Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
02. Пнді оуды дістемелік нсамасы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың нақты түрлерін көрсетіңіз.

2.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарумудделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекеленген кандай түрлері бар?

14 Бөлім: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Басқару тәртібіне қарсы қылмыс деп мемлекеттік кәсіпорынының, мекеменің,ұйымның басқару саласында бір қалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті істеуді айтамыз.

Осы қылмыстардың топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады, тікелей объектісі-басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрде болады. Қосымша тікелей объектіге-адамдардың өмірі, денсаулығы, арнамысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы негізінен формалдық құрамға жатады. Тек қана 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының екінші тармағында көрсетілген қылмыс құрамдарының міндетті белгісі-ауыр зардаптардың орын алуы қажет.

Субъективтік жағынан қылмыстар қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі 16-толған кез келген адам.

Тікелей объектілеріне байланысты басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мына төмендігідей түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік органдарды басқару әрекуетіне байланысты өкімет өкілдерімен басқа адамдарға қарсы қылмыстар; 318, 322.

  2. ҚР мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар: 330, 331-бап.

  3. Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар: 323, 325-бап.

  4. Әскери қызметке шақырылу тәртібіне қарсы қылмыстар: 326-бап.

  5. ҚР мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар: 317, 329-бап.

  6. Басқару тәртібінің қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар: 327, 328, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 338-бап.

Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5,; қосымша-6,7,8,9,10.

Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік билік органдарының қалыпты қызметіне қол сұғатын қылмыстардың түрлеріне сипаттама беру.

  2. Әскери қызметтен жалтарғандық үшін қандай жауаптылық көзделген.

3.Басқару тәртібіне қол сұғатын басқа да қылмыстардың түрлерін көрсетіңіз.

15 бөлім: Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар

Қылмыстық құқық теориясы бойынша-сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп осы міндеттерді жүзеге асыратын органдармен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бір қалыпты заңды қызметіне қол сұғатын қасақана іс-әрекеттерді айтамыз.

Қылмыстық топтың объектісі-сот төрелігін және жазалардың орындалуын қамтамасыз ететін органдардың дұрыс қызметі болып табылады.

Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсіздігі арқылы жүзеге асырылады.

Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстар тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі жай немесе лауазымды адамдар болады.

Қылмыстың субъектісіне қарай талданып отырған қылмыстар мына төменде көрсетілген 5 топқа бөлінеді.

  1. Әділ соттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары: 344, 347, 350.

  2. Заң бойынша әділ соттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары: 351, 355, 357.

  3. Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары: 358, 361.

  4. Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: 339, 343, 348, 349, 354, 362, 363, 365.

Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4; қосымша-5,6,7,8,9,10.