- •«Макроэкономика» пәні бойынша пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін
- •Глоссарий
- •Тақырып. Макроэкономиканың пәніне кіріспе
- •2.Тұтыну және қор жинау
- •3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор
- •Тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. Ad-as үлгісі
- •1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.
- •2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық
- •3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі
- •1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы
- •2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Lm қисығы
- •3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
- •1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
- •2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
- •3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.
- •3. Практикалық және зертханалық сабақтар
- •3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •3.2 Практикалық сабақтардың тапсырмалары
- •1. Макроэкономикалық көрсеткіштер есеп
- •2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция.
- •4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну есеп
- •5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік. Есеп
- •6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.
- •Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың теңге банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.
- •7.Ашық экономика
- •8. Экономикалық өсу
- •4. Курстық жұмыс
- •4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:
- •4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •5. Студенттің өздік жұмысы
- •3. Қолда бар табыс:
- •4. Жұө, жiө, тұө және ұт есептеңiз, егер:
- •Тест жауаптары
- •5.2. Пән бойынша рефераттар тақырыптары:
4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:
Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың Қазақстан Республикасы бойынша динамикасы
Еңбек нарығы және оның ҚР-ғы ерекшеліктері.
AD-AS модель және ҚР-ғы тұрақтандыру саясаты
Инвестиция және ҚР-ғы инвестициялық саясат.
Тұтыну және қор жинау, олардың ҚР-ғы көрінісінің ерекшеліктері.
ҚР-ғы еңбекақы жүйесі,нақты табыстар мен орташа жалақының динамикасы.
Жұмыссыздық: макроэкономикалық теориясы және ҚР-ғы мәселелері мен жою жолдары.
Инфляция: макроэкономикалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат.
ҚР-ғы инфляция мәселелері және оны реттеу.
ҚР-ғы монетарлық саясат.
Ақшаның қазіргі заманғы және сандық теориясы.
ҚР-ғы фискальді саясат.
ҚР-ның ақша агрегаттары мен ақша базасын талдау.
ҚР-ғы ақша нарығы.
IS модельі, фискальді саясаттың ықпалы, мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
Салық жүйесі мен салық мультипликаторы.
LM модельі; монетарлық саясаттың ықпалы, ақша мультипликаторы.
Игіліктер нарығы: макроэкономикалық теориясы, ҚР-ғы ұтыну нарығының ерекшеліктері.
IS –LM модельін талдау, оған экономикалық саясаттың әсері.
Қор нарығы, оның ҚР-ғы даму ерекшеліктері.
Экономикалық өсудің факторлық модельі және қазіргі заманғы теориялары.
Экономикалық өсуге технологиялық прогресстің ықпалы.
Дамыған елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
Қр-ғы экономикалық өсу.
Дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
Төлем балансы және ҚР-ның өлем балансының сипаттамасы.
Ашық экономика үшін AD-AS модель. Сауда балансы.
Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасу мен даму кезеңдері
Валюта курсының қазіргі заманғы режимдері.
Ұлттық қорлану (қор жинау)- инвестицияның қайнар көзі.
Ұлттық валютаның айырбас бағамының1998-2008 жж динамкасын талдау.
Ұлттық резервтер, олардың тұрақтандырушы рольі.
ҚР-ның БСҰ ену мәселелері мен тиімділігі.
ҚР-ғы мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығы.
Өмір сүру деңгейі және оның көрсеткіштері.
Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі және жаһандану мәселесі.
Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лареаттарының макроэкономикалық зерттеулері
АҚШ пен ЕО: макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы.
Макроэкономикалық тұрақсыздық.
ҚР-ның Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын талдау.
Кедейшілік және онымен күресу жолдары
ҚР-ның валюта нарығы.
Қазіргі кезеңдегі ҚР-ның экономикалық дамуының ерекшеліктері.
44. Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы .
45. ҚР-ғы сыртқы сауда саясатының ерекшелігі
4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Тақырып – бақылау жұмыстының жай ғана атауы емес. Тақырып – нақты ғылыми міндетті шешуден туған құбылыс. Сондықтан алдымен, шешпек болып отырған мәселені анықтап алу керек. Мәселе – дегеніміз белгілі бір ғылым саласындағы неғайбыл жағдай, яғни мәселенің ықтимал және нақты күйі арасындағы айырмашылық. Курстық жұмыс үшін мәселе осы неғайбылдықты барынша айқын дәлелдейтін объективтік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен сипатталған болуы керек. Зерттеудің объектісі мен пәнін анықтаңыз. Объект – қандай бір мәселенің әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Пән – дегеніміз объектінің тиісті саласы.
Бақылау жұмысы студенттің кафедраның белгілі бір пәні бойынша өзі таңдап алған тақырыпты тереңдетіп оқу мүмкіндігін тексеруге бағытталған. Ол қажетті кесте, сызба, диаграммалар, әдебиеттер тізімін қосқанда он екі беттік дәптер көлемінде орындауы қажет. Тақырыбы кафедра бекіткен бақылау жұмыстарының тақырыптарына сәйкес келуі керек. Жұмыс жоспары қажет. Жұмыс мазмұны мен қолданылған әдебиеттер тізімі жасалған жоспарға сәйкес болуы қажет.
Студент бақылау жұмысын орындау сұрақтары бойынша берілген пәнді жүргізетін оқытушыдан кеңес алуға құқығы бар, бірақ жоспарын, мазмұнын және барлық сұрақтарға жауап беруді талап ете алмайды. Барлық тақырыптар берілген пәннің типтік және жұмыс бағдарламасының құрылымын көрсетеді.
Әдебиеттер ретінде оқулықтар, экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар ғана емес, сондай-ақ мезгілді әдебиеттерден журнал мақалалары да пайдаланылады. Мысалы: «Қаржы-қаражат», «Саясат», «Аль Пари», «Транзитная экономика», «Ақиқат» және т.б.
Әдебиет таңдағанда студентке «Макроэкономика» «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Әлемдік экономика» пәндерінің жұмыс бағдарламаларындағы әдебиеттер тізімі көмектеседі. Сондай ақ, кафедрада оқу процессін кітаппен қамтамасыз ету журналы бар.
Әдебиетпен жұмыс істеп отырып мыналарға назар аударыңыз:
сіздің зерттеу салаңыздың жалпы сипаттамасына, маңыздылығына және міндеттердің көкейкестілігіне;
бұл саладағы негізгі зерттеу бағыттарының жіктелуіне, тәжірибеде қолданылатын нәтижелерге, мәселені шешудегі түрлі көзқарастарға;
зерттеудің әр бөлімі бойынша қажетті ғылыми нәтижелерге;
Бақылау жұмысын бағалағанда студенттің өз бетінше экономикалық талдау мен қортындылар жасауға экономикалық концепцияларды нақты мысалдармен негіздеуге, сонымен қатар жұмыс мәтінің, сызба, кесте және т.б.ұқыпты орындауға тырысуы есепке алынады.
Басты назарды тақырыптың теориялық негіздеріне аудару керек; бұл уақытта теориялық ережелерді мүмкіндігінше кесте, сызба, графикпен белінелеу қажет. Мысалы, графиктер мынадай теориялық бағыттарға қажет: экономиканы мемлекеттік реттеуге көзқарастардың дамуы , еңбек нарығы (еңбекке сұраным мен оның ұсынымының қисығы), ақша нарығы, салық және салық саясаты (Лаффер қисығы), мемлекеттік әлеуметтік реттеу (Лоренц қисығы), жалақы мен жұмыссыздық (Филлипс қисығы)
Макроэкономика пәнінің тақырыптарының бақылау жұмысының мазмұнын нақты практикалық мысалдармен бекіту керек және көбінесе Қазақстан Республикасы бойынша материалдарды белсенді қолдану ұсынылады. Мысалы: республиканың бюджеттік, салықтық, әлеуметтік, инфляцияға қарсы және сыртқы экономикалық саясатындағы қазіргі заманғы жетістіктері мен кемшіліктері. Жұмысты орындау кезінде негізгі теориялық тапсырмалар мен аналитикалық қорытындыны ауылшаруашылық тәжірибесі және экономикалық саясатқа негіздеу керек. Экономиканың ұлттық моделімен салыстыру, халықаралық тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу, салыстыра талдау бақылау жұмысының маңыздылығын арттырудың тиімді әдісі болып табылады. Әлеуметтік экономикалық дамудың әртүрлі салаларын мемлекеттік реттеуге дамыған және дамушы елдер бойынша салыстырмалы талдау жасаған дұрыс.
Бақылау жұмысын тақырыптың маңыздылығын және іс жүзіндегі мәнін бейнелетін кішігірім кіріспеден бастаған жөн. Қортынды бөлімінде негізгі қортындыларды шығарып және (автор тілегі бойынша) қойылған проблемалардың шешімін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға болады.
Егер студент белгілі бір даулы мәселе немесе сұрақ бойынша өз көзқарасын білдіргісі келсе, мүмкіндігінше статистикалық және шынайы мәліметтер келтіріп дәлелдеу қажет. Студент «Макроэкономика» пәні бойынша берілген 1 кестеге сәйкес фамилиясының басапқы әрпі мен сынақ кіапшасының соңғы саны бойынша 10 варианттан 1вариантты таңдап алады. Таңдалынған вариантқа сәйкес 1 теориялық сұраққа жауап береді,1 есеп шығарады және тест сұрағын шешеді.Кестелер араб цифрымен белгіленеді, «Кесте» сөзі кестенің атауынан жоғары тұрады.
