Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро УММ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
595 Кб
Скачать
☆

Сарамандық сабақ сұрақтары

  1. Ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөліну

  2. Тұтыну мен қор жинау мән мен функциялары

  3. Инвестиция ұғымы және функциясы, мультипликаторы.

Cабақ мақсаты: Өндірістік функция, оның ерекшелігін айқындау.Ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөлінуін қарастыру.Тұтыну, қор жинау мен инвестицияның мәнін ашу, функцияларын,факторларын анықтау. Тұтыну мен қор жинауға орташа және шекті бейімділікті анықтау. Инвестиция мультипликаторының әсерін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өндірістік функция, оның ерекшелігін

  2. Экономикада ұлттық табыс қалай бөлінеді?

  3. Игіліктер нарығы дегеніміз не?

  4. Тұтыну мен қор жинау дегеніміз не?

  5. Тұтыну функциясы мен қор жинау функциясы нені білдіреді?

  6. Тұтыну мен қор жинау динамикасының факторлары қандай?

  7. Тұтынуға және қор жинауға шекті бейімділік дегеніміз не?

  8. Кейнстің психологиялық заңының мәні қандай?

  9. Инвестиция ұғымы және оның түрлері.

  10. Инвестиция мультипликаторының маңызы қандай?

  11. Инвестиция функциясы қандай түрде болады?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

    1. ҚР –ның ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөліну ерекшелігі.

    2. ҚР-ғы инвестициялық саясаттың негізгі мәселелері.

    3. ҚР-ның индустриялды-инновациялық даму стратегиясы.

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 5 . Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. AD-AS үлгісі.

Сарамандық сабақ сұрақтары

1.Жиынтық сұраныстың мәнi ,жиынтық сұранысқа әсер ететiн бағалы емес факторлар

2.Жиынтық ұсыныс мәнi, ұсынысқа әсер етушi бағалық емес факторлар.Жиынтық ұсыныстың үлгілері.

3. Жалпы макроэкономикалық қысқа және ұзақмерзімді тепе-теңдік.

4.Тұрақтандырушы саясат.

Cабақ мақсаты: Жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным ұғымы. Макроэкономикалық тепе-теңдік.Нарықтық тепе-теңдікті зерттеу. Жиынтық сұраным мен жиынтық ұсынымның талықсытпалары. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдігін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс ұғымдарына анықтама беріңіз.

  2. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына сипаттама беріңіз.

  3. Жиынтық ұсынысқа бағалық факторлардың әсерін талдаңыз.

  4. Жиынтық ұсыныстың классикалық үлгісінің ерекшеліктерін талдаңыз.

  5. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық үлгісінің ерекшеліктерін талдаңыз.

  6. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық

ұсыныстың тепе - теңдігін талдаңыз.

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. ҚР-ғы жиынтық сұранысты ынталандыру саясаты мен әдістері.

2. ҚР-ғы жиынтық ұсыныстың факторлары, олардың өзара әсері.

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 6. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономика-лық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі.

Сарамандық сабақ сұрақтары

  1. Кейнс кресті. Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындардың әсері. Кейнстің психологялық заңы.

  2. Игіліктер нарығы. IS қисығын шығару.

  3. Ақша нарығы. LM қисығын тұрғызу.

  4. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мен құралдары.

  5. IS-LM моделін талдау, және монетарлық, фискальды саясаттарының ықпалын талдау.

Cабақ мақсаты: Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторының әсерін қарастыру.Кейнстің психологиялық заңының, үнемділік оғаштығының мәнін түсіну. Игіліктер нарығын талдау. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті талдау. Ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының құралдарын анықтау. IS-LM моделін шығару. Өтімділік қақпаны мен ығыстыру әсерін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындардың әсері қандай?

  2. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторының әсерін көрсетіңіз

  3. Салық функциясы нені білдіреді?

  4. Үнемділік парадоксы дегеніміз не?

  5. Игіліктер нарығындағы тепе - теңдік қандай жағдайда орнайды?

  6. IS қисығын тұрғызыңыз

  7. IS қисығына қазынашылық саясат қалай әсер етеді?

  8. Қандай жағдайда және шарттарда ақша-несие және бюджеттік-салықтық саясат бір-біріне қарама-қайшы болады, ал қандай жағдайда бір бағытта қолданылады?

  9. Ақша-несие саясатының құралдарын қандай себептерге байланысты таңдайды?

  10. LM қисығын тұрғызып, түсіндіріңіз

  11. Нақты ақша қалдықтарына сұраныс неге тәуелді?

  12. Ақша ұсынысы немен сипатталады?

  13. Резервтер депозиттер қатынасына қандай факторлар ықпал етеді?

  14. Ақша сұранысының мотивтері қандай?

  15. Ақша мультипликаторының әсерін түсіндіріңіз.

  16. Боумоль Тобин үлгіінің ерекшелігі қандай?

  17. Арзан ақша саясаты қандай жағдайда қолданылады?

  18. Қымбат ақша саясаты қандай жағдайда қолданылады?

  19. Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік қандай жағдайда орын алады?

  20. IS-LM моделін тұрғызыңыз.

  21. Өтімділік қақпаны дегеніміз қандай құбылыс?

  22. Ығыстыру әсері қандай жағдайда қалыптасады?

  23. IS-LM моделіндегі қазынашылық саясатты талдаңыз.

  24. IS-LM моделіне монетарлық саясаттың ықпалын талдаңыз.

  25. IS-LM қисықтарының орналасу ерекшеліктері қандай?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

    1. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының негізгі мәселелері

    2. Қазақстан Республикасындағы бюджет-салық саясатының негізгі құралдары,олардың әрекет ету механизмі.

    3. Игіліктер мен ақша нарығындағы тепе- теңдіктің ерекшеліктері.

    4. IS-LM моделіне монетарлық және фискальді саясаттарының ықпалы.

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 7. Ашық экономика