Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazagul_apay_zhauaptary_33__33.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.

В.К.Дъяченконың ұжымдық оқыту технологиясы жоғары сапалы нәтижеге қол жеткізу; алынған білімді бір-біріне сол сәтте және үздіксіз беру; оқушылардың өзара әрекеті мен бірлігін қалыптастыру; жеке тұлғаны қабілетіне сай оқыту; әрбір білім алушының еңбегін педагогизациялау; тақырыптар мен тапсырмалардың әртүрлі болуын көздейді.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі.  Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін  төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық  тәсілдер  арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі  әр оқушының  бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп  оқу үрдісін белсендіре түседі. Мектеп оқушысының оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал  мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады. Ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарым-қатынас жатыр. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев). Айталық, сабаққа дейін әр оқушы бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне білген мәліметін түсіндіреді, партада А-В,С-Д отыруына байланысты, осыдан келіп,  жұппен жұмыста әр оқушының мұғалім рөлінде де болуы шығады. Осындай жұмыстың нәтижесінде  әр оқушы екі бірдей ақпаратпен қаруланады. Осыдан кейін жұптар ауысады, мысалы А-С,В-Д, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді. Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі Монитор әдістемесі – жаңа ақпарат алу үшін  оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған.  Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді.  Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады.  Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме  бір бала – оқушы, ал екіншісі – мұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады.  Сабақ барысында  әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады. Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырып жүйелі мазмұндауға, жұппен үйренеді. Пікір сұрау әдістемесі математика сабағында кеңінен қолданылады.  Бұл әдістеме барлық оқушының сабақты меңгергендіктерін көрсете алғандықтан, кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін  мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған  сұрақтар  дайындайды.  Жұмыс топтарының саны  сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді.  Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады. Топта жұмыс істеп болғаннан кейін  ортақ талқылау өтеді.  Осылайша, сабақтың өн бойында мұғалім  оқушыларды қызықтыратын мәселелер  жөнінде ақпарат  ала алады.  Сондай-ақ,  Оқушылардың жұпта, топта жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу дағдылары қалыптасады. Өзара жаттығу әдістемесі – жаттығу, бекіту, қайталауды ұйымдастыру мақсатында қолданылады.  Ұжымдық оқытудың бұл тәсілі  барлық оқушының үнемі жұмыс істеуін талап етеді,  жұппен жұмыс істеуде  зейін қою, істің байыбына бару сияқты қасиеттерін дамытады. Тыңдауға, сөйлеуге, білімін жеткізу, білім алуға деген қажеттілік үнемі болатыны белгілі.   Оқушылар өз жұптасына  түсіндіру керек, ал ол үшін ол бала өзі білу керек, сондықтан да үнемі оқуға деген сұраныс туады.  Ол үшін өзіңді және жұптасыңды басқара алу керек, өзіңді бағалау және бақылай алу керек. Тапсырмаларды өзара алмасу әдістемесі —  стандартты типтік есептерді шығаруды үйретуге арналған.  Тапсырма дегеніміз не?  Бұл біртиптік тапсырмалар – есептер, жаттығулар немесе сұрақтар.  Әр тапсырманың өз нөмірі болады.  Оларды нөмірмен немесе әріппен  белгілеген қолайлы. Әріптер —  тарауларды белгілеу үшін, сандар —  осы тараудағы тапсырмалар нөмірін белгілеу үшін қажет.  Тапсырмаларды арнайы карточкаларға мақсатты түрде жасау қажет. Тапсырмаларды өзара алмасу әдістемесі оқушылардың оқып өз бетімен жұмыс істеуге, үйренуге, мұғалімнің әр баламен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мәтінді абзац бойынша бөліп оқыту әдістемесі Баспа  мақалалар мен ғылыми мәтіндерді ауыспалы құрамда жұппен оқып меңгеру үшін құрылған.  Бұл әдістеме бойынша әр оқушы өзінің ерекше тақырыбын алады және оны әр жұптағы әр баламен бірігіп орындайды. Жұмыс  барлық материал бірінен кейін бірі жүйелі түрде бірінші оқушы тұрғысынан, екінші мұғалім тұрғысынан оқып, талдануға негізделіп ұйымдастырылады. Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл технологияның  тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады, оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. 

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Топқа жұмыс істеу үшін ынтымақтастық және өзара әрекеттестік қажет. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

1. Әлеуметтік: Тәжірибемен және идеялармен алмасу; Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу; Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу 2. Танымдық: Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу; Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту 3. Эмоционалдық: Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену; Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету

Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды.

. Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар

Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту.

Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуг ынталандырып/қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуд дамыту үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]