- •Пәндi оқудың жалпы әдiстемелiк нұсқамасы
- •2 Тарау пәннің жекелеген тақырыптарын оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1 Бөлім. Қр Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлiмiнiң түсiнiгi. Қылмысты саралаудың ғылыми негiздерi
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Жеке адамға қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
- •4 Бөлім Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •5 Бөлім: Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •6 Бөлім: Мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •7 Бөлім:Меншiкке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •9 Бөлім Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •10 Бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •11 Бөлім.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •12 Бөлім. Экологиялық қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •13 Бөлім: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •14 Бөлім: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •16 Бөлім: “Әскери қылмыстар”
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
7 Бөлім:Меншiкке қарсы қылмыстар
Меншiкке қарсы қылмыс деп мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып немесе залал келтiру қаупiн тудырумен байланысты ҚК-те көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық iс-әрекеттерiн айтамыз.
Меншiкке қарсы қылмыстардың топтық объектiсi меншiк иесiнiң иелену, пайдалану немесе оған билiк ету құқығын құрайтын меншiкке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кiретiн қылмыстардың тiкелей объектiсi – меншiктiң нақты бiр нысаны – мемлекеттiң, қоғамдық ұйымдардың,бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншiгiне қол сұғу болып табылады.
Меншiкке қарсы қылмыстардың заты болып – азаматтық құқық бойынша меншiк объектiсi деп танылған кез келген бұйымдар мен мүлiктер танылады.
Меншiкке қарсы қылмыстардың объективтiк жағы кiнәлi адамның бөтеннiң мүлкiн өзiнiң немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегiн айналдыру үшiн құқыққа қайшы түрде алынып қоюы арқылы сипатталады.
Қарақшылық, қорқытып алушылық, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәтi заңда көрсетiлген құқыққа қайшы iс-әрекеттердi iстеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабынын болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.
Меншiкке қарсы қылмыстардың субъективтiк жағынан негiзiнен кiнәлiнiң тiкелей қасақаналық түрi арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру кiнәнiң абайсыздық нысаны арқылы iстеледi. Меншiкке қарсы қылмыстардың субъективтiк жағының мiндеттi белгiлерiне – пайдакүнемдiк ниет және мақсат жатады.
Меншiкке қарсы қылмыстардың субъектiсi болып 14-ке толған адамдар танылады.Бұған жататындар:175,178,179,181,185-б 2,3,4-т,187-б 2,3-т.
Ал 16-ға толған адамдар 176,177,180,182,183,184,184-1,185-б 1-т,186,187-б 1-т,188-баптарының қылмыс құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып танылады.
Заңға сәйкес талан – тараж деп пайдакүнемдiк мақсатта айыптының бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып өзiнiң немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегiн алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осы анықтамаға сәйкес талан – тараждың негiзгi белгiлерiн анықтауға болады.
Талан – тараждың топтық объектiсi меншiк нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тiкелей объектiсi болып меншiктiң нақты нысандары, мемлекеттiк, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншiгi болып табылады.
Талан – тараждыңi заты болып адам еңбегi арқылы iстелген материалдық тұрғыдағы бұйымдар мен заттар, рухани игiлiктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жатады.
Талан – тараждың затына адам еңбегi сiнбеген, сол арқылы жасалмаған әртүрлi табиғи байлықтар жатпайды. Талан – тараждың объективтiк жағының белгiлерiне: 1) мүлiктi алу; 2) мүлiктi заңсыз алу; 3) мүлiктi тегiн алу жатады.
Талан – тараждың субъективтiк жағы кiнәлiнiң тiкелей қасақаналық нысанымен сипатталады.
Талан – тараждың субъектiсi 14-ке толған адам, ал иеленiп алу немесе ысырап ету арқылы талан – таражға салудың субъектiсi болып 16-ға толған арнаулы адам танылады.
Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9.
