- •Пәндi оқудың жалпы әдiстемелiк нұсқамасы
- •2 Тарау пәннің жекелеген тақырыптарын оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1 Бөлім. Қр Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлiмiнiң түсiнiгi. Қылмысты саралаудың ғылыми негiздерi
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Жеке адамға қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
- •4 Бөлім Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •5 Бөлім: Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •6 Бөлім: Мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •7 Бөлім:Меншiкке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •9 Бөлім Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •10 Бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •11 Бөлім.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •12 Бөлім. Экологиялық қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •13 Бөлім: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •14 Бөлім: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •16 Бөлім: “Әскери қылмыстар”
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар ұғымы, түрлері анықтаңыз.
Ұйым басшысының өкілеттігін дұрыс атқаруына қарсы қылмыстардың түрлері.
Жеке нотариустардың, аудиторлардың, жеке күзет қызметін дұрыс атқаруына қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
10 Бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
ҚК-тің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік деп-адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану сондай-ақ тауі-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары болып табылады (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.).
Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (233.....) ал қайсібіреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде жүзеге асырылады (245, 246-бап).
Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (245, 246, 251-бап).
Көптелген қылмыстар құрам жағынан формалдық (233,234,237-бап т.б.), ал қайсы біреулері материалдық құрамға (245,244) жатады.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9.
Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
1.Адамдардың жалпы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға сипаттама беріңіз.
2.Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасына кандай заттар жатады?
3.Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға қандай қылмыстар жатады?
11 Бөлім.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін ҚК-тің 10-тарауында осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар негізінен екі топқа: 1) халықтың денсаулығына және 2) адамгершілікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді.
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарға 259-269-баптар жатады.
Қылмыстың тікелей объектісі халықтың денсаулығы болып табылады. Ал қылмыстың заты ретінде кез келген есірткілік заттар не өсімдіктер немесе өсімдіктердің құрамында есірткілік заттары бар бөліктері болуы мүмкін. Есірткі заттар-адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.
Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар.
Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны тасымалдау, сақтағаны арқылы сипатталады.
Табылған есірткі заттарының көп мөлшерде болуы қылмысты жауаптылықтың ең маңызды шарты.
Қылмыс құрылысы жөнінен формалдық құрамға жатады. Сол себепті ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-жасқа толған, есі дұрыс кез келген адам.
Адамгершілікке қарсы қылмыстарға 270-276 баптар жатады.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4.5; қосымша-6,7,8,9.
