- •Пәндi оқудың жалпы әдiстемелiк нұсқамасы
- •2 Тарау пәннің жекелеген тақырыптарын оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1 Бөлім. Қр Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлiмiнiң түсiнiгi. Қылмысты саралаудың ғылыми негiздерi
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Жеке адамға қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
- •4 Бөлім Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •5 Бөлім: Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •6 Бөлім: Мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •7 Бөлім:Меншiкке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •9 Бөлім Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •10 Бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •11 Бөлім.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •12 Бөлім. Экологиялық қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •13 Бөлім: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •14 Бөлім: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •16 Бөлім: “Әскери қылмыстар”
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Наркоманияның ұғымын айтып беріңіз.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылығы.
Қоғамдық адамгершілікке қарсы қылмыстарға қандай қылмыстар жатады?
12 Бөлім. Экологиялық қылмыстар
Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты-нақты табиғат ресурстары: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т.б. болады.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі-қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолфйлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі-экологиялық қатынастарды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты экологиялық қатынастар мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
1) Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар: 277,280,294.
2) Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар: 281,283.
3) Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар: 284,286.
4) Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: 287,289.
5) Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар: 291,292.
6) Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: 290,293.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9,10.
Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
1.Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың түрлерін көрсету.
2.Суды және ауаны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын кылмыстарға қандай баптар жатады олардың сипаттамасы.
3.Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалануға қарсы қылмыстардың турлері мен сипаттамасы.
13 Бөлім: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі-мемлекеттік апараттың дұрыс, бір қалыпты қызметі. Қосымша тікелей объектісіне-азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның, мемлекеттік заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс құрамдарының міндетті белгісі қылмыс заты болады: материалдық сыйақы (311, 312, 313-баптар) ресми құжат (314-бап).
Объективтік жағынан-мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар материалдық құрам (307, 309, 315, 316) және формалдық құрам (310, 314) болып бөлінеді.
Субъективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық (316) абайсыздық түрiндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Осы тараудағы қылмыстардың субъектісі-мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары болады. Тек қана ҚК-тің 312, 313,-бабының субъектісі жай адам болады.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4.5; қосымша-6,7,8,9.
