Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22222222222222.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

15.Пассивті және активті тасмалдау

БМ арқылы зат тасымалдауды транспорт деп те атайды, ол екі түрге бөлінеді: пассивті тасымалдау (транспорт) және активті тасымалдау (транспорт). Пассивті тасымалдау (ПТ) деп, зарядсыз бөлшектерді (заттарды) концентрациясы көп С1 ортадан концентрациясы аз ортаға қарай тасымалдауды, зарядталған бөлшектерді (заттарды) электр өрісінің потенциалы жоғары 1 ортадан, потенциал шамасы төмен 2 ортаға қарай тасымалдауды, немесе электрохимиялық потенциалы жоғары 1 нүктеден, электрохимиялық потенциалы төмен 1 нүктеге қарай тасымалдауды атайды. Пассивті тасымалдау мынадай түрлерге бөлінеді

Активті тасымалдау(АТ). Мембрана арқылы зат тасымалдудың бұл түрі жүйенің химииялық энергиясы есебінен жүреді. активті тасымалдау нәтижесінде іске асады және заттар концентрациясы аз ортадан концентрациясы көп ортаға қарай, яғни градиентке қарсы бағытта тасымалданады, әрине мұндай тасымалдануға энергия қажет. Осы мақсаттағы энергия көзі болып аденозин трифосфат қышқылы молекуласының (АТФ) ыдырау кезінде бөлінетін энергиясы қолданылады

16. Пассивті тасмалдау түрлері: Пассивті тасымалдау (ПТ) деп, зарядсыз бөлшектерді (заттарды) концентрациясы көп С1 ортадан концентрациясы аз ортаға қарай тасымалдауды, зарядталған бөлшектерді (заттарды) электр өрісінің потенциалы жоғары 1 ортадан, потенциал шамасы төмен 2 ортаға қарай тасымалдауды, немесе электрохимиялық потенциалы жоғары 1 нүктеден, электрохимиялық потенциалы төмен 1 нүктеге қарай тасымалдауды атайды.

17. Диффузия

Дифффузия деп, зат молекулаларының хаостық жылулық қозғалысы нәтижесінде, өз беттерінше концентрациясы көп ортадан аз ортаға қарай тасымалдануын айтамыз және ол концентрациялық градиент есебінен жүреді және Фик заңына бағыады. Ф= - DSdc/dx,мұндағы Ф- зат ағынының мөлшері, D- диффузия коэффициенті, dc/dx- концентрациялық градиент. Өрнектегі «-» минус таңбасы зат ағыны концентрацияның кемуі бағыты бойынша жүретіндігін білдіреді J арқылы сипаттайды және оны диффузия үшін Фик теңдеуі деп атайды: J = Ф/S = - D dc/dx мұндағы J- зат ағынының тығыздығы, D- диффузия коэффициенті, dc/dx- концентрациялық градиент. Өрнектегі «-» минус таңбасы зат ағыны концентрациялық градиентке қарсы бағыта жүретіндігін білдіреді. Қарапайым диффузия липидтік қабат арқылы жүреді және Нернст-Планк теңдеуіне бағынады. Мұндай тасымалдаулар арқылы жасушаға оттегі, көміртегі газы, дәрілік заттар жеткізіледі. Бірақ қарапайым тасымалдау өте баяу жүретіндіктен жасушаны қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ете алмайды. Жеңілдетілген диффузия. Тасымалдаудың бұл түрі мембранадағы арнаулы ақуыздар- тасымалдағыштар арқылы іске асады. Олар мембрана арқылы табиғаты гидрофильді болатын, өз беттерінше мембрана арқылы өтуі өте төмен заттарды тасымалдайды. Мұдай тасымалдағыштар мембрана қабаты арқылы кейбір аминқышқылдарын, көмірсуларды, пуриндік және пиримидтік негіздерді, нуклезоидтарды тасымалдайды. Тамақтық заттардың ішекте сорылуы, бүйректегі реабсорбция және т.б. процесстер осы тасымалдаушылар арқылы жүреді.

18. Фик теңдеуі

J арқылы сипаттайды және оны диффузия үшін Фик теңдеуі деп атайды:

J = Ф/S = - D dc/dx мұндағы J- зат ағынының тығыздығы, D- диффузия коэффициенті, dc/dx- концентрациялық градиент. Өрнектегі «-» минус таңбасы зат ағыны концентрациялық градиентке қарсы бағыта жүретіндігін білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]