- •Пәндi оқудың жалпы әдiстемелiк нұсқамасы
- •2 Тарау пәннің жекелеген тақырыптарын оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1 Бөлім. Қр Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлiмiнiң түсiнiгi. Қылмысты саралаудың ғылыми негiздерi
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Жеке адамға қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
- •4 Бөлім Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •5 Бөлім: Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •6 Бөлім: Мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •7 Бөлім:Меншiкке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •9 Бөлім Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •10 Бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •11 Бөлім.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •12 Бөлім. Экологиялық қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •13 Бөлім: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •14 Бөлім: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •16 Бөлім: “Әскери қылмыстар”
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлеріне жататын қылмыстар.
Талан-тараж түрлері мен нысандарын көрсетіңіз.
8 бөлім: : Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Қылмыстардың топтық объектісі-экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі-экономикалық қызмет саласын реттейтін нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.
Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі-оның заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206); тауарлық белгі (199); осы топқа жататын қылмыстардың объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады.
Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі- қоғамға қауіпті зардаптың-зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру-едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілген (189,190,193).
Субъективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады.
Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады. (Мысалы: 184-бап іс-әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен).
Қылмыстың субъектісі-жалпы, сондай-ақ арнаулы субъектісі болуы мүмкін. Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субъектінің жауаптылығы 16 жастан басталады.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9.
Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Экономикалық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Кәсіпкерлік мүддесіне қарсы қылмыстарға жататындар
Тұтынушылардың мүддесіне қол сұғатын қылмыстардың түрлері
Банкроттық жағдайындағы заңсыз әрекеттерге қандай қылмыстар жатады?
9 Бөлім Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
ҚК-тің 228-бабында: Коммерциялық немесе өзге ұйымдар басқару қызметтерін атқаратын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемелекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса өкілеттіктерді асыра пайдалану деп танылады деп көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі- коммерциялық немесе өзге ұйымдардың бірқалыпты дұрыс басқару қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша тікелей объектісі-азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері болып табылады.
Өкілеттіктерді асыра пайдаланудың объективтік жағының мына төмендегідей бірнеше белгілері болады: басқару қызметін атқаратын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы пайдалануы; іс-әрекет арқылы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру.
Істелген іс-әрекеттер мен заңда көрсетілген зиянды зардаптың арасында себепті байланыстың болуы.
Елеулі зиян келтіргеннен бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Қылмыс құрамы материалды.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі-арнаулы субъект.
ҚК 229-бап.Жекеше нотапиустардың және аудиторлық ұйымның құрылымында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы.
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі- жекеше нотариустар мен жекеше аудиторлардың кәсіптік функцияларын заңға сыйымды атқаруын реттейтін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың қосымша тікелей объектісі болып-азаматтардың,ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері,қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғайтын мүдделері болып табылады.
Осы қылмыс құрамының объективтік жағының белгілеріне: жекеше нотариустардың, жекеше аудиторлардың ,ұйымдардың құқықтары мен мүдделеріне немесе қоғамның,мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру іс әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы пайдалануы азаматтардыңҚылмыс жекеше нотариустар мен жекеше аудиторлардың өздеріне берілген өкілеттіктерді теріс пайдалануы нәтижесінде азаматтардың, ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі-жекеше нотариус, жекеше аудитор.
ҚК-тің 229-бабының 2 тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар: көпе-көрінеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға қатысты не бірнеше рет жасалған деп сол әрекет.
Бұл қылмыс құрамының қоғамға қауіптілігі бойынша өздеріне берілген өкілеттіктерді өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өздері немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда табу және артықшылық алу үшін немесе оларға зиян келтіру мақсатында пайдаланып, өздерінің заңсыз әрекеттері арқылы азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруінде болып табылады.
Қылмыстың тікелей негізгі объектісі-жекеше нотариустар мен жекеше аудиторлардың кәсіптік функцияларын заңға сыйымды атқаруын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың қосымша тікелей объектісі болып-азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғайтын мүдделері болып табылады.
Осы қылмыс құрамының объективтік жағының белгілеріне: 1) жекеше нотариустардың, жекеше аудиторлардың өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы пайдалануы; 2) азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделеріне немесе қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру; 3)іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.
Істелген іс-әрекеттер мен заңда көрсетілген зиянды зардаптың арасында себепті байланыстың болуы.
Елеулі зиян келтіргеннен бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Қылмыс құрамы материалды.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі-арнаулы субъект.
Қылмыс құрамы материалдық.
Қылмыс жекеше нотариустар мен жекеше аудиторлардың өздеріне берілген өкілеттіктерді теріс пайдалануы нәтижесінде азаматтардың, ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі-жекеше нотариус, жекеше аудитор.
ҚК-тің 229-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар: көпе-көрінеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға қатысты не бірнеше рет жасалған деп сол әрекет.
Жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса ҚК-тің 230-бабында көрсетілген қылмыс құрамына жатады.
Қылмыстың тікелей объектісі жекеше күзет қызметшілерінің өз функцияларын заңға сыйымды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша тікелей объектісі-жекелеген азаматтардың денсаулығы, қауіпсіздігі және олардың жеке басының басқа да мүдделері болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан, күш қолданып немесе оны қолданатын деп асыра пайдалануы арқылы сипатталады.
Өкілеттіктерді асыра пайдалану дегеніміз-тұлғаның жасауға тиісті емес және құзыретіне кірмейтін іс-әрекеттерді жасауы. Өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалану іс-әрекеті жекеше күзет қызметінің іс-әрекетінің міндеттері және мақсатымен байланысты бекітілген құрылтай құжаттарының бұзылу жағдайын болшжайды. Өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекетті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса, онда қылмыс аяқталған деп саналады.
Күш қолдану дегеніміз-денсаулыққа жеңіл, орта дене жарақатын салу, оны негіздеу, ұстау, оның еркін жүріп тұруына кедергі келтіру әрекеттері жатады. Күш қолданамын деп қорқытуға өлтіремін, ауыр дене жарақатын түсіремін, я болмаса басқа да қауіпті әрекеттер істейтін деген қорқытулар жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық. Қылмыстың субъектісі-арнаулы. Олар жекеше күзет қызметі басшысы немесе қызметшілері.
Осы баптың екінші бөлігінде қылмыстың ауырлататын түрі: қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтірген әрекет көрсетілген.
Ауыр зардапқа адамның өлуі, ауыр дене жарақатын алуы, көп адамның дене жарақатын алуы жатады. Бұл жерде кінә нысаны орын алған зардап жөнінде абайсыздық болуы мүмкін.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9.
