Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
02. Пнді оуды дістемелік нсамасы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

4 Бөлім Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

Қылмыстың топтық объектiсi болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.

Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тiкелей объектiсiне сәйкес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәнiне қарай, мынадай негiзгi топтарға бөлiнедi:

  1. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.

  2. Адамның және азаматтың әлеуметтiк – экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

  3. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.

ҚК141-бап. Азаматтардың тең құқықтарын бұзу.

Қылмыстың тiкелей объектiсi ҚР-ның Конституциясының 14- бабынан 1-тармағында көрсетiлген тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, намысына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемiстеуге болмайды деген қағида болып табылады.

Қылмыстың қосымша тiкелей объектiсi адамдардың денсаулығы немесе бостандығы болуы мүмкiн. Қылмыстың жәбiрленушiсi конституциялық тең құқықтылығы заңсыз бұзылған ҚР-сының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

Қылмыс объективтiк жағынан адамның құқықтары мен бостандықтарын тегi, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасы, сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстiлiгi себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы формальдық. Ол осы заңда белгiленген тең құқықтылықтар мен бостандықтарды тiкелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтiк жағынан алғанда аталған қылмыс тек тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген адам. Көрсетiлген ауырлататын қылмыс құрамының субъектiсi – арнаулы (лауазымды адам немесе қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi).

ҚК146-бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергiсiз қатысуын реттейтiн қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтiк жағынан алғанда сайлаушының өзiнiң сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркiн жүзеге асыруына кедергi жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды тiркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерiн анықтауға байланысты мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау арқылы жүзеге асырылады .

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасаған уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады.. Қылмыс субъективтiк жағынан тек тiкелей қасақаналықпен iстеледi.

ҚК-тiң 146 -бабының 2 -тармағындағы қылмыстың субъектiсi жай адамдар немесе лауазымды тұлғалар болуы мүмкiн.

ҚК 147-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу.

Қылмыстың тiкелей объектiсi – сайлау құқығы, референдумға қатысу құқығы.

Қылмыстың заты – сайлау құжаттары, сайлаушылар тiзiмi, дауыс беру куәлiгi, сайлау бюллетенi және басқадай сайлау құжаттары.

Объективтiк жағынан қылмыс сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюлетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгiзу, дауыстарды көпе – көрінеу қате есептеу, не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көпе – көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттердi ҚР-сы Президентiне кандидаттың сенiмдi өкiлi немесе депутаттыққа кандидаттың сенiмдi өкiлi, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргiзу жөнiндегi комиссияның мүшесi жасауы арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы формальдық. Осы жоғарыда көрсетiлген әрекеттердiң бiреуiн iстеу қылмыстың аяқталғанын бiлдiредi.

Аяқталған қылмыс субъективтiк жағынан алғанда тек тiкелей қасақаналықпен жасалады. Кiнәлi адам, ҚК-тiң 147 бабының 1 бөлiгiнде көрсетiлген заңсыз әрекеттердiң кез келгенiң заңсыз жасайтынын сезедi және соларды жүзеге асыруды тiлейдi.

Қылмыстың субъектiсi арнаулы – ҚР-сы Президентiне кандидаттың сенiмдi өкiлi немесе депутаттыққа кандидаттың сенiмдi өкiлi, бастамашы топтың, сайлау комиссиясының немесе референдум өткiзу комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелерi.

ҚК 148-бап. Еңбек туралы заңдарды бұзу. Қылмыстың заң еңбек жөнiндегi заңды және еңбек қорғау ережелерiн бұзғандық үшiн арнаулы баптар бойынша жауаптылық белгiленген.

ҚК-сiнде қызметкердi жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмысты қайта қалпына келтiру туралы шешiмiн орындамау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келуiне әкеп соққан еңбек туралы заңдарды өзге де бұзу үшiн жауаптылық көзделген.

Қылмыстың объектiсi болып азаматтардың еңбек құқығын бұзу болып табылады.

Объективтiк жағынан алғанда еңбек жөнiндегi заңды бұзу әрекет немесе әрекетсiздiк арқылы жасалады.

Қылмыс құрамы материалдық. Субъективтiк жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен жасалады. Қылмыстық субъектiсi болып тек қана мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес аппаратқа жұмысқа алу немесе жұмыстан шығару құқығы бар лауазымды адамдар танылады.

Әйелдi оның жүктiлiк себебi бойынша жұмысқа қабылдаудан негiзсiз бас тарту немесе жұмыстан негiзсiз босату немесе үш жасқа дейiнгі баласы бар әйелдi нақ сол себеппен жұмысқа қабылдаудан негiзсiз бас тарту немесе жұмыстан босату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедекті себебі бойынша сондай-ақ кәмелетке толмағанды оның кәмелетке толмағандығы себептi жұмысқа қабылдаудан негiзсiз бас тарту немесе негiзсiз жұмыстан босату – осы қылмыстың ауырлататын түрiне жатады.

Қылмыс құрамы формальдық. Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.

Қылмыстық субъектiсi арнаулы – жұмысқа алу немесе одан босату құқығы бар лауазымды адамдар.

ҚК-тiң 148- бабының 3- тармағында басқару қызметiн атқарушы адамның ақша құжатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақыны толық көлемiнде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi үшiн жауаптылық белгiленген.

Қылмыстың субъектiсi басқару қызметiн атқаратын лауазымды адамдар.

ҚК152-бап. Еңбектi қорғау ережелерiн бұзу.

Қылмыстың тiкелей объектiсi еңбектiн қауiпсiздiк шарттарын қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастар, қосымша тiкелей объектiсi жәбiрленушiнiң өмiрi, денсаулығы.

Объективтiк жағынан алғанда сөз болып отырған қылмыс қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiн санитария ережелерiн немесе еңбектi қорғаудың өзге де ережелерiн, осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соғу арқылы көрiнiс табады.

Қылмыстың бұл құрамы материалдық құрамдағы қылмыс болып табылады.

Субъективтiк жағынан қылмыс кiнәнiң абайсыздық нысаны арқылы iстеледi.

Қылмыстық субъектiсi арнаулы – еңбектi қорғау ережелерiн сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер өзiне жүктелген 16-ға толған адам. Осы баптың 2- тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрi еңбектi қорғау ережелерiн бұзудан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан әрекеттер үшiн жауаптылық белгiленген.

Қылмыс субъектiсi 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам.

144-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету.

Қылмыстың тiкелей объектiсi дәрiгерлiк құпияны қамтамасыз етудi реттейтiн қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың жәбiрленушiсi – сырқатқа ұшыраған пациент.

Қылмыс объективтiк жағы әрекетсiздiк арқылы пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтi кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы нормативтiк – құқықтық актiлер дәрiгерлiк құпияны жария етiлмеуiн реттейдi. Бiрақ оны сақтауға мiндеттi адам ондай құпияларды ешбiр негiзсiз жария етедi, яғни әрекетсiздiкке жол берiледi.

Қылмыс құрамы формальдық, ал дәрiгерлiк құпия жария етiлген сәттен бастап аяқталған деп танылады. Субъективтiк жағынан қылмыс қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық ниет әртүрлi болуы мүмкiн: кек алу, қызғаныш немесе басқадай арам пиғылдар.

Қылмыстың субъектiсi арнаулы-медициналық қызметкер (дәрiгер, фельдшер т.с.с.).

ҚК-тiң 144- бабының 2 -тарауда осы қылмысты ауырлататын түрi адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екенiн туралы мәліметтердi хабарлау үшiн жауаптылық белгiленген. Осы баптың 1-шi немесе 2-шi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса (жәбiрленушiнiң қорланып өзiн-өзi өлтiру, ауыр дене жарақатын алуы т.б.) онда кiнәлi адам ҚК-тiң 144- бабының 3- тармағы бойынша кiнәлi деп танылады.

ҚК 145- бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу.

Қылмыс тiкелей объектiсi – тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтiк жағынан тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кiру арқылы көрiнiс табады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс жағдайда басып кiрген сәттен аяқталған деп танылады.

Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстелiнедi. Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған есi дұрыс кез келген адам ҚК-тiң 2- тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрi күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен, немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгi уақытта, немесе заңсыз тiнтуге ұласып жасалған әрекет, сондай –ақ тұрғын үйдең заңсыз шығарып тастау үшiн жауаптылық белгiленген.

Түнгi 22 сағаттан таң сәрiдегi 6 сағатқа дейiн уақыт түнгi уақыт деп саналады.

Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер, осы қылмыстың өте ауырлататын түрi болып табылады.

Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9.