Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Каз Токс хим 14-15 гг каз новая.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Әдістемелік нұсқаулар

(ОБСӨЖ)

Несие № 1-2

1. Тақырып 1. Улар және улар туралы түсінік. Уытты агенттер классификациясы. Уыттылық. Уыттылық рецепторлпры. Химиялық заттардың уыттылық рецепторларымен әрекеттесуі.

2. Мақсаты: Улы эффекттердің (тепе-теңдік процестері) және улылық-рецептор типі жүйесіндегі әрекеттесулердің қалыптасу механизмі туралы материалдарды оқып үйрену.

3.Оқытудың міндеттері: Студент материалды жүйелендіріп игерумен қатар тапсырманың аргументті қорытындысының барлығын толықтай білуі қажет.

4.Өткізілу үлгісі: презентациямен топтық талқылау.

5. Тақырып бойынша тапсырма:

1. Улы эффекттердің (тепе-теңдік процестері) қалыптасу механизмі.

2. Улылық-рецептор типі жүйесіндегі әрекеттесулер.

6. Таратылатын материал: тақырып бойынша ақпараттық материал.

7. Әдебиеттер:

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) келесі сұрақтар бойынша жазбаша түрде:

1. У және улануға (өткір, асқынған) анықтама беру қажет.

2. Улылықты анықтайтын факторларды атап өту.

3. Улану эффекттерінің пайда болуына әр түрлі факторлардың әсері.

4. Уланудың-құрылымы туралы айта кететін болсақ нені түсіндіруге болады?

5. Рецепторлар. Рецепторлардың жасушалық локализациясы және олардың биоқұрылымдармен үйлесімі.

6. Улы агенттердің типтерінің классификациясы: химиялық, улану кезеңіне негізделген, практикалық пайдалану, гигиеналық, удың патофизиологиялық әсеріне негізделген, токсикологиялық, уланудың кейбір түрлері, биологиялық материалдан изолирлену әдісі бойынша.

7. Уланудың рецепторларымен химиялық заттардың өзара әрекеттесуі.

1. Тақырып 2. Уытты механизмге және зерттеу әдістеріне ықпалы бар токсиканттың физико-химиялық сипаттамалары және биологиялық орта.

2. Мақсаты: Уланушыға физика-химиялық сипаттама және улану механизміне әсер етуші биологиялық орта туралы материалды оқып үйрену.

3.Оқытудың міндеттері: Студент материалды жүйелендіріп игерумен қатар тапсырманың аргументті қорытындысының барлығын толықтай білуі қажет.

4.Өткізілу үлгісі: презентациямен топтық талқылау.

5. Тақырып бойынша тапсырма:

1. Уланушыға физика-химиялық сипаттама және улану механизміне әсер етуші биологиялық орта, улану механизмі.

2. Ксенобиотика және оның улылығының корреляция құрылымы. Топологиялық индекстер.

6. Таратылатын материал: тақырып бойынша ақпараттық материал.

7. Әдебиеттер:

1. Калетина Н.И. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.

8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) келесі сұрақтар бойынша жазбаша түрде:

1. Фазааралық өтілімдер тв↔ж, диаграммалар рН-ерігіштігі.

2. Фазааралық тепе-теңдік ж1↔ж2, диаграммалар рН-ерігіштігі.

3. Қышқыл-негіздік ксенобиотиктер табиғаты және фазааралық тепе-теңдік ж1↔ж2 рН биоорта әсері.

4. Тотығу-тотықсыздану потенциалы Е0 және ксенобиотик улылығының рН орта әсері. Токсиканттарға және биоорталыққа арналған рН-потенциал диаграммалары.

5. Ксенобиотика және олардың улылығының корреляция құрылымы. Топологиялық индекстер.

1. Тақырып 3. Зерттеу нысандары (айғақты заттар) – адам және жануарлар өлік денесінің ішкі ағзалары, ас өнімдері, адам бөлінділері (зәр), киім, су, ауа және т.б. сыртқы орта обьектілері. Сот – химиялық сараптамада обьектілерді таңдап алу, жіберу және қабылдау ережелері.

2. Мақсаты: Кейбір ұжымдық сұрақтарды, соттық-медициналық сараптамалар және химика-токсикологиялық талдаудың жалпы сұрақтарын оқып-үйрену.

3.Оқытудың міндеттері: Студент материалды жүйелендіріп игерумен қатар тапсырманың аргументті қорытындысының барлығын толықтай білуі қажет.

4.Өткізілу үлгісі: презентациямен топтық талқылау.