Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22222222222222.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

43.Кардиомицит потенциалын зерттец әдістері

Кардиомиоциттегі қозу құбылысын арнаулы әдістермен зерттейді. Соның бірі кальции иондарын блокатор арқылы тежеу әдісі. Миоциттегі кальции тогын (кальции иондарының ағынын) тежейтін Д-600, верапамид, Li Mn2+ металдарының катионы т.б. препараттар анықталды. Олар кальции иондарын жасушаға енуін тежейді, соның нәтижесінде мембранадағы әсер потенциалының шамасы мен түрі өзгереді. Жүрізілген тәжрибелер кальции каналдарын тетродотоксинмен, натрии ионымен тежеуге болматындығын көрсетті, бұл жағдай кардиомиоцитте жеке кальции каналдарынынң болатындығын дәлелдейді. Келесі люминесценттік талдау әдісі. Бұл әдіс жарқырауық медузадан алынған экворин ақуызы арқылы кальции иондарының тасымалдауын бақылауға болады. Оның басты ерекшілігі кальции ионын қосып алған экворин ақузы өзінен жарық шығарып, люминесценцияланады.Қалыпты жағдайда және патология кезінде жүрек бұлшық еттерінде кальции иондарының таралуын радионуклидті диагностика әдісі арқылы анықтайды. Осы мақсатта кальцидің Са45 изотопы қолданылады. Изотаптан шығатын бета сәулесін сканер арқылы тіркейді.

44.Жүректе потенциалдың таралуы Енді жүрек бұлшық етінде қозудың (әрекет потенциалының - электр импульсінің) таралу механизмін қарастырайық. Жүрек құлақшасында орналасқан, тұрақты түрде үздіксіз электр импульсін өндіретін «синоаурикулярлы (синус) түйіні (Кейт-Флака түйіні)» деп аталатын ерекше нүкте бар. Ол өндірген электр импульсі жүрек бұлшық еттерінде таралып, жүрек қарыншасы мен жүрекшелерді кезек- кезгімен синхронды түрде жиырылуын қамтамасыз етеді.СТ өндірілген электр импульсі (әрекет потенциалы) алдымен жүрек құлақшасына 1 м/с жылдамдықпен жетеді, 40 миллисекундтан соң құлақшаның барлық аймағы қозған күйге, яғни деполяризация күйіне көшеді. Жүрек құлақшасында әр түрлі жолдармен тарағын электр импульстары, жүректің фиброзды ұлпасында орналасқан, электр импульстарын өткізбейтін (қозбайтын), қарыншаны жүрекшеден бөліп тұратын атриовентрикулярлы түйінге бір мезгілде жетеді. Тек осы түйін ғана қозуды, яғни электр импульстарын қарыншадан жүрекшеге жеткізетін бірден бір жол болып саналады. Бұл түйіннің электрлік кедергісі жоғары, сондықтан онда электр импульстарының таралуы қарыншаға қарағанда 0,02-0,05 м/с баяу жылдамдықпен тарайды. Аталған құбылыс атриовентрикулярлы тежеу деп аталады. Бұл тежеу диастола кезінде қарыншада жиналған барлық қан көлемін жүрекшенің жиырылуына дейін жүрекшеге жиналуына жететіндей уақыт береді. Атриовентрикулярлы түйіннен тараған электр импульсі жүректің өткізгіш келесі буыны- Гиса шоғына (түйініне) жетеді. Бұл аймақтағы талшықтар жуан болғандықтан оларда электр импульстары 2-3 м/с жылдамдықпен тарайды. Гиса шоғынан Пуркинье талшықтары тарайды, олардың диаметрлері миокард талшығына қарағанда үлкен, сондықтан бұл талшықтрда электр импульстарының таралу жылдамдағы 4-5 м/с жетеді. Ары қарай электр импульстарның таралуы баяулайды, бұл жүрекшенің барлық бұлшық еттерінң синхронды түрде жиырылуына мүмкінді береді. Осылайша электр импулісі жүрекшенің қарынша аймағанда жиырылмаған бөлігіне жетеді. Жүректің электр импульсін тарату жүйесіндегі ақау аритмия немесе жүрек соғуының бұзылуы деп аталады. Мұндай ақау жүрек соғысының өте төмен (брадикардия) немесе өте жоғары (тахиаритмия) болуына алып келеді.

45.Эйтховен теориясы: жүрек электрлік диполь Медициналық практикада жүрек потенциалын өлшеу әдісін электрокардиография(ЭКГ) деп атайды, ал өлшеу құралын электрограф деп, өлшеу нәтижесінде алынған қағаздағы жазба мәлімет электрограмма деп аталады. Оның негізіне Эйнтховенның тармақтар теориясы алынған. Бұл теорияға сәйкес жүрек диполдық моменті РЖ болатын электр диполі ретінде қарастырылады, ол жүрек қызметінің циклына сәйкес уақыт өтуіне қарай өз осі бойымен кеңістікте бұрылады, орналасуын өзгертеді. Эйнтховен жүректі үштары «оң қол - сол қол- сол аяқ» болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ортасында орналасқан деп санауды ұсынған (7 сурет). Олай болса диполдің дипольдік моментінің үшбұрыш қабырғаларына түсіретін проекциясы жоғарыда аталған нүктелер арасындағы потенциал айырымына тең, ол өз кезгінде жүрек потенциалын сипаттайды. Биопотенциалдары өлшенетін екі нүкте жұбы «тармақтар» деп аталады. Осыған сәйкес 1912 ж. Эйнтховен «ОҚ- СҚ-СА» тармақтарын «стандартты тармақтар жүйесі» деп атауды ұсынды және ол үш тармақтан тұрады. І тармақ «оң қол- сол қол», ІІ тармақ «оң қол- сол аяқ», ІІІ тармақ «сол қол- сол аяқ». Әр тармаққа өз потенциалдар айырымы UI : UII : UIII сәйкес келеді.«Диполь-жүрек» уақытқа байланысты өз осімен айналатындықтан оның тармақтардағы проекциясы потенциалдар айрымының уақытқа тәуелділігін көрсетеді, оны электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды (8 сурет). Жүрек диполдің РЖ моменті мен оның І тармақтағы проекциясы арасындағы  бұрыш жүректің электрлік осінің бағытын көрсетеді, ол көбіне жүректің анатомиялық осімен сәйкес келеді

46.ЭКГ-ның тармақтары мен толқындары

Медицналық практикада стандартты тармақтардан басқа кардиалды униполярлы ( кеуде) ЭКГ тармақтары да кең түрде қолданылады. Мұнда бір электродты активті деп атап, оны кеуде қуысының сол жақ бетінің 6 нүктесіне орналастырады. Бұл активті электрод Вильсон электродымен бірге 6 кеуде тармағын құрайды. Кеуде тармағы «V» бас латын әрпіне активті электродтың орналасқан орнына сәйкес келетін санды тіркеп жазу арқылы белгілейді

V1 тармағы – активті электрод оң жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.

V2 тармағы - активті электрод сол жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.

V3 тармақ - активті электрод екінші және төртінші позицияда, яғни сол жақ парастерналды сызық деңгейіндегі төртінші қабырға нүктесіне орнатылады;

V4 активті электрод сол кеуде кусындағы 5 қабырға аралық сызық бойына орнатылады;

V5 активті электрод сол жақ қолтық асты сызығының бойына орналатылады;

V6 активті элемент сол жақ қолтық асты горизонталь сызық бойына орналатылады;

ЭКГ диагностикалық мәліметі ретінде оның P, QRS және T тістерінің биіктігі және P-Q, Q-R-S,S-T, R-R интервал ұзақтығы алынады. Пациентен алынған ЭКГ мәліметтерді төмендегі кестеде берілген стандарты мәліметпен салыстырылады. Электрокардиограммадағы Р тiсi жүрекшенің жиырылуы алдында, Q,R,S тiстер кешкнi жүрек қарыншасының жиырылуы басталарында, ал T тісі оның соңғы кезеңiнде пайда болады. Q-T аралығының өзгерiсi жүректе әр түрлi функционалдық бұзылу болғанда бйқалады.Мысалы, Q-T аралығы түрегеп тұрған жағдайда жүректiң соғу ырғағы жиiлегендiктен қысқарады, ал жатқанда бұрынғы қалпына қайтып келедi.Дем алған кезде аздап қысқарады, ал терең дем шығарған кезде алғашында тахикардияның әсерiнен қысқарады, содан соң брадикардияның пайда болуынан ұзарады. Физикалық жүктеме оның аралығын қысқартады, ал көз алмасындағы қысым оны ұзартады. R тiсi жүрек қарыншасының белсендi бұлшық еттерiнiң ұлпаларының потенциалын көрсетедi. Оның амплитудасы сәйкес қарыншаның бұлшық ет массасының шамасына тәуелдi.

47.ЭКГ талдау, есептеу ЭКГ II тармағында қалыпты жағдайдағы жүрек биопотенциалы мен уақыт интервалың мәндері Бiр тармақ үшiн (көбiнесе II тармақ) ЭКГ-i тiсiнiң биiктiгiн өлшеу 2 – суретте көрсетілген. ЭКГ-i тiсiнiң биiктiгi (h), ал калибровтiк импульстiң биiктiгi (S) арқылы, ЭКГ-нiң әр тiсiне сәйкес келетiн потенциалдар айырымын U=h/S формуласы арқылы анықтау керек.

Өлшеу және есептеу нәтижелерiн 1-кестеге енгiзу керек.

ЭКГ-нiң уақыттық (t) интервалдарының ұзақтығын өлшеу үшiн ЭКГ-нiң тiстерiнiң ара қашықтығын L өлшеп, (2-сурет), оны таспаның жазу жылдамдығына бөлу керек, яғни t=L/V.

Пациент жүрек соғуының жиiлiгiн (ню)=60/tR-R анықтау керек.

Өлшеу және есептеу нәтежиелерiн 2-кестеге енгiзу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]