Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро УММ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
595 Кб
Скачать
☆

7.Ашық экономика

Есеп

  1. Экономика төмендегідей мәліметтермен сипатталған:

    1. Тауардың экспорты 24780 долл.

    2. Тауардың импорты 26857 долл.

    3. Мемлекет азаматтары шетелден келген пайыз түріндегі шетелдік инвестициялардан 4122 долл. мөлшерінде табыс табады.

    4. Мемлекет шетелдік инвесторларға пайыз түрінде 1708 долл. мөлшерінде табыс төлейді.

    5. Берілген мемлекет азаматтарының туризмге шығындары 1818 долл.

    6. Берілген мемлекеттің туризмнен алатын табысы 1670 долл.

    7. Мемлекеттің біржақты трансферттері 2472 долл. Тең.

    8. Мемлекеттен капиталдың кетуі 4282 долл.

    9. Мемлекеттен капиталдың түсімі 6565 долл.

а) Осы мәліметтерді қолданып, ағымдағы шоттың айырмасын, мемлекеттің қаржылық шотын және төлем балансын есептеңдер;

ә) Мемлекеттің ресми валюталық резервтер мөлшерінің өзгерісі қандай?

2.Экономика келесі мәліметтермен берілген:

Ағымдағы операциялар теңгерімі = 200

Капитал шотының теңгерімі = -240

Ресми резервтер = +40

а) Төлем теңгерімі бұл жағдайда активті ме әлде пассивті бола ма?

б) Валюта резервтерімен жүргізілетін операциялар осы елдің экономикасына

қалай әсер етеді?

3.Шағын ашық экономикада өндіріс көлемі өндірістік функциямен берілген деңгейде қалыптасқан. Тұтыну қолдағы табыстан оң шамада тәуелді және C=80+0,8(Y-T) құрайды. Автономды таза салықтар 150, инвестициялар- 100, мемлекеттік шығындар-200. Таза экспорт NX=20+30eP*/P=80. Мемлекеттік шығындар 30 ұлғайғанда ұлттық валюта қаншалықты нақты құнсызданады және таза экспорт мөлшері қандай?

4.Төменде фунт стерлинг нарығында сұраным мен ұсыным картасы берілген:

Фунттың бағасы ( доллармен)

2,00

2,10

2,20

2,30

2,40

2,50

Фунт ұсынысының мөлшері (млн.)

160

170

180

190

200

220

Фунт сұранысының мөлшері (млн.)

200

190

180

170

160

150

а) АҚШ Федеральді Резервтік Жүйесі валюта бағамын 1 фунт стерлинг = 2,10 доллар деңгейінде бекітеді. Бұл жағдайда ФРЖ фунт сатып алып-сатуына бола ма? Егер болса, қандай мөлшерде?

8. Экономикалық өсу

1. Елдің экономикасы Y=A*K*L түріндегі өндірістік функциямен сипатталған. Егер капитал өсімінің қарқыны жылына 3%, ал жұмыспен қамтылғандар саны жылына 2%, жалпы факторлардың өнімділігі жылына 1,5% өскені белгілі болса, онда өндіріс көлемі қалай өзгереді?

Шешуі:

Y=A*K*L=∆A/A+ Ө* ∆K/K +(1-Ө) *∆L/ L =1.5%+0,4*3%+0,6%*2%=3,9%

2. Өндірістік функция Y=2K*L түрінде берілген. Елдің тұрғындары санының өсуі жылына 1% құраған. Мемлекет жыл сайын өндіріс көлемінің 10% жинақтайды. Ығысу нормасы жылына 3% тең. Технологиялық прогресстің қарқыны жылына 2% құрады. Осы жағдайда бір жұмыспен қамтылған түрғынға шаққандағы тұтынудың тұрақты деңгейі нешеге тең?

4. Курстық жұмыс

4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және барынша өзекті мәселелеріне негізделген. Курстық жұмыстарды жазу студенттердің макроэкономика курсы пәнін оқу процессінде алған практикалық білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың тақырыптары студенттердің сынақ кітапшасының соңғы 2 цифрымен анықталады, мысалы 22, 35. Ал 45-тен кейінгі номерлердің тақырыптары. сынақ кітапшасының соңғы цифрымен анықталады, мысалы сынақ кітапшасының номері 47 немесе 52 болса ..7,..2 тақырып таңдалады..

Курстық жұмыстарды дайындау кезінде сәйкес тақырыптарға байланысты қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін оқулықты пайдаланып, университет кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін қарастырып, барлық қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет.

Курстық жұмыстардың тақырыптары бітіру жұмыстарының тақырыптарын таңдауға негіз бола алады, ал бітіру жұмыстарының тақырыптары ғылыми жетекшімен бірігіп, студенттердің алдағы жұмыс орнына және оның бұрын орындаған реферат немесе курстық жұмыстарының тақырыптарына байланысты анықталады.

Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар :

Курстық жұмыс өз еркімен таңдап алған тақырыпқа және құрылған жоспарға сәйкес өз бетімен орындалады.

- Зерттеу жұмысының міндетті шарты статистикалық мәліметтер, газет,журналдардың және басқа да мерзімдік басылымдардың мақалаларын, INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады.

- Кіріспеде (көлемі – 1-2 бет) мәселе қойылады, оның мәні, мәселенің мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім ( көлемі шамамен-8-10 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді негіздеу болып табылады. Теориялық сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-10-12 бет) мәні, мазмұны және көлемі жағынан негізгі бөлім. Екінші бөлімде қолданылған статистикалық мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау жүргізіп, (SWOT-талдау әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет. Үшінші бөлім ( көлемі шамамен-10-12 бет) –нұсқау түрінде, зерттеу жүргізген тақырып мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы нақты жағдайларды есепке алып, шетел тәжірибелерін қолданудың мүкіндіктерін қарастырады. Қортынды (көлемі – 1-2 бет) – зерттеудің барлық теориялық және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасайды.

- Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен тергенде (14 шрифт, жол арасы 1,5) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 30-35 беттен аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2 см, төменгі жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады.

- Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп міндетті түрде сілтеме жасалады., мысалы: «…………» (5, бет 321). Жол аяғындағы ескертуде келтірілетін сілтеме араб цифрымен белгіленіп, әдебиеттер тізіміндегідей рәсімделеді: автордың аты-жөні, тегі, жұмыстың толық атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті көрсетіледі. Берілген әдебиетті қайтадан қолданғанда шыққан жері, баспасы, шыққан жылы жазылмайды.

- Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер мен фотолар қолданылуы мүмкін.

- Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы мүмкін. Қолжазба түріндегі жұмыс көлемі-30-35 бет.Жұмыс сауатты, таза жазылып, бөлімдер міндетті түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден (США, ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады.

- Жұмыстың аяғында міндетті түрде библиографиялық рәсімдеу ережелерін сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін ( 15 әдеби көзден кем емес) келтіру керек. Жұмыс оқу алдын-ала қорғаудан өтеді. Көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстың бағасы 5 % төмендейді.

- Әрбір тыңдаушы курстық жұмысын оқудың соңғы жұмасында таныстырады. Жұмысты таныстыруға 5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі.

- Курстық жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс:

• Сыртқы беті

• мазмұны

• кіріспе

• 1 бөлім

• 2 бөлім

• 3 бөлім

• қортынды

• қолданылған әдебиеттер тізімі

• қосымшалар

(үлгі)

.