Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22222222222222.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

125. Электроэнцофалография,медицинада қолданылуы

Электроэнцефалография (ЭЭГ)- ми қабаттарының жұмыс істеу кезіндегі биоэлектрлік белсенділігін зерттейтін әдіс. Жүйке жасуша мембранасының тыныштық күйдегі потенциалы 60-70 мкВ. Зат алмасу баяулаған немесе тоқтаған кезде нейрондардың электрлік белсенділігі төмендейді, сонан соң толық тоқтайды. Бұл мидың клиникалық және биологиялық қызметінің толық тоқтатылғандығының көрсеткіші. Жекеленген нейрондардың деңгейінде өтетін электрлік үдерістерді, сол нейрондарға тікелей енгізілген микроэлектродтардың көмегімен тіркеуге болады. Сау адамның ЭЭГ-сында біріктірілген (синхронды! Ми құрылымынң жақсы ұйымдастырылғаг ырғақты тербелістері болады. Қазіргі кезде мидың функционалдық белсенділігін реттеу, негізінен, бағаналық құрылымдармен және бірен-саран мидың алдыңғы преоптикалық аймағы арқылы орындалатындығы белгілі.

126. Медициналық техникаларды жіктеу: диагностикалық және терапиялық

медициналық техника деп - биологиялық объектілер мен адам ағзасындағы физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық, физикалық өзгерістерді анықтайтын, өлшейтін және оларды тіркейтін, сонымен қатар оларда кездесетін биологиялық сипаттағы ауытқуларға (патологиялық) табиғаты әр түрлі физикалық факторлармен әсер ету арқылы қалпына келтіру мақсатында қолданылатын техникалар, аппараттар мен құралдар тобын атаймыз.

медициналық құралдарды мынандай топтарға жіктедік:

1. Механика(тербелістер мен толқындар) және молекулалық физика құбылыстарына негізделген (жылу мен суық көздері) факторлар (ММФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

2. Тұрақты электромагниттік (электр/магнит өрістер, тұрақты ток, кедергі) факторлар (ТЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

3. Импульсті (айнымалы төменгі, жоғары, ультра жоғары, аса жоғары, қиыр шеткі тербелістер немесе толқындар) электромагниттік факторлар (ИЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

4. Оптикалық факторлар (ОФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

5. Атомдық және ядролық факторлар(АЯФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы

6. Кванттық физика (кванттық/информациялық медицина) факторлары (КФ) қолданылатын медициналық техникалар тобы

7. Аралас физикалық факторлар (АФФ) қолданатын медициналық техникалар тобы

8. IT және жоғары технологиялық факторлар (ITФ) қолданылатын күрделі медициналық құралдар тобы

Медицинада қолданылатын құралдарды қолдану мақсатына байланысты оларды: диагностикалық, терапевтік және зертханалық (клиникалық лаборатория) құралдар деген топтарға бөлеміз. Бұл құралдардың жұмыс принциптері физикалық құбылыстарға (факторларға) негізделгендігі туралы өткен тарауларда айтылған болатын. Диагностикалық мақсатта қолданылатын физикалық факторларды олардың физикалық қасиетіне байланысты таңдалған болса, терапевтік мақсаттарда қолданылатын физикалық факторлар биологиялық денелерге тигізетін әсеріне байланысты қолданылады, ал клиникалық зерттеуде қолданылатын құралдар мен қондырғылардың жұмыс принциптері физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]