- •Пәндi оқудың жалпы әдiстемелiк нұсқамасы
- •2 Тарау пәннің жекелеген тақырыптарын оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1 Бөлім. Қр Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлiмiнiң түсiнiгi. Қылмысты саралаудың ғылыми негiздерi
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Жеке адамға қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
- •4 Бөлім Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •5 Бөлім: Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •6 Бөлім: Мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •7 Бөлім:Меншiкке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •9 Бөлім Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •10 Бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •11 Бөлім.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •12 Бөлім. Экологиялық қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •13 Бөлім: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •14 Бөлім: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •16 Бөлім: “Әскери қылмыстар”
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстардың түрлеріне қандай қылмыстаржатады?
Адамның және адамзаттың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түрлері.
5 Бөлім: Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстардың топтық
объектiсi халықаралық құқық нормалармен белгiленген.
Объективтiк жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғамға қауiптi iс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Субъективтiк жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тiкелей қасақаналықпен, ал қайсыбiр құрамдар белгiлi бiр мақсатпен (160,163) жасалады.
Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған есi дұрыс, жай адам. Кейбiр қылмыс құрамының субъектiсi арнаулы субъект мемлекеттiк жауапты қызмет атқаратын адам (157 -б. 2 -т.), қызмет бабын пайдаланған адам (164- б. 2-т.).
Тiкелей объектiсiне байланысты мына төмендегiдей топтарға бөлiнедi:
Бейбiтшiлiкке қарсы қылмыстар (156-158).
Соғыс қылмыстары (159,162).
Адамзатқа қарсы қылмыстар (160,161).
Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар (163).
Әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiндегi конституиялық принципiне қол сұғу; әлеуметтiк , ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру (164).
ҚҚ 156-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу.
Қылмыс тiкелей объектiсi – халықтар арасындағы бейбiтшiлiк. Мемлекеттердiң бейбiт қатар өмiр сүруі және достығы.
Объективтiк жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстың объективтiк жағы бiрнеше балама әрекеттерден тұрады.
Басқыншылық соғысты әзiрлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерiн жүзеге асыруға арналған нақты iс-қимылдарға көшулер жатады.
Басқыншылық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген тұрғыда бастау жатады.
Көрсетiлген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда көрсетiлген әрекеттердiң бiреуi iске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi арнаулы. ҚК-тiң 156- б. 2- тармағында қылмыстың ауырлататын түрi – басқыншылық соғысты жүргiзгенi үшiн жауаптылық белгiленген.
ҚК 162 -бап. Жалдамалық.
Қылмыстың тiкелей объектiсi халықаралық құқық нормалары белгiленген соғыс жүргiзудiң құралдары мен әдiстерiн қолдану реттейтiн қоғамдық қатынастар.
Объективтiк жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетiлген бiрнеше тәсiлдердi қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда: 1) жалдамалыны жалдауға азғырып көндiру, яғни қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалануға жалдау; 2) оқытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетiне немесе қарулы жанжалға тiкелей қатысуға әзiрлеу; 3) қаржыландыру – жалдамалыны ақша қаражатымен қамтамасыз ету; 4) өзге де материалдық қамтамасыз ету- жалдамалыға киiм – кешек, азық- түлiк беру; 5) сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану – тiкелей осындай әрекеттер қатыстырулар болып табылады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол көзделген әрекеттердiң бiреуiн істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектсi 16-ға толған, кез келген, есi дұрыс адам.
Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.
Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер- осы қылмыстың ауырлататын түрiне( 162-бап 2-т) жатады.
Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысуы осы қылмыстың өте ауырлататын түрiне жатады. (162 -б. 3 -т.).
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, адам қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер үшiн жауаптылық ҚК-тiң 162- б. 4 -т. қарастырылған.
ҚК 160-бап. Геноцид.
Қылмыстың тiкелей объектiсi этникалық, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни топтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастар.
Объективтк жағынан қылмыс геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты, осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтiру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру не осы топтың мүшелерiн қырып – жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе ішінара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектсi 16-ға толған кез келген адам.
ҚК 161 -бап. Экоцид. Қылмыстың тiкелей объектiсi – адамзаттың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн халықаралық құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты -өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесi, сондай-ақ атмосфера, жер немесе су ресурстары.
Қылмыс объективтiк жағынан өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай, кiнәлiнiң заңсыз iс-әрекеттері мен одан пайда болған зардаптың арасындағы себептi байланыс анықталуы тиiс.
Субъективтiк жағынан қылмыс қасақаналықпен (тiкелей немесе жанама) iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген адам.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9.
