- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы мемлекеттік білім сапасын арттыру. Оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі таңда білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды. Яғни, оқу үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану:
оқу үрдісін жетілдіруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың беретін мүмкіндіктері;
бастауыш мектепте мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкін нұсқалары;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану үшін пән мұғалімі мен оқушыға осыған сай дағдылары мен білімінің болуы.
Қазақстан Республикасы «Білімді дамытудың 2011-2020 бағдарламасына» сәйкес ақпараттық қоғам құруға көшуде. Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Қазіргі білім беру электрондық оқытуға көшу жолында жер-жерлерде ақпараттық технологияларды - компьютерлер, программалар, ақпаратты сақтау және тарату құралдарын т.б. қолдануға негізделген. Ол өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің түлектерімен қатар бастауыш сынып оқушыларының білімдерінің өзгерістерін жедел бақылауға мүмкіндік береді. Расында, мектеп түлектерді қазіргі заман өндірісі жағдайында - ақпараттық технологияны қолдана алатын, өндірістік қызмет үрдісінде жұмысқа дайындауы керек. Бұл тек компьютердің тетіктерін басып, түрлі бағдарламалармен жұмыс жасау деген түсінік емес, ол ақпаратпен жұмыс жасай білу, ақпаратқа сараптама жасай білу, дұрыс сараланған шешім қабылдай білу, қабылданған шешімді соңғы нәтижесіне дейін жеткізу болып табылады. Ақпараттық қоғамға көшу үрдісі ол ақпараттандыру деп аталады. Мектептер де қазіргі қоғамға сай болуы үшін ақпараттық технологияны қолданып оқыту негізіне көшуі керек. Сондықтан да білімді дамытудың басым бағыты ол – электрондық оқуға (e-learning) көшу мәселесі болып табылады. Осыған орай, білім беру мекемелерін ақпараттандыру мәселелері тек информатиканы оқытуды ұйымдастыру ғана емес, ақпараттық технологияларды қолдануды барлық пәндерді оқытуға тиімді қолдану, информатика кабинеттерінің осыған сай жабдықталуы және мұғалімдер мен оқушылардың осындай жаңалыққа дайын болуы. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың берілетін білімді игерулерулеріне айтарлықтай үлес қосады, сабақ материалын балаларға жеткізуді жақсартады, сабақты түсіндіргенде оның көңіл-күйлік, эстетикалық және ғылыми маңыздылығын арттырады. Компьютерді сабақта қолдану оқушылардың сол пәнге, оқытушыға деген көзқарасын өзгертеді, тәртіп пен үлгерімді де жақсартады. Ақпараттық технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы қабылданған ақпаратты есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік береді. Пәнді оқыту барысында мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптардың бірі: ақпараттық мәдениетінің дамуы, яғни: ой-өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыру. Егер де, оқушының пәнге деген қызығушылығы жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім сапасының жоғары болуына әсер етеді. Бұл мұғалімнің жауапкершіліктері мен міндеттері немесе өмірлік жоспарларын жүзеге асыруда қосымша мүмкіндіктер алу, бостандықтың бір түріне қол жеткізуі, кәсіби өсуі, оқушыларға жақындай түсу, олардың алдында беделінің артуы, балалармен бірігіп атқаратын шығармашылық жұмыстар, компьютер экранында тірек-конспектісінің болуы, әдістемелік материалының электрондық түрде жүйеленіп сақталуы, басқалардың тәжірибелерін сабақ барысында қолдануға мүмкіндіктердің пайда болуы және т.б. Осының барлығы да мұғалімнің қажет деп тапқан жағдайында оңай қолжетімді болады. Ал, егер мұғалім ізденбесе, алдыға жылжу болмайтыны белгілі. Сондықтан, әр бір педагог алдында осы бағытта өз қызығушылығын тауып, барлық күдік қорқыныштарын артқа тастап, сол тақырып бойынша балалармен бірігіп тереңірек жұмыс жасау керек. Бүгінгідей таңда, ақпарат стратегиялық ресурс болып тұрған жағдайда, қоғамның дамуы, қазіргі заман білімі бұл үздіксіз үрдіс екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан, дәл қазіргі уақытта білім беру үрдісін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру орынды болып тұр. Бұл жерде ақпарат көзі ретінде электрондық құралдар кеңінен қолданылады. Модернизацияның негізгі міндеттері ол - бүгінгі мектеп білімінің сапасын арттыруға қол жеткізу. Білімді ақпараттандыру екі мәселенің шешілуіне көмектесуі керек. Білім бұл – барлығына және білімнің жаңа сапасы –әр қайсысына.
АКТ қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға;
сабақты жоғары эстетикалық дәрежеде өткізуге (әуен, анимация);
әр оқушыға түрлі деңгейдегі тапсырмалар бере отырып әрқайсысымен жекелей жұмыс жасау.
Осылайша, заманауи мектепте білім беруде оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі күн мұғалімі өзі беретін пәні бойынша АКТ қолдана отырып сабақ дайындап оны өткізе білуі тиіс. АКТ қолдануымен өткізілетін сабақ бұл – түсті бояудағы көрнекі, ақпаратты, интерактивті, оқушы мен мұғалімнің уақытын үнемдейді, балаға өз жылдамдығында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, әр оқушымен жеке жұмыс жасауға ыңғайлы, білім сапасы мен нәтижесін жылдам және толық бағалауға да мүмкіндік береді. Болашақта отандық білім беруде басқа да білім беру формаларын енгізу қажет. Бүгінгі күннің өзінде барлық өзектілігімен АКТ негізінде қашықтықтан оқыту мәселесі тұр. Егер біз оқушыларымыздың расында жүгін жеңілдеткіміз келсе, онда бұның шешімін АКТ қолдану мен қашықтықтан оқытудан іздеуіміз керек. АКТ тек білім беру үрдісінде ғана емес тәрбие жұмыстары мен ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстарда да қолдануды үйрену керек.
