- •1.Биофизика пәні медицина үшін маңызы
- •2 Биологиялық мембрананың негізгі қызметтері
- •3 3Бм туралы ғылыми болжамдардың даму тарихи
- •6 Жасуша мембранасының құрылысы
- •8 Бм ақуыздар мен липидтер, түрлері
- •12. Жасанды Мембраналар түрлері
- •14. Жасушаның өткізгіштігі туралы түсінік.
- •15.Пассивті және активті тасмалдау
- •17. Диффузия
- •19 Нернст-Планк теңдеуі
- •20. Жеңілдеттілген диффузия
- •21. Осмос.
- •22.Осмос құбылысының медициналық маңызы
- •24. Активті тасмалдау
- •25. Активті тасмалдау механизмі
- •26. Иондық насостар, түрлері
- •28. Иондық каналдар арқылы тасмалдау
- •29. Потенциалға тәуелді иондық канал
- •31. Патенциал туралы түсінік. Патенциалдың түрлері
- •32. Диффузиялық потенциал. Гендерсон теңдеуі
- •33. Тыныштық потенциалының пайда болу механизмі
- •34 Тыныштық патенциалы үшін Гольдман-Ходжкин- Катц теңдеуі
- •35. Әрекет потенциалының пайда болу механизмі
- •36 Әрекет патенциалы үшін Ходжкин-хаксли теңдеуі
- •37.Әрекет патенциалының нерв талшығы бойымен таралуы
- •38. Әрекет патенциалының миелинді нерв талшығымен таралу ерекшелігі
- •39.Секірмелі немесе сальтаторлы таралу. Ранвье үзілісі
- •40. Кардиомиоциттегі әрекет потенциалы туралы түснік
- •41. Кардиомиоциттегі әрекет потенциалының пайда болу механизмі
- •42. Кардиомиоциттегі потенциал фазалары
- •43.Кардиомицит потенциалын зерттец әдістері
- •48.Тәуліктік экг. Холтер мониторингі
- •49. Электрографияның түрлері :
- •50. Кардиостимулятор
- •51. Биологиялық және электрлік емес сигналдарды тіркеу
- •60. Сұйықтықтың тұтқырлығы үшін Ньютон теңдеуі
- •63. Турбуленті ағыстың медицинада қолдану
- •67.Ньютондық емес сұйықтар
- •68.Гемодинамика туралы түсінік
- •71.Қан ағысындағы «Фареуса-Линдквиста» эффектісі
- •77.Қан қысымының тәуліктік мониторинги
- •78.Ағза ұлпасының испедансы
- •83.Ерітіндінің оптикалық тығыздығы
- •84.Жұтылу спектрлері
- •85.Спектрофотометрия кфк-2 құралы
- •87.Люминесценция түрлері
- •91.Фотобиологиялық реакциялар түрлері
- •95.Адам көзінің оптикалық жүйесі
- •104.Иондаушы сәулелер әсерін өлшеу.Дозаметрия
- •109.Сапа коффициенті к.
- •110.Доза қуаты.Өб
- •112.Тұрақты тоқтың биологиялық әсері
- •113.Гальванизация және электрофорез аппараты: Поток-2
- •114.Айнымалы токтың биологиялық әсері
- •115. Жоғары Жиілікті токтың биологиялық әсері
- •117.Аса жоғары жиілікті токтың биологиялық әсері
- •118. Жж токтың жылулық және жылулық емес әсері
- •119.Тұрақты және айнымалы магнит өрісінің денеге әсері
- •120.Магниттік терапия құралы: Полюс-101, Алим-1,Магниттер ж.Б
- •123.Лазер сәулесін медицинада қолдану.
- •124.Аудиометрия,медицинада қолданылуы.
- •125. Электроэнцофалография,медицинада қолданылуы
- •126. Медициналық техникаларды жіктеу: диагностикалық және терапиялық
- •127. Медициналық құралдардың қауіпсіздігі мен сенімділігі
- •128.Төменгі жиілікті терапиялық...
- •131. Аса жоғары жиіліктегі терапиялық құралы Луч-2,Волна және басқалары.
- •132 Ультра дыбыс,оның таралу қасиеттері.
- •133.Ультрадыбыс,оны медициналық зерттеуде қолдану
- •135. Доплер құбылысы,мед.Қолдану
131. Аса жоғары жиіліктегі терапиялық құралы Луч-2,Волна және басқалары.
Сантимерлік толқынды терапия (СМТ-СМВ) деп, адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 2375 МГц, толқын ұзындығы 12,6 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқыннның максимал қуаты 70-100 Вт артпауы тиіс. СМТ-ның жүрек- қан тамыр жүйесіне (Оржешковский В.В., Чопчик Д.И. Фастыковский Л.Д., 1982), гормондық жүйеге (Николаев Л.Н.,1982), ағзадағы биохимиялық және физиологиялық процестерге (Савченок Л.И., 1983), демалу тыныс мүшелерге (Алыкулов Д.А.,Ким В.И.,Турсунова М.А.,1985) әсерлері анықтаған [2,155-160 б].
СМТ әсер ететін орта шекараларында тұрғын толқын пайда болады, соның әсерінен ол аймақ қатты қызып, тіптен күйіп кетуі де мүмкін. Бұл айтылған жай көбіне тері асты май қабатының қалыңдығы әсер етуші толқын ұзындығына еселік қатынаста болған жағдайда байқалуы мүмкін, сондықтан СМТ кезінде осы жағдайды қатаң ескерген жөн.
СМТ емдік әсері жылуға байланысты болатындығын атаған болатынбыз, ғалымдардың зерттеулері бойынша мүнан басқа да құбылыстар байқалатыны анықталған. Қазіргі кезде СМТ-ның жылу түріне жатпайтын кейбір қасиеттері анықталды, әзірше мұндай құбылыстар медициналық практикада емдік мақсатта қолданылмайды, қосымша зерттеулерді қажет етеді. СМТ арқылы емдік шаралар Луч-2, Луч-58, т.б. құралдар арқылы жүргізеді. Олардың құрлысы мен жұмыс істеу принциптері туралы мәліметтер [1,2] берілген.
132 Ультра дыбыс,оның таралу қасиеттері.
Ультрадыбыс деп есту әсерін тудырмайтын, жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз. Көбіне мұндай тербелістерді электр тербеліс генераторы арқылы өндіреді, ол магнитострикция немесе кері пьезоэлектрлік әсері құбылысына негізделген. Магнитострикция құбылысы – айнымалы магнит өрісінің әсерінен ферромагнитті өзекшенің тербелуі, ал кері пьезоэлектрлік әсер – айнымалы электр өрісінің әсерінен пьезоэлектр пластиналарынын тербелуі. Екі жағдайда да өзекшемен немесе пьезе пластинкамен қоршалған ортада көлденең ультрадыбысты толқындар тарайды, әсіресе ол резонансты жиіліктерде қатты байқалады.Ультрадыбыстың таралу жылдамдығы дыбыс толқындарындай, бірақ толқын ұзындығы біршама кіші, сондықтан ультрадыбыс толқындары оңай фокусталады.Ультрадыбыс толқынын интенсивтілігі 1 сантиметр квадрат ауданға ондаған ватт, ал фокусталғанда бірнеше жүздеген немесе мыңдаған ваттқа дейін жетеді.Ультрадыбыс толқындары тығыздықтары әр-түрлі екі орта шекарасында шағылады және сынады, толқынның екі орта шекарасында шағылу дәрежесі толқын кедергісініңқатынасына тәуелді. Жиілігі 2,5 МГц УД-толқыны 24 сантиметрге дейін денеге енеді, 3-3,5 МГц – 16-18 сантиметрге дейін, 5 МГц – 9-12 см, 7,5 МГц – 4,5 сантиметрге дейін енеді. УД-толқынының жиілігі жоғары болған сайын оныңөте кішкентай нәрселерді дәлірек байқау мүмкіндігі артады.
