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. Стр.708-722

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) келесі сұрақтар бойынша жазбаша түрде:

1. Ішімдікті қаннан және зәрден анықтау.

2. Тыныс алған ауадан және сілекейден этанолдан анықтау.

3. Тепетеңдік екеулік фазалар (екіфазалы талдау) әдістерінің ерекшеліктері.

4. Этанолды пайдаланудың биомаркерлері және оларды анықтаудың әдістері.

5. Этил спиртінің өлімге дейін қайтатаратылу ерекшеліктері.

1. Тақырып 5. Аралық бақылау: коллоквиум

2. Мақсаты: Мына тақырыптар бойынша: «Изолирленуші дистилляциямен заттардың топтарына химика-токсикологиялық талдау. «Ұшқыш ядтар»» білу және білімдерін жетілдіру қажет.

3. Оқытудың міндеттері: Сол сәтті пайдаланып: «Изолирленуші дистилляциямен заттардың топтарына химика-токсикологиялық талдау. «Ұшқыш ядтар»» туралы толықтай меңгергенше оқып үйренулері қажет.

4. Өткізілу үлгісі: жазбаша түрде және ауызша түрден кейін қажет болып жатса жазбаша түрде.

5. Тақырыпқа тапсырма:

- аталған тақырып бойынша барлық материалдарды қайталау қажет,

- коллоквиумға жақсы дайындалу қажет.

6. Таратылатын материал: тақырып бойынша ақпараттық материал.

7. Әдебиеттер

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. Стр.750-752

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

3. Еремин С.К., Изотов Б.Н., Веселовская Н.В. Анализ наркотических средств. – М.: Мысль,

1993.

4. Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия. – Киев: Высшая школа, 1989.

5. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия. – М.: Медицина,1975.

6. Белова А.В. Руководство к практическим занятиям по токсикологической химии. - М.:

Медицина,1976.

8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) келесі сұрақтар бойынша жазбаша түрде:

1. Дистилляцияларды изолирлеуші әдіспен, заттардың топтарына жалпы сипаттама.

2. Улылық, «ұшқыш ядтармен» уланудың таралуы.

3. Изолированияның қазіргі заманға сай (сулы бумен дистилляция, қарапайым және азеотропты перегонка, дистилляциялардың басқа түрлері) салыстырмалы бағасына сипаттама.

4. Талдаудың «ұшқыш ядтар» химиялық әдістері.

5. Қазіргі заманға сай бөлудің жоғары эффектті әдістері, зерттеудің газахроматографикалық әдістері, идентификация және «ұшқыш ядтарды» сапалық анықтау.

6. Сапалық талдау әдісімен ішкі нормализация.

7. Химиялық және газахроматографикалық талдауды (көпкомпонентті және капиллярного) қолдана отырып «ұшқыш ядтарға» бағытталмаған талдау.

8. Қазіргі заманға сай физика-химиялық талдаудың әдістерін қолдана отырып ішімдікке масайған кісіге сараптама.

Несие № 8

Тақырыбы 1. Арнайы оқшаулау әдістерін талап етпейтін улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы. Көміртек оксиді. Қасиеттері, уланулар таралымдығы, себептері, улы әсерінің механизмі. Дифференциальды диагностикасы және дезинтоксикациялық терапия принциптері. Токсикокинетикасы.

Мақсаты: Арнайы оқшаулау әдістерін талап етпейтін улы заттар тобының химия-токсикалық талдау әдістерімен студенттерді таңыстыру. Көміртек оксиді.

Оқыту мақсаты: Көміртек оксидінің химия-токсикалық анализі. Дифференциальды диагностикасы және дезинтоксикациялық терапия принциптері. Токсикокинетикасы.

Өткізу түрі: Презентация қолдану өткізу

Тақырып бойынша тапсырмалар:

    1. Көміртек оксиді,токсикалық әсер механизмі.

    2. Дифференциальді диагностикасы және дезинтоксикациялық терапия принциптері.

Таратылатын материал:

Монооксидті көміртек барлық жерде кездеседі, көміртек оксидінің толық жанбау кезіңде түзіледі. Ол көптеген өнеркәсіп газдарының құрамына кіреді. Ішкі жану двигателіндегі монооксидті көміртек мөлшері 1% -13 % дейін болады.

Органикалық синтезде монооксидті көміртек бастапқы қосылыс ретінде кең қолданылады. Тағыда монооксидті көміртек жану кезіңде бөлінеді .

Монооксидті көміртек СО — түссіз,иіссіз және дәмсіз. Молекулярлы массасы 28,01. Қайнау температурасы 190 °С, тығыздығы 0,97. Суда ерімейді, көкшілдеу реммен жанады. Көміртек (ІІ) оксидінің қосылысы ауада жаңуы мүмкін. Көміртек (ІІ) оксидінің 16%-73% қосылысы бөлме температурасында жаңғыш.

Монооксидті көміртекпен улану жолдары:

— көміртек газымен көп дем алғанда, жұмыс істеп тұрған двигателі бар жабық гаражда көп уақыт жұмыс істегенде;

— жөнделмеген құрылғылардың болуы;

— өрт болған жерде адамдардың болуы (жабық бөлме және пәтер)

Көміртек оксидімен улану ингаляция жолымен көп кездеседі 17,5 % летальді көрсеткіші. .

Жұмыс істеу бөлмесінің жіберілетін көміртек монооксидінің концентрациясы 20 мг/м3 .

Улану классификациясы

1. Жеңіл улану кезінде естің тануы болмайды.Клиникалық көрсеткіші жалпы ми бұзылыстары. Пульс жилігінің аздап жоғарлайды.

2. Орташа улану. Аз уақыт естің таңуы (ауыр дәрежелі гипоксия). Ми бұзылыстары және психикалық бұзылыс дәрежесі жоғары.

3. Ауыр улану кезінде коматозды жағдай туындайд. Дем алу және жүрек қан айналу жүйесі зақымдалады. Бүйрек және тері трофикалық өзгерістер туындайды.

Монооксидті көміртек организмге токсикалық әсері гемоглобинмен реакцияға түсіп патологиялық пигмент карбоксимиоглобин түзілуіне негізделген. Болатын гипоксия гемиялық сипат береді. Сонымен қатар, монооксидті көміртек Fe2+ бар терінің дем алу ферментімен байланысады.Монооксидті көміртегінің диссоциациясы баяу жүреді. Ол өз кезегінде тотығу-тотықсыздану процесіне кедергі жасайды.

Көміртек (ІІ) оксиді дем алу арқылы қанға түседі, содан кейін гемоглобинмен берік қосылыс түзеді карбоксимиоглобин (СОМНb). Көміртек (ІІ) оксидінің гемоглобинмен беріктігі 300 есе артық оттегімен салыстырғанда.

Көміртек (II) оксидімен уланған адамның қанында гемоглобин және оның қосылысы оттегімен және көміртек (II) оксидімен байланыспаған дезоксигемоглобин (Нb), оксигемоглобин (ОНb) — гемоглобин, оттегімен байланысқан күйде болуы мүмкін. Карбоксигемо­глобин (СОНb)—гемоглобин көміртек (II) оксидімен байланысқан. Сонымен қатар қанда мет гемоглобина (MtHb) болуы мүмкін. Улану кезінде метгемоглобин көміртекне (II) оксидімен байланыспайды..

Көміртек (II) оксидімен уланған адамның бұлшықетінде дезоксимиоглобин (МНb), оксимиоглобин (ОМНb) және карбоксимиоглобин (СОМНb) болады.

Қанда карбоксигемоглобиннің болуы көміртек (II) оксидімен уланғанын дәлелдейді. Карбоксигемоглобинді сандық анықтау үшін: спектроскопиялық, спектрофотометриялық, фотоколориме­триялық, газ-хроматографиялық, химиялық және басқа да әдістерді қолданады..

Спектрофотометриялық және газ-хроматографиялық әдістер карбоксигемоглобинді сандық анықтау үшін пайдалады.

Токсикокинетика және биотрансформация

СО организмге тек тыныс жолы арқылы түседі. 1 сағатта СО концентрациясы 3∙10-3 г/л в тең болса адамға токсикалық әсер көрсетеді.

СО токсикалық әсері карбоксигемоглобина — НbСО түзілуіне негізделген. Ауыр уланған кезде СО эритроциттердегі темір гемоглобинімен байланысады.Созылмалы немесе қайта улану кезінде қан плазмасында темір негемоглобиннің деңгейі жоғарлайды. Темір түскен СО бекітеді.. Аз концентрацияда әсер еткенде СО тіндерде анықталады. СО темір қүрамдас ферменттермен бекітіліп, буындарда темір гемоглобинімен байланысады. Гемоглобиннің миоглобинмен салыстырғанда СО және О шамамен 5 есе аз. СО қан және буындарда таралуы концентрациясына байланысты.Өлімге әкелген улану кезінде қандағы құрамы 58—85% НbСО, қанқа бұлшықетінде 10—53%, миокардта — 3—44% карбоксимиоглобин (МbСО). Буындардағы МbСО концентрациясы қандағы НbСО концентрациясынан төмен болады. НbСО және МbСО концентрациялары улану динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. НЬСО және МbСО корреляциялық коэффициентін анықтау үшін арнайы зерттеулер мен тексерістерді талап етеді.

СО уланғанда көмірсутек алмасуы бұзылады.Қандағы қант деңгейі жоғарлайды. Бірінші минуттан бастап интоксикация басталып гипоксемия әкеледі.Бұл өзгерістер көмірсутек алмасуына СО әсерінен туындайды. Гликоген ыдырауының нәтижесінде туындайды. Гликогенолиздің жоғарлауы гипергликемияға әкеледі.Глюкозаның көп мөлшері қанда және бас тіндерінде кездеседі.

Көміртек оксиді ағзадан негізінен бірнеше сағат ішінде тыныс жолдары арқылы шығарылады. СО-ны дем алып болған соң удың 60—70%-ы адамда 1 сағат ішінде шығарылады, 4 сағаттың ішінде адам ағзасы абсорбирленген 96%-ы шығарылады. Аз мөлшерде СО теріден шығарылады — шамамен 0.007 мл/сағ мөлшерде, ал АІЖ мен бүйректен сәл көп мөлшерде шығарылады. Зәрмен СО темірмен комплекс түзе шығарылады.

СО-мен уланудың лабораториялық диагностикасы қандағы НbСО-ны анықтауға негізделген. Сонымен қатар науқас стационарға түскендегі қандағы НbСО мөлшері науқас улану дәрежесін дәл көрсетпеуі де мүмкін. Көп жағдайда оның мөлшері оның шынайы мөлшерінен аз болуы мүмкін, клиникалық симптаматика ауыр улануды көрсетеді. Бұны уақыт өткен соң НbСО диссоциациясы жүруімен түсіндіреді, сондықтан үлкен диагностикалық мәнге улану үстінде алынған қан ие болады.

Әдебиеттер:

  1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

  2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

  3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

Бақылау сұрақтары:

  1. Улы булар мен газдар. Көміртек оксиді..

  2. Уланудың кең таралу себептері.Токсикалығы..

  3. Токсикокинетикасы.

  4. Улану клиникасы мен клиникалық диагностикасы..

  5. Дезинтоксикациялық терапия құрамындағы гипербариялық оксигендеу әдісі.

  6. Сапалық анализ.Қандағы карбоксигемоглобинді анықтаудың химиялық экспресс-әдістері.

Тақырыбы 2. Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдісінің принциптері..

Мақсаты: Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдістерімен студенттердің танысуы

Оқыту мақсаты: Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдістері бойынша студенттерде білім деңгейін қалыптастыру. принциптері

Өткізу түрі: презентациямен топтық талдау, индивидуальді сабақ өткізудің нәтижелерін талдау.

Тақырып бойынша тапсырмалар– Карбоксигемоглобиннің химиялық әдістерінің презентациясы

1. Биообектіде СО (II) анықтау әдістері.

2. Қандағы СО анықтау

Таратылатын материал

Биообектідегі СО (II) анықтау әдістері

Қандағы СО-ны анықтау

Қандағы СО-ны анықтау үшін, алдын ала сынамаларды, спектрофотометрияны, газды хроматографияны және арнайы әдістерді және т.б. әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Қандағы СО-ны анықтау не СО мөлшерімен, не қандағы СО, СО,. О,, N. Газ қоспасын бөліп алып, газ мөлшерін өлшеп, СО (ІІ) мөлшерін анықтайды.

Зерттеудің алдын ала әдістері (химиялық). Төменде көрсетілген реакцияларды жүргізу барысында параллельді екі сынаманы НЬСО-сы жоқ қанды және уланған қанды тексереді. Сынамаларға реактивтердің бірдей мөлшерін қосып, боялудың өзгерісін байқайды. Бояу тек қалыптьы қандажүреді. Уланған қанның түсі өте аз өзгереді не өзгермейді.

Экспресс-тестерді улану жерінде не науқастың клиникаға түскен мезетінде жүргізеді. Мақсат-тез арада НЬСО-ны анықтау.

Тест /. 15 мл суға 1—2 тамшы зерттелетін қанды және бөлек донор қанын қосып, шайқайды. Қалыпты жағдайда сынама ашық-қызыл түсті, НЬСО болғанда шие-қызыл. Содан соң 5 тамшы 20% натрий гидроксидін қосады.Жақсылап шайқағаннан соң НЬСО болғанда бірнеше секунд бойы ашық-қызыл түс сақталады ( НЬСОконцентрациясы 20%-дан кем емес). Егер ашық-қызыл түс сарыға ауысса НЬСО-ның қанда болмағанын не 20%-дан кем екенін көрсетеді. Донор қанымен бақылау сынама жүргізеді.

Тест 2. Екі пробиркаға 10 мл-ден дистиллир.су тамызады,1-не 5 тамшы анализденетін сынама (қан) және 5 тамшы жаңа дайындалған аммоний сульфиді ерітіндісін, екіншісіне — 5 тамшы донор қанымен 5 тамшы жаңа дайындалған аммоний сульфиді ерітіндісі. Ақырын араластырғаннан кейін екі пробиркаға 2—3 тамшы 30% сірке қышқылын қосады. Анализирденетін сыныма НЬСО болса-қызыл түске, бақылау сынама (донор) — лас жасыл түске боялады..

Тест 3. 5 мл қанға (анализденетін және донорлық), 100 есе сумен сұйытылған, 5 тамшы концентрленген мыс сульфидінің ерітіндісі.Көп уақыт бойы қатты шайқайды. НЬСО бар қан қызыл түске боялады, болмаған жағдайда жасыл түске боялады.

Тест 4. 1 тамшы қан (анализиденетін және донорлық ), 40 тамшы су және 5 тамшы 40% фенилгидразин ерітіндісін қосады. НЬСО бар қан ашық-қызыл түске боялады, ал болмаса қара-қызыл түске боялады..

Тест 5. 5 мл қанды (анализиденетін және донорлық), 100 есе сұйытылған 1% калия (ІІІ) гексаиианоферраттың 5 тамшысын қосады. НЬСО бар қан қызыл шие түсті, ал болмаса ашық қоңыр түске боялады.

Басқа да химиялық сынамалар. Жануар бауырының қанын және зерттелетін қанды 2-5 мл 100мл сумен сұйытылады. НЬСО бар қан ашық-қызыл түсті, бықылауға алынған жануар қаны бурлы реңге боялады.

Содан кейін келесі химиялық реакцияларды жүргізеді.

• 1:100 қатынвста болатын зерттелетін және бақылау қанына 30% натрий гидроксидінің бірдей мөлшерде қосады. Көміртек оксиді бар қан күлгін түсін сақтап қалады. Бақылау қаны жасыл-қара түсті болады.

• 1:4 қатынаста сұйытылған зерттеу қаны мен 3 көлемді бақылау қаны танин ерітіндісін қосады. Көміртек оксидімен қан күлгін түсін сақтап қалады.Бақылау қаны қоңыр түске боялады.

• 1:20 қатынаста сұйытылған зерттеу қаны мен бақылау қанына бірдей мөлшерде 20% калий (ІІІ) гексанианоферрата және 2 мл 1:2 сұйытылған сірке қышқалын қосады. Көміртек оксиді бар қан күлгін түсін сақтап қалады.Бақылау қаны бурлы түске боялады.

• Бақылау қанына 5 бөлік қорғасын негізгі ацетатын кір-жасыл түске боялады.Көміртек оксиді бар қан өз түсін сақтап қалады.

• Бақылау қанын формалинмен сүйытқанда бірнеше минут өткеннен кейін кір-бурлы түске боялады,көміртек оксиді бар қан өзінің қызыл түсін бірнеше апта бойы сақтап қалады.

Сұйытылған қанды ақ фильтр қағазына малып оны реактивке тамызып реакцияны жүргізуге болады. Жоғарыда көрсетілген реакциялар аз жарамды ол қанда НbСО аз мөлшерін анықтайды..

Әдебиеттер:

  1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

  2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

  3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. - М.,"Медицина", 1994. –189с.

Бақылау сұрақтар, тестер, есептер және т.б. :

  1. СО қандағы сапалық анализі.

  2. Карбоксигемоглобинді қанда анықтаудың химиылық экспресс-әдісі

  3. Қанда карбоксигемоглобинді спектроскопиялық зертеуі

  4. Әдіс принциптері. Зерттеу әдістері.

  5. Көміртек оксидін газосұйықтық хроматографиялық анализі

  6. Химия-токсикологиялық анализ нәтижесін талдау .

Тақырыбы 3. Қандағы карбоксигемоглобинді спектроскопиялық және спектрофотометриялық әдістермен талдау. Әдістер принциптері.

Мақсаты: Студенттерді қандағы карбоксигемоглобинді спектроскопиялық және спектрофотометриялық талдау әдістермен таңыстыру.

Оқу мақсаты: Студенттерді қандағы карбоксигемоглобинді спектроскопиялық және спектрофотометриялық талдау әдістеріннен алған білімдерін бекіту.

Өткізу түрі: тақырыпты терең меңгеру

Тақырып бойынша тапсырмалар – карбоксигемоглбинді қанда спектрофотометриялық әдіспен анықтау анализ презентациясы

Таратылатын материал

Көміртек {II) оксидін қанда анықтау жолы спектроскопиялық әдіс (Крамаренко В.Ф. Токсикологическая химия.- Выша школа.-Киев.-1989.-С.415-424)

СО (II) мен уланғандардың қанындағы гемоглобин барлық мөлшерде карбоксигемоглобинге айналмайды. Уланудан өлім оксигемоглобиннің карбоксигемоглобинге түгел ауысудан анағұрлым ерте түседі..

Қандағы карбоксигемоглобинді спектроско­ппен анықтауға болады, бұл-бірқатар, соның ішінде карбоксигемоглобинді, заттарды спектральды визуальді анықтауға арналған прибор.

Қанды спектроскоппен қарағанда карбоксигемоглобинның бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік беретін сызықтар мен жолдар көрінеді..

Зерттеуге арналған қанды сумен ашық-қызыл боялған ерітінді алғанша сұйылтады. Бұл ерітіндіні спектроскопиялы зерттелетін кезде сәйкес спектралды жолдар көрінеді.

Қандағы оксигемоглобин ОНЬ спектрі 577-589 және 536-556 нм толқын ұзындығындағы Фраунгофер D және Е сызықтары арасында 2 жұтылу аймағына ие болады. Карбоксигемоглобиннің СОНЬ жұтылу аймағы 564—579 және 523—536 нм толқын ұзындығына сәйкес.

Зерттелетін қанның 4 көлеміне 1 көлем (NH4)2S немесе басқа тотықсыздандырғыштарды (дитионит натрия Na2S2O4 ) қосқан кезде оксигемоглобин (ОНЬ) дезоксигемоглобинге НЬ ауысып, спектрінде жұтылу аймағы 543—596 нм-ге сәйкес болады.Сондықтан да тотықсыздандырғыштарды қосқан соң карбоксигемогло­биннің жұтылу аймақтары жоғалып кетпейді.

Окси және карбоксигемоглобин бар қанға аммони сульфид ерітіндісін қосқанда НЬСО-ның 2 жұтылу жолы қолып, ОНЬ-ң жұтылу жолдары жойылады. Қандағы сәйкес жұтылу жолдары бойынша СО (ІІ)-мен улану туралы қорытынды жасайды.

Спектральды анализ зерттелетін қанда 10—30 % карбоксигемоглобин болса жүзеге асырылады.

Оптикалық әдіс (Калетина Н.И.-Метаболизм и определение токсиканто.-М.-ГЭОТАР-Медиа.-2008.-С. 753-759)

СО-ға объектіні зерттеуге негізінен уланған қан мен СО бар өндіріс ауасы алынады.

Қандағы НЬСО-ны зерттеудің үлкен диагностикалық мәнге улану алдында алынған қан ие болады, себебі науқасқа алғашқы дәрі-дәрмектермен көмек көрсеткен кезде СО мөлшері төмендеп, қандағы НЬСО мөлшері взаяды. СО-ны спектрофотометриялы анықтау кең таралған себебі гемоглобинды құрылымдар аймағында абсорбцияға ие.

Роке әдісі төмен концентрациялы НЬСО-ны анықтаудағы қолайлы әдіс болып табылады. Ол НЬ және НЬСОтотықсызданған натрий гидросульфит спектрінің жұтылу қабілетін салыстыруға негізделген.НЬ және НЬСО гидросульфит натриймен байланыспайды. Спетрлерді қанды (0,1мл) аммиак ерітіндісімен (50мл) сұйылтқаннан кейін түсіреді. НЬ және НЬСО абсорбциясын 420 және 432 нм-де өлшейді.Алдын-ала 420 және 432нм-дей экстинкцияның молялы коэффициенті анықталынып алынады. 420 нм-де НЬСО абсорбциясы НЬ-ге қарағанда 2 есе жоғары, ал 432нм-де НЬ абсорбциясы НЬСО-ге қарағанда 3 есе жоғары. Арнайы формула арқылы қан құрамындағы НЬСО-ны анықтағанда 420 және 432нм-дегі НЬ және НЬСО абсорбция айырмашылығы есептелінеді.Рооке әдісін өткізу және математикалық есептеулері қиын болғанымен алынған нәтижелері дәлірек анықталады.

Спектроскопиялық әдіс. Спектроскопиялық (микроспектральді) анализ гемоглобин және оның туындыларының белгілі бір толқын ұзындығында жарық жұту қасиетіне негізделген. Құрамында гемоглобин және оның туындылары бар сұйықтықтан жарық сәулесін өткізгенде спектрде қара жолақтар пайда болады. Гемоглобиннің әр туындысына тән спектрдің арнайы бөліктерінде жолақтар шығады.

Сот-медициналық тәжірибеде спектроскоп сияқты окулярмен қосылған микроспектроскоптарды қолданады.

Спектрде оксигемоглобиннің (НЬО) 2 жолағы λ 589— 577 және λ 556—536 нм-де, қалпына келген гемоглобиннің (НЬ) λ 596—543 нм-де бір жолағы,ал НЬСО –ның λ 579—564 және λ 536—523 нм-де 2 жолағы бар..

Зерттеуге қанды сумен сұйылтады. Сұйылтуды спектро­скопта Фраунгофердің О және Е жазықтарының арасындағы жасыл және сары аймақта 2 жолақ пайда болғанша жалғастырады. Бұл жолақтар НЬО сәйкес.Сұйықтыққа жаңа дайындалған (Гм'Н4) қосқанда, НЬО редуцирленген гемогло­бинге қайта тотығады. Біраз уақыттан соң алдында пайда болған 2 жолақтың орнына, екеуінің ортасынан 1 кең жолақ пайда болады. Құрамында СО бар қанды спетроскопиялық зерттегенде де, НЬСО-ға тән 2 жолақ көрінеді.. НЬСО және НЬО спектрлерін салыстырғанда олардың жолақтары сәйкес келмейді. НЬСО-ға аммоний сульфидің қосқанда, қайта тотықпайды және пайда болған 2 жолағы жоғалып кетпейді.

Уланған кезде қан СО толық қанықпайақ адам өліа кетеді.Сондықтан мәйіттің қан құрамында НЬСО мен қатар НЬО-да кездеседі. Аммоний сульфидін қосқанда спектроскоптағы НЬСО-ның 2 жолақтарының арасында күңгірттену- қалпына келген гемоглобин жолағы пайда болады.

Колориметрлік әдіспен қан құрамындағы НЬСО сандық анықтау. (модифицирленген Вольф әдісі). Бұл әдіс НЬО-ның НЬСО-ға қарағанда 15 минут ішінде рН 4,95. температура 55—60 "С болғанда тұнбаға түсуіне негізделген. Ал НЬСО-ның тұнбасына көбірек уақыт керек. Сөйтіп, осы 2 затты бөліп алып НЬСО-ны колориметриялық анықтайды. Құрамында гемоглобині анықталған қанды әртүрлі дәрежеде сұйылта отырып, колибрлі қисық құрады..Зерттелетін қанды 50— 100 есе сұйылтып, жарықты жұтылуына және калибрлі қисыққа қарай отарып, гемоглобин концентрациясы анықталады. Гемоглобиннің СО-мен қанығу пайызын тиісті формуламен анықталады.

СО-ны Вольфәдісімен анықтауды уланудан пайда болған өлімнен кейін тез арада өткізу қажет. Себебі, ұзақ уақыттан кейін молекулалардың белокты бөлігі өзгеріп, гемопротеиндермен НЬСО-ның ерігіштігі өзгереді..

Фревурст — Майнекенің спектрофотометриялық әдісі.

Бұл әдіс гемолизденген қанның белгілі толқын ұзындықтарында (X 575 немесе 578 нм). Жарық жұту қабілетіне негізделген. Ол НЬО гидросульфат натриймен тотықсызданғанға дейін және кейін өткізіледі. Қанның 100% СО-ға қаныққан кездегі жарық жұту қабілеті натрий гидросульфитін қосқаннан кейінде өзгермейді. Егер қанның құрамы СО-ға толық қанықпаса немесе СО болмаса, ол азаяда. Оның азаю дәрежесіне байланысты НЬСО-ның пайызын анықтайды.

Клинико-химиялық зертханалар автоматтандаралған дифферен­циалды спектрофотометрлермен жабдықталған. Олар біруақытта гемолизденген қанның 4 және одан да көп толқын ұзындықтарында жалпы гемоглобин мөлшерін, НЬО және НЬСО пайыздық қатынасын және метгемоглобинмен сульфагемоглобиннің оптикалық тығыздығын өлшейді.

Спектрофотометриялық әдіспенқандағы карбоксигемоглобинді анықтау.

Зерттелетін қанға тотықтырғыш (натрий тиосульфат) қосқаннан кейін окси- және мет-гемоглобиннен тотыққан гемоглобин түзіледі.Соңғысының жұту спектрі 8-16, Б суретінде көрсетілген..

Оттегіге қарағанда СО газы гемоглобинге ұқсас болғандықтан, НЬСО-кешені натрий тиосульфатқа бұзылмайды. Сондықтан НЬСО кешенін натрий тиосульфатпен өңдегенде өзіне тән 2 жұтылу жолағы көрінеді. (сурет. 8-16, А). А және Б спектрлерінің оптикалық тығыздығының максимальді ерекшелігі 540 нм толқын ұзындығында байқалса, ал 579 нм толқын ұзындықтарында олар шамалас тең келеді. Қан құрамындағы СО-ның пайыздық мөлшері ( 8-16. А сурет) анықтауға болады: құрамында НЬСО жоқ, сау оптикалық тығыздық мөлшерінің ( 8-16. Б суреті) мәні және натрий тиосульфаты қосылғаннан кейінгі зерттелетін үлгі (8-16. В сурет) қатынасымен:

где х — оптикалық тығыздығы..

8-16 сурет. А-НЬСО уф спектрлері, Б-қалпына келген гемоглобина, В-көміртегі оксидімен уланған паписта қаны.

Нәтижелердің интерпретациясы

• Қандағы СО деңгейі < 5%: қалыпты; темекі тартатындар 10% дейін.

• Қандағы СО деңгейі 10—20%: жеңіл дәрежедегі интоксикация.

• Қандағы СО деңгейі 20—30%: орташа дәрежелі интоксикация .

• Қандағы СО деңгейі 30—40%: орташа дәрежелі интоксикация , бірақ коллапс болуы мүмкін.

• Қандағы СО деңгейі 40—50%: орташа дәрежелі интоксикация , тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйесі зақымдалады, жиі колапс болады, қайтыс болуы мүмкін.

• Қандағы СО деңгейі 50—60%: ауыр дәрежелі интоксикация — кома, талмалар,қайтыс болуы мүмкін..

• Қандағы СО деңгейі 60—90%: қайтыс болады.

Әдебиеттер:

  1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

  2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

  3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қанда көміртек (II) оксидін анықтаудың оптикалық әдістері.

  2. Қанда көміртек (ІІ) оксидін анықтаудың спектроскопиялық әдісі.

  3. Қанда НbСО аз концентрациясын анықтау Рооке әдісі.

  4. Қанда НbСО колориметриялық әдіспен сандық анықтау

  5. Фревурста — Майнектің спектрофотометриялық әдісі.

Тақырып 4 –Көміртек оксидін талдауда газдысұйықтық әдісін қолдану. Сандық мөлшерін анықтау қорытындыларын бағалау. Талдау құжаттары.

Оқу мақсаты: Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдістері жайлы білімді студенттерде қалыптастыру.

Өткізу түрі: топтық презентация өткізу, сабақ нәтижелерін талдау.

Тақырып бойынша тапсырмалар: көміртек оксидінің талдау жолы газдысұйық хроматография әдістің презентациясы

Таратылатын материал

Газохромотографиялық әдіс

Қанда СО сандық анықтау үшін қолданылатын газды хроматография қарапайым және тікелей әдіс болып табылады.Қаннан НЬСО СО бөліп шығуы натрия карбонатын немесе басқа заттарды қосқанда жүзеге асырылады. Газ фазасы хроматографқа енгізіледі, жылу өткізгіш детекторымен жабдықталған.СО концентрациясы СО калибролық график бойынша пик ауданын внықтағаннан кейін есептелінеді.Әдістің нәтижесін дұрыс деп есептеуге болады, егерде НЬСО концентрациясы 30—100% болса. Қателік көрсеткіші10%.

СО қанда анықтаудың газохроматографиялық әдістен басқа оны метан немесе С02 ауыстыруға негізделген.

Бірінші әдісте СО қаннан босап шығуы кезінде реактор-дозаторында гелиенді газды қоспаны хроматографиялық колонкадан тез арада ығыстырып шығарады. СО каталитикалық күйде сутегі метанға дейін тотықсызданады..

Екінші әдісте С02 және СО силикагелеммен бірге бір бағанда бөлінеді, содан кейін бес оксидті иод СО-СО дейін тотығады, соңғысы детектормен тіркеледі. Тотығу-тотықсыздану нәтижесі бойынша , пиктердің айырма көрсеткіштерін анықтай отырып СО анықтауға мүмкіндік береді. .

Әдебиеттер:

  1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

  2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

  3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

Бақылау сұрақтары:

  1. Көміртек (ІІ) оксидін оптикалық жолмен анықтау.

  2. Көміртек оксидінің анализі газсұйықтық хроматографиялық әдісі.

  3. Сандық анықтауды қолданылған химия-токсикалық анализ нәтижесін сараптау.

  4. Анализ документациясы.

  5. Қорытынды құрастыру.

Тақырып 5. Аралық бақылау: коллоквиум

Мақсаты : студенттердің білім деңгейін тексеру

Оқыту мақсаты: СО-мен ауыр уланғанда методологиялық соттық-химиялық сараптауды негізге ала отырып аналитикалық диагностиканы жасау үшін құқықтық-ұйымдастыру білімдерін қалыптастыру. Лабораториялық және эксперттық зерттеулерге құжаттық тәртіпті меңгеру. Экспертизалық қорытынды шығаруды үйрету.

Өткізу түрі: варианттық тапсырмаларға жауап беру.

Әдебиеттер:

  1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

  2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

  3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

Бақылау сұрақтары:

  1. Арнайы оқшаулау әдістерін талап етпейтін улы заттар тобының химия-токсикалық талдауы. Улы бу және газ. Көміртек оксиді.

  2. Организациялық-құқықтық және методологиялық негізде СО-мен ауыр уланғанда соттық-химиялық экспертиза және аналитикалық диагностикалау..

  3. Уланудың таралуы, себептері.

  4. Токсикалығы.

  5. Биохимиялық токсикология (токсикокинетика, токсикодинамика және ағзадағы СО биотрансформациясы).

  6. Улану клиникасы мен клиникалық диагностикасы.

  7. Гипербарсиялық оксигенация әдісін қолданып дезинтоксикаця терапиясындағы комплексті әдіс.

  8. Сапалық анализ.

  9. Қанда карбоксигемоглобинді анықтауды эксрпесс химиялық әдістері.

  10. Қандағы карбоксигемоглобинді спектроскопиялық және спектрофотометриялық әдістермен талдау.Әдістер принциптері..

  11. Көміртек оксидін талдауда газды-сұйықтық әдісін қолдану .

  12. Химия токсикалық анализ сандық анықтау нәтижелерін сараптау.

  13. Анализ құжаттары.

  14. Қорытындыны құрастыру.