- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
Мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың хабарға көзқарасымен, хабардың нысандылығымен және прагматикалық ұстанымымен сипатталатын ауызша немесе жазбаша формадағы хабар.
Мәтінді зерделегенде ең алдымен категориялары бөлініп алынады.
Мәтін категориясы-барлық мәтінге тән белгі, онсыз еш мәтін болмайды, яғни мәтіннің типологиялық белгісі.
Өз кезегінде мәтін белгілі бір дәрежеде шендестірілген категориялар жиынтығы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мынаны ескеру маңызды:
1) мәтін ешқашан бір мәтін категориясымен модельдендірілмейді, тек олардың жиынтығымен модельдендіріледі;
2) кез-келген мәтін категориясы функционалдық-семантикалық негізде бөлініп, мәтіннің өзінің «әмбебап мағынасын» танытады.
Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл жүйесі деңгейлерімен қатаң байланыспаған белгілі бір лингвистикалық манифестация тән.
Мәтін категорияларын функционалдық, семантикалық және стилистикалық деп ажыратуға болады.
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп, сондықтан да мәтін категориясы туралы мәселе де бірізді емес.
Ғалымдардың көпшілігі категорияларды мазмұндық және құрылымдық деп бөлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов И. Р. Гальперин, З. Я. Тураева және т.б.). Алайда оларды бөлу принциптері, саны, бірқатар категориялардың атауы бір мәнді емес.
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен форманы бөледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның өзі, тақырыпты, шығарма идеясын, форма категориясына-композицияны, тілді, бейнелеу амалын жатқызады, ал сюжет мазмұн категориясы мен форма категориясын біріктіреді [ 10, 139].
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн мен құрылымға бөледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген категориялар әрі мазмұн, әрі құрылым категориясы (континуум, астарлы мәтінді ақпарат, т.б.) болғандықтан, олардың арасына сонша қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін категорияларын белгілеп, сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия (мәтін ішіндегі байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум (кеңістік пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция және тұйықтауды [1, 13].
З. Я. Тураева құрылымдық категорияларға тіркесуді (сцепление), интеграцияны, прогрессия/стагнацияны; мазмұндық категорияға-автор бейнесін, көркем кеңістік пен уақыт, информативтілік, себеп, мәтін астарын жатқызады [11, 80].
Т. В. Матвеева барлық мәтін категорияларын үш топқа бөледі:
1) желілік – мәтінде көрінетін бір функционалдық-семантикалық мәндегі тіл бірліктерінің тізбегі: тақырыптық тізбек, ой жүгірту тізбегі (мәтіннің логикалық мүшеленуі), проспекция/ (ретроспекция);
2) өрістік – семантиканың, тілдік құрамалар-тақырыптың айқындылығы, тональділік пен бағалау (субъективті модальділік), темпоральность (уақыт өрісі), локальность (кеңістік өрісі), акцентность (тональділікті, уақытты бағалаудағы қосымша белгілеу), субъективті ұйымдастыру (авторизация) сияқты сөйлеу бірліктерінің жиынтығы;
3) көлемдік – өрістік және желілік категориялардың есебінен модельдендірілетін құрылымдық сипаттағы категориялар: терминологиялық тұрғыдан – «коммуникативтік блок» [12, 16–20 б.].
Мәтін категорияларын ажыратуда, топтастыруда ең оңтайлы, түсінуге ыңғайлы – ол И. Р. Гальперин ұсынған жүйелендіру.
Сонымен, әртүрлі авторлар ұсынған мәтін категориялары сипаттамаларынан біз оқу құралында мәтіннің:
- информтивтілігі мен модальділігін;
- ондағы уақыт және кеңістік континуумын;
- автор бейнесін;
- байланыстылығы мен тұтастығын;
- интеграция мен тұйықтауын талқылаймыз.
Мәтін компоненттері
Мәтінді бөлшектеу мәтін құрайтын бөлімдердің шығарманың бірлігін, тұтастығын сақтай отырып, қалай бірігетінін, сол сияқты айтылатын уақиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін, континуумын қалай қамтамасыз етілетінін көрсетеді.
Мәтінді зерделеумен айналысатын зерттеушілердің бәрі мәтіндегі байланыс құралдарын бөледі, алайда осы байланыс құралдарын әр түрлі белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі формальды байланыс ретінде когезия (лат. cohaesus, cohesion – байланысты, тіркесті) және мәтінді басқа мәтіндерден тұтастық ретінде бөліп тұратын тұтастықтың мағыналық ұйымы ретінде когеренттілікті (лат. coraerens, coherence – байланыста тұрған) бөледі.
Л. М. Лосева формальды байланыс құралдарына сипаттама береді. Ол күрделі фразалық тұтастықта байланыстың жанаспалы, аралық және тізбелі түрлерін және грамматикалық байланыс құралдарын:
а) құрмалас сөйлемнің бөліктерін біріктіру, сол сияқты дербес сөйлемдер үшін ортақ (жалғаулық, демеулік, қыстырма-модаль сөздер, етістік-бастауыштың шақ түрі, есімдікпен және оны синониммен алмастыру және т.б.);
ә) дербес сөйлемдерді біріктіру үшін ғана қолданылатын фразааралық байланыс құралдарының өзін (сөйлем шегінде өзінің семантикасын ашпайтын сөздер мен сөз тіркестері, лексикалық қайталау, екі құрамды жай сөйлем формасындағы кейбір айтылымдар, жекелеген сұраулы және лепті сөйлемдер, атаулы көріністер);
б) бір-бірінен алшақ мәтіндік байланыстың қашықтық құралдарын (мысалы, көсемшелік орам) бөледі.
И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская, Е. А. Реферовская құрылымдық та, мағыналық та байланыс құралдарын сипаттайды.
И. Р. Гальперин мәтіндегі байланыс түрлері мен құралдарын сипаттай келіп, когезия (яғни формальды байланыс құралдарына) терминіне басымдылық береді.
Алайда И. Р. Гальперин когезия деп континуумды қамтамасыз ететін «ерекше» байланыс түрлерін, яғни жекелеген хабарлардың, фактілердің, іс-қимылдардың т.с.с. логикалық сабақтастығын (темпоралды және/немесе мезгілдік), өзара тәуелділігін, яғни мағыналық байланыс құралдарын да түсіндіреді. И. Р. Гальперин күрделі фразалық тұтастықтағы грамматикалық байланыстың бес типін – тізбекті, параллельді, сәулелі, біріктіруші, жағдаяттық түрі туралы айтып, мәтіндегі байланыстың грамматикалық, логикалық, ассоциациялық, бейнелік, композициялық-құрылымдық, стилистикалық, ырғақ түзуші құралдарын бөледі.
Т. В. Матвеева мағыналық және құрылымдық байланыс құралдарын сипаттап, түрлі стильді мәтіндерде тақырыптық тізбелер мен ой желісінің тізбелерін бөледі.
О. И. Москальская монолог, диалог және аралас типті күрделі фразалық тұтастықтың мазмұндық, коммуникативтік және құрылымдық тұтастығын қамтамасыз ететін мағыналық, коммуникативтік және құрылымдық байланыс құралдарын бөліп, сипаттайды.
Қорыта келгенде, күрделі фразалық тұтастықта да, қомақтылау мәтін үзіндісінде де мағыналық (ассоциациялық пен бейнелік т.с.с.), коммуникативтік және құрылымдық (соның ішінде грамматикалық және логикалықпен қатар композициялық-құрылымдық, стилистикалық және ырғақ түзуші) байланыс құралдары негізгі байланыс құралдары болып табылады.
