- •1)Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы және оның негізгі ұстанымдары.
- •2) Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын ұстау.
- •12 Жылдық білім беру
- •3) Мәтін талда депти оны арким озинин матинин ала салад.
- •5) Қр тілдік саясаты жіне қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту мәселелері
- •6) Кейіпкерлер бейнесін беретін суреттеме мәтініңізді түсіндіру, баяндау.
- •7. Жаңа педагогикалық технология терминінің шығу тарихы
- •8. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері
- •13. Ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс.
- •14. Қазақ тілін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
- •15. Мәтіннің категориялары және компоненттері
- •16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
- •19. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •20. Қазақ тілін оқытудың жобалау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері
- •5. Шындығы мен растығы.
- •6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы
- •7. Позитивтік ынта
- •21. Мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері
- •1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
- •2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
- •23. Қазақ тілін оқытудың лингвотанымдық тұжырымдамасы
- •24. Мәтінді өзгертіп баяндау әдісі
- •26.Қазақ тілінен білімді бағалау мен тексерудің тестілік жүйесі.
- •27.Рольге бөліп баяндау әдісі
- •29.Қазақ тілі оқулықтарын танудың ғылыми –әдістемелік негіздері
- •30.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту әдісі суреттен мәтін шығару
- •31.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.
- •32.Қазіргі замандағы қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттелуі
- •33.Сурет жұмысы арқылы тіл дамыту
- •34.Қазақ тілін саралап оқыту
- •1. Міндетті тапсырмалар
- •1.Шығармашылық деңгейлері бойынша оқу тапсырмаларын саралау.
- •2.Қиындық деңгейлері бойынша тапсырмаларды сараптау
- •3. Оқу материалының көлемі бойынша тапсырмаларды сараптау.
- •4. Оқушылардың өзіндік жұмыс дәрежесі бойынша жұмыстарды сараптау.
- •35.Деңгейлеп оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
- •37. Дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •38. Иниграциялық (кіріктіре) оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •39. Мәтінді мағыналық ұйымдастыру мәселелері
- •40. Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың таным белсенділігін арттыру және оны шешу жолдары
- •44. Мәтіндегі мән мағына және мазмұн
- •45. Қазақ тілін дебат арқылы оқыту технологиясы, оның оқушының шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі
- •46. Дидактикалық материалдарды дайындау технологиясы.
- •47. Тілдесім әрекетінің бірліктері
- •49. Қазіргі педагогика ғылымының зерттелуі
- •49 ) Педагогика ғылымының зерттелуі. Этнопедагогика ғылымының зерттелу жағдаяттары мен бүгінгі мәселелері
- •51. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
- •52. Қазақ тілін оқытудың жеке тұлғаға бағытталған технологиясы
- •55. Қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
- •56. Қазақ тілін оқытудың когнитивтік технологиясы
- •57. Жаңа технологиялық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшелігі
- •58. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық
- •59. Мәтін іріктеу қағидаттары
- •60. Қазақ тілі оқулығыныңжазба жұмыстары арқылы тілін дамыту
- •Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:
- •61. Жаңа ақпараттық және мультимедиялық технологияны қазақ тілін оқытуда қолдану
- •64. Әдіскер ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері
- •19, 43 Карандар
- •63. Қазақ тілі мәтінін іріктеу технологиясы
- •67. Проблемалық оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми – әдістемелік негіздері
- •68. Мәтінді оқытудың ғылыми-теориялық әдістері(дұрыс па осы жауап?)
- •70. Қазақ тілін оқыту жүйесі және жаңа педагогикалық технология
16. Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары, ерекшеліктері
Оқытуды ізгілендіру технологиясы шәкірттердің рухани дамуын (қазақ тілінің мәдени-этникалық лексикасын, сөйлеу әдебі ерекшеліктерін, жағдаяттық қарым-қатынасты игеру), жеке тұлға ретінде қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталады. Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты-баланы оны азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату. Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған – оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялар (оған жататындар: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова, Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде оқыту жүйесi және т.б. жатады); Педагогикалық технологиялардың ішінде оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялардың тұлға дамуындағы педагогикалық-психологиялық маңызы ерекше деп түсіндіріледі. Өйткені қазіргі қоғамға ең алдымен адамгершілік сапалары қалыптасқан мамандар қажет.
Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін аша отырып, тәрбиелеу мен дамытуды, оның жүрегіне жол табуды, танымдық күшін дамыту мен қалыптастыруды, білім мен қабілетті тереңдететін және кеңейтетін жағдайлар жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді мақсат етеді. Танымдық оқуды, жазбаша сөйлеу қызметін дамытуды, лингвистикалық сезімді, қызметін жоспарлауды, шетел тілінде сөйлеуді, рухани дүниесін байытуды, әлемнің сұлулығын танытуды көздейтін бұл технология барлық жағдайлар арқылы ізгілендіре оқытуды негізге алады. Ш.А.Амонашвилидің технологиясы оқушының қызметін бағалауды бірінші орынға қояды. Сандық бағалаудан гөрі сапалық бағалауға (білім алушының істеген әрекетіне мінездеме беру, нәтижесін шығару, өзін-өзі бағалау мен сыйлауға үйрету) айрықша мән береді.
17. Қашықтықтан оқыту технологиясы
Қашықтықтан оқыту мәселесін терең теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеп, мемлекеттік тілді дамытудың пәрменді құралына айналдыру мақсатында осы мақсатқа лайықталған оқу орталықтары мен арнайы бағдарламалар жасалынуда. Әдіскер – ғалымдардың алдында тұрған көптеген игі мақсат – міндеттерінің бірі – мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытуға байланысты оқу - әдістемелік құралдар жасау, шығару. Осы арнада даярланған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне, ересектерге, жеке тіл үйренуші тұлғаларға мемлекеттік тілді қашықтан оқытудың үш деңгейлік жүйесі бағдарламасын» жасау міндетті қойылды. Сонымен бірге, басты мақсат – қазақ тілін қашықтан оқытуда берілетін білім мазмұны және негізгі әдіс – тәсілдер жүйесі, қалыптасты рулы тиіс деп көзделген қазіреттер болмысы таратыла танытылады.
Қашықтан оқытудың табиғаты
Қашықтан оқытудың негізгі технологиялық тірегі – компьютерлік телекоммуникация жүйесі (КТКЖ) болып табылады. Компьютерлік телекоммуникация жүйесінің дидактикалық діңгектерінің нық екендігін оның мынадай сипаттарынан тануға болады.
КТКЖ арқылы белгілі бір ақпаратты қандай көлемде, қандай мөлшерде болса да, қалаған уақытта қалған жерге жеткізу мүмкіндігі өте үлкен.
КТКЖ жадысында қажет деп танылған ақпараттың қажет деп саналған мерзімге дейін сақталу мүмкіндігі зор.
Жадыдағы ақпаратқа түрлі редакторлық өзгерістер жасау мүмкіндігі көп.
Ақпараттарды қайта өңдеу және басып шығару мүмкіндігі де шексіз.
Мультимедиалық ақпараттар жасау арқылы коммуникацияны интер активтендіру мүмкіндігі кеңейте түспек.
Интернет жүйесі арқылы ақпараттың сан түрлігіні қамтамасыз ету мүмкіншілігі өте үлкен.
Электрондық конференциялар, видео конференциялар, компьютерлік аудио конференциялар өткізу мүмкіндігі өте қолайлы.
Интернет жүйесі арқылы кез келген сұхбаттас табу мүмкіндігі де аса пайдалы.
Іздеп, табылған ақпараттарды CD, басқа электрондық тасушыларға жазып алу арқылы қажетті уақытында пайдалану алу мүмкіндігі де зор [2].
Қажетсінген кез келген ақпаратты, мәлімет тауып алу мүмкіндігі шексіз.
КТКЖ, әсіресе, Интернетті пайдалану қырынан өте әмбебап құрал болып танылады. Жаһандану торлары құрыла бастағанда URL (Universal Resource Locator - әмбебап сілтеме) ұғымы пайда болып, www сияқты КТКЖ құралдары сілтеме жасау, цитат алу жолын жеңілдетті. КТКЖ арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі бойынша білім беру / білім алу үдерісінің демократиялануы да қарқынмен дами бастайды. Өйткені қазақ тілін қашықтықтан оқу жүйесіне енген тіл үйренушіге Интернет жүйесіндегі барлық дерлік қазақша сөздіктер, каталогтар, әлемдік кітапханалар қоры қол жетерлік деңгейге келеді.
Қашықтан оқыту дегенде, назардан еш тыс қалдыруға болмайтын біршама дидактикалық талаптар бар. Олар:
- біріншіден, мемлекеттік тілді үйренуші толығымен өз бетімен қалмайтынын баса ескеру керек, мұнда да тіл үйретуші мен тіл үйренушінің қарым – қатынасы ара қашықтықтан болғанымен үзілмей сақталады; өйткені оқытушы – мемлекеттік тілді үйрету үдерісін ұйымдастырушы, басқарушы және бақылаушы функциясын атқарады;
- екіншіден, мемлекеттік тілді қашықтан оқыту (МТҚО) жүйесі – ақпараттық технологияның небір дамыған түрлерін қолдана отырып оқыту формасын жүзеге асыратын болғандықтан, сол жүйеде қолданылатын әдіс – тәсілдер, оқыту формалары, оқыту құралдары да жаңа болмысқа икемделеді, бейімделеді;
- үшіншіден, мемлекеттік тілді үйренуші тек оқытушымен ғана қарым – қатынасқа түспей, басқа тіл үйренушілермен де байланыста алатындай жағдай жасалынады, сөйтіп, қазақша сөйлесу, хат алысу, пікір алысу сияқты оқу әрекеттерінің жүзеге асырылуын мүмкін ету керек;
- төртіншіден, жалпы, қашықтан оқытуда білім алушының деңгейі баса ескертілетін болғандықтан, мемлекеттік тілді үйретуді деңгейлік жүйеде құру ғана емес, дұрыс деп танылады.
Мемлекеттік тілді қашықтан оқып – үйренушінің білімін бақылау мен тексеру жүйесі оперативтілікпен өткізіліп, ТЕСТ, РЕФЕРАТ, түрлі ЖОБАЛАР, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР түрінде тексеріледі, бағаланады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін үйренуге арналған суперкомпьютерлік оқыту бағдарламаларын жасау міндеті – бүгінгі күні асқан өзектілікпен күн тәртібіне қойылды. Сондықтан жасалынуы көзделіп отырған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне, ересектерге, жеке тіл үйренуші тұлғаларға мемлекеттік тілді қашықтан оқытудың үш деңгейлік жүйесі бағдарламасының» көздейтін межесі биікте болып, қазақ тілінің дүниежүзілік тілдер қатарына енуге талмай атсалыса алатын құралға айналуы керек [3].
18. Мәтіндеме туралы түсінік
Мәтіндеме – мәтіндер жиынтығы. Орыс және шетел басылымдарында мәтіндер жиынтығын «текстотека» терминімен белгілейді. «Текст» - мәтін, «тека» - грек сөзінен «қойма». Мәтіндеме мәтіндер тізбесі емес, тақырыптардың, салалар мен жағдайлардың жиынтығын береді. Мәтін теориясы мен мәтіндеме құрау мақсаты – ізгілікті ұстанымды біліми-ғылыми (жас ерекшеліктеріне орай) тұрғыда жүзеге асыру және ұлттық мүддені көздеу, қазақстандық патриотизмді дарыту, білімденуді ұлттық негізде меңгеріп, ғаламдық деңгейге ұштастыру.
Таным теориясы немесе мәтін мен мәтіндеме құрудың теориясына: оқулықтардың атқаратын қызметі; негізгі міндеті; ұстанымдары; көркемділіктері; құрамдық бөлшектері; оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар жататыны анықталды. Авторлар оқулықтарды біртұтас нысан ретінде зерделеп, оның алғашқы мәтіндемесін жобалайды.
Мәтіндеменің құрамдық бөліктері мына түзілімдерден тұрады: Оқулықтардың блоктар жүйесіндегі не тараулар жүйесіндегі мазмұны; Мемлекеттік стандартқа сай мәтіндерді тарауларға жіктеудің тәртібі; Оқулықтарға тиісті негізгі ақпараттарды бөліп алу әдісі; Оқушылардың танымдық ойлау қызметін ұйымдастыратын ақпараттық мәселелердің қойылуы; Оқулықтардағы оқушылардың пәнге деген мүдделілігін арттыратын және қызығушылығын оятатын нысандары, оны ізгілікті ұстанымда дамытудың элементтері. Берілген оқулықтардың мәтіндеме көрсеткіштерінің әрқайсысы таным теориясына, гносеологиялық тағылымға негізделіп құрылады. Нақтылап айтсақ, авторлардың алдымен осы мәтіндеменің құрылу тәртібі мен оның ғылыми негіздерін түйсіну, тану арқылы және ауысуға тиісті нысандардың ішіндегі біліми-ғылыми заңдылықтарға, қағидаларға, ережелерге мән беріп, оның маңыздылығын уақыт пен кеңістік талабына сай бөліп алып, жаңа қоғам сұранысына орай бейімдеуі қарастырылады. Оқулықтар мәтіндемесін құрудың ұсынылған іргелес құрамдық тәсілдері, оқушылардың таным теориясын өздерінің табиғи болмысына сай дамытуына көмегін тигізер бес көрсеткіші бар. Аталған көрсеткіш мәтіндеменің негізгі тірегі болып табылады. Оқулықтар мәтіндемесінің мазмұнын құрау барысында пәннің барлық блоктарын, тарауларын тұтастық заңдылыққа бағындыру тұрғысында зерттеп, олардың өзара ұштастыққа келуін, әрбір мәтіндердің мағыналық, лингвистикалық бірлікте құрылуын жүзеге асыру негізге алынды. Оқулық әдебиеттердің мәтіндеме мазмұнының сұлбасының басын біріктіріп, біртұтас жүйе деп қарастырсақ, білім меңгеруде бұл нысан ақпараттар көзіне жатады, демек қызметі – оқушыларды ақпараттық-танымдық іс-әрекетке түсіру. Сонымен ұсынылған мәтіндеме мазмұнын құраудың тәртібін сараптай отырып, оқулықтардың ақпараттық-танымдық қызметі немесе біздің зерттеуімізге орай қарастырылып отырған таным теориясы негізгі төрт құрауыштан тұрады деген тұжырым жасадық: Тарихи-әлеуметтік қызмет; Әлеуметтік-мәдени (дүниетаным) қызмет; Қоғамдық-танымдық қызмет; Ғылыми, әдіснамалық, әдістеме-танымдық қызмет. Оқулықтар мәтіндемесін құрастырушы авторлар жалпы білімді игерту мақсатындағы тұжырымға өзінің іс-әрекетін бағындырады. Автордың алдымен атқарар іс-әрекеті, оқушының тұлғалық болмысын дамытуға көмегін тигізер деген когнитивтік лингвистикалық мәтіндерді таңдауда оқушының оған белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын қамтамасыз етуі көзделеді. Гносеологиялық пайым негізінде құрылған оқулықтар мәтіндемесінің әдіснамалық тіректері төмендегідей болып келеді: Оқулықта білімдену іс-әрекетінің, ғылымның қызметін өміршеңдік мәнде алу. Біліми-ғылыми (оқулықтағы тезаурусты бағыт) іс-әрекетінің жабдықтарын бірізділік қағидаға жүгіндіру (Мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, бағдарлама, оқулық, оқу құралдары, күнтізбе жоспары, сабақтың жоспары). Оқулықтар мәтіндемесін құрудың ғылымилығын қамтамасыз ету, оның негізгі тенденциясын, бағытын анықтау. Оқулық мәтіндемесін ғылымаралық ықпалдастықтың мүмкіндігінде кеңінен пайдалану және оқушылардың ішкі білімдену іс-әрекетін қорландыруды, өзін-өзі есепке алуын арттыру, білімденуді тәрбиелеу үрдісінде меңгерту. Оқулықтардың мәтіндемесін құрастырудағы құралым жүйенің мемлекет көздеген идеология және ұлттық мүдде мен ғаламдыққа ұштасып келуіне мән беру. Оқулық әдебиеттерді құрастырудың әдіснамасында алдымен оның жүйелі құрылымдық тұрғыда инновациялық технологияға сай келуін қадағалауды іске асыру көзделеді. Мәтіндер лингвистикасының когнитивті түрде түзілуіне қарапайымнан күрделіге қарай өрлеу қағидасымен келуіне көңіл бөлінеді. Оқулықтардағы мәтіндер әр оқушының ішкі пайымын дамытарлық дәрежеде құрылуын қадағалау - әдіснаманың негізгі міндеті. Оқулықтар мәтіндеріндегі түйін сөздерді авторлар оқушылардың өздігімен ұйымдастыруға бағдарлауы керек. Мұндай бағдарды магистральды мәндегі деп атауға болады. Жазбаша сөзді қабылдау кезінде коммуникация процесінің қазіргі бар параметрлеріне сүйене келіп, мәтін өзіне пара-пар оқулық бірлігі ретінде танылады. Түпнұсқа мәтін барлық коммуникативтік, лингвистикалық және әлеуметтік-мәдени сипаттамалардың репрезентаты бола отырып, іріктеу бірлігі рөлін атқарады. «Мәтін» ұғымының біртекті еместігі ескеріле отырып, мәтіннің коммуникативтік әлеуетті іске асыруының кез келген ықтимал деңгейі іріктеу бірлігі болып есептеледі. Басқаша айтқанда, бір сөзден, сөйлемнен, мәтіннің өзінен тұратын мәтін іріктеу бірлігі ретінде қатысады. Мәтіннен басқа, олардың сипаттамаларын анықтау мақсатында ортаға, жағдаяттар мен тақырыптарға жасалған қарым-қатынас та іріктеу бірлігі ретінде танылады. Түпнұсқа мәтіндер үшін: жағдаяттық бағыттылық; тақырыптық таңбалану; дискурспен байланыс релевантты негізгі іріктеу параметрлері болып табылады. Осы параметрлерді пайдалана отырып, типтік түпнұсқа мәтіндер іріктеп алынады. Сөйтіп, түпкілікті тізім, яғни мәтіндеме анықталады, бұл қарым-қатынас коммуникациясының, жағдаяттары мен тақырыбы ортасын нақтылауды да білдіреді. Мәтіндеме қалыптастыруда алғашқы қадам ретінде қарым-қатынас саласын айқындау оқыту мазмұнының барынша кеңінен саралануын көрсетеді. Зерттеуде қарым-қатынас салалары көрсетілді. Сонымен бірге тақырыптарға қатысты талқылау жүргізілді. Жағдаяттарды таңдау олардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру тұрғысында үлкен әлеуетке ие екенін байқатты. Осылайша, мәтіндеме тек мәтіндер тізбесі болып қана қоймай, тақырыптардың, орта мен жағдаяттардың жиынтығы ретінде берілді. Құрастырылған мәтіндеменің өзінде өзара әрекеттегі элементтер ретінде орта, жағдаяттар мен тақырыптар пайдаланылатын әдістемелік үлгі ретінде қарастырылған (әдістемелік үлгі ІІІ тарауға келтіріледі). Әдістемелік үлгінің негізгі қағидалары ретінде: кез-келген деңгейдегі мәтіннің әркелкі салаларға, жағдаяттар мен тақырыптарға нақты қатыстылығын; әркелкі жанрлардың тілдік ресімделу ерекшеліктерін; әр түрлі тұрғыдағы әлеуметтік-мәдени факторлардың ескерілуін; жазбаша тіл саласындағы нақты коммуникацияның ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескеруді есептеуге болады. Осы үлгілерді басшылыққа алып құрылған мәтіндердің әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті қалыптастыруда маңызы зор екендігін бүгінгі күн талабы дәлелдеп отыр.
