- •«Макроэкономика» пәні бойынша пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін
- •Глоссарий
- •Тақырып. Макроэкономиканың пәніне кіріспе
- •2.Тұтыну және қор жинау
- •3. Инвестиция функциясы, мультипликатор және акселератор
- •Тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. Ad-as үлгісі
- •1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.
- •2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық
- •3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі
- •1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы
- •2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Lm қисығы
- •3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
- •1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
- •2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
- •3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.
- •3. Практикалық және зертханалық сабақтар
- •3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •Сарамандық сабақ сұрақтары
- •3.2 Практикалық сабақтардың тапсырмалары
- •1. Макроэкономикалық көрсеткіштер есеп
- •2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция.
- •4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну есеп
- •5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік. Есеп
- •6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.
- •Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың теңге банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.
- •7.Ашық экономика
- •8. Экономикалық өсу
- •4. Курстық жұмыс
- •4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:
- •4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •5. Студенттің өздік жұмысы
- •3. Қолда бар табыс:
- •4. Жұө, жiө, тұө және ұт есептеңiз, егер:
- •Тест жауаптары
- •5.2. Пән бойынша рефераттар тақырыптары:
1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.
Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі треңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шақкандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар.
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердіц мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудіц бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап отуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа түтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің, ахуалын шешуді жеңілдетеді.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келгеп мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:
1) Табиги ресурстардың сапасы мен көлемі
2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3) Негізгі капитал қорының көлемі
4) Технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыны факторлары деп айтуға болады. Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:
1) Сұраныс факторы
2) Бөлу, тарату факторы
Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сатуда маңызды. Экопомикамың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тыгыз байланысты.
Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
Қор жинау мен инвестиция экономикалық өсуге қалай әсер етеді?
Экономикалық өсуді қалай есептейді?
Экономикалық өсудің Солоу үлгісінің ерекшелігі.
3. Практикалық және зертханалық сабақтар
3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:
Тақырып 1. Макроэкономика пәніне кіріспе.
Сарамандық сабақ сұрақтары
1. Макроэкономикалық теорияның даму кезеңдері , қазiргi макроэкономика пәнi және мiндеттерi
2.Макроэкономикалық үлгілер, айнымалылар мен агенттер.
3. Макроэкономикалық ағымдар айналымын.
Cабақ мақсаты: Макроэкономикалық теория пәнін, құрылымын зерттеу. Экономикалық саясаттың мәні мен түрлерін танып білу.Нормативті және позитивті экономика, макроэкономикалық үлгілер, ағындар, қорлар, айнымалылар, ашық және жабық экономика, көрсеткіштер ұғымдарымен танысу.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы қандай?
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелеріне не жатады?
Экономикалық саясат дегеніміз не ? Оның қандай түрлері бар?
Макроэкономиканың мақсаттары мен міндеттеріне нелер жатады?
Нормативті және позитивті экономика дегеніміз не?
Макроэкономикалық үлгілер мен айнымалылар нені білдіреді?
Макроэкономикалық үлгілердің қандай түрлері бар?
Экономикалық агенттер дегеніміз кімдер?
Ағымдар мен қорлардың айырмашылығы қандай?
Абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердің айырмашылығы?
Ашық және жабық экономиканың айырмашылығы қандай?
Макроэкономикалық ағымдар айналымын сипаттаңыз.
Макроэкономикалық теорияның қандай мектептері бар?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.Қазіргі макроэкономикалық ойдың дамуының негізгі бағыттары.
2.ҚР-ның макроэкономикалық саясатының ерекшеліктері.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 2. Макроэкономикалық өлшемдер
