- •«Макроэкономика» пәні бойынша пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін
- •Глоссарий
- •Тақырып. Макроэкономиканың пәніне кіріспе
- •2.Тұтыну және қор жинау
- •3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор
- •Тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. Ad-as үлгісі
- •1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.
- •2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық
- •3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі
- •1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы
- •2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Lm қисығы
- •3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
- •1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
- •2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
- •3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.
- •3. Практикалық және зертханалық сабақтар
- •3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •3.2 Практикалық сабақтардың тапсырмалары
- •1. Макроэкономикалық көрсеткіштер есеп
- •2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция.
- •4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну есеп
- •5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік. Есеп
- •6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.
- •Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың теңге банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.
- •7.Ашық экономика
- •8. Экономикалық өсу
- •4. Курстық жұмыс
- •4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:
- •4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •5. Студенттің өздік жұмысы
- •3. Қолда бар табыс:
- •4. Жұө, жiө, тұө және ұт есептеңiз, егер:
- •Тест жауаптары
- •5.2. Пән бойынша рефераттар тақырыптары:
2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция.
ЕСЕП
1. Жұмысбастылық пен жұмыс күші тұрғысынан алғанда төмендегі тұлғалардың статусын анықтаңдар, олар былай жіктелген:
жұмысбастылар (ЖБ)
жұмыссыздар (ЖС)
жұмыс күшіне қосылмайтындар (ЖКҚ)
а) Өзінің қалауымен жұмыстан босатылған жұмысшы
ә) Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы
б) Өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамайтын мұғалім
в) Ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, оны іздеуді қойған жұмыстан босатылған жұмысшы
г) Күндізгі оқуда оқитын студент
д) Кешкі мезгілде оқитын автокөлік жөндеушісі
е) Үй шаруасындағы адам
ж) Белгілі бір уақытын кітапханашы болып жұмыс істеумен өткізетін үй шаруасындағы адам
2. Төмендегі кестеде белгілі бір кезеңнің 1-ші және 5-ші жылдарындағы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылғандықтың көрсеткіштері берілген.
|
Бірінші жыл
|
Бесінші жыл
|
Жұмыс күші |
84889 |
95453 |
Жұмыспен қамтамасыз етілгендер |
80796 |
87524 |
Жұмыссыздар |
- |
- |
Жұмыссыздық көлемі |
- |
- |
а) Бірінші және бесінші жылдағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық көлемін анықтаңдар
ә) Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының бірдей өсуін қалай түсіндіруге болады?
б) Қарастырылып отырған кезеңнің бесінші жылында адамдар толық жұмыспен қамтылған деуге бола ма?
Келесідей деректер бар:
Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн адам.
Жұмыссыздар саны 10 млн адам.
Жұмыссыздық көлемін анықтаңдар.
90 млн жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн адам жұмыстан шығарылған еді; 1 млн ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыздар:
а) жұмыспен қамтылғандардың санын;
ә) жұмыссыздар санын;
б) жұмыссыздық көлемін.
Нақты табыс қалай өзгереді, егер:
а) атаулы табыс 10 %, баға көлемі 7 % өссе;
ә) атаулы табыс 30 мың долл., ал баға индексі сол жылы 106-ға тең болған.
а) Экономикада x және y тауарлары өндіріледі. Тұтынушылар табысының жартысын x тауарын және қалған жартысын y тауарын сатып алуға жұмсайды. Бір жыл ішінде x тауарының бағасы 5%, ал y тауарының бағасы 15% өсті. Тұтыну тауарларының баға индексін анықтаңдар ( өткен жылғы баға индексі =100).
ә) Дәл сондай өндірістік және бағалық шарттарда x тауарын сатып алу үшін тұтынушылар табысының жартысынан көбі жұмсалады. Тұтыну тауарларының баға индексін анықтаңдар.
