Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аким жауап.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
536 Кб
Скачать
☆

Тақырып 8. Әкімшілік үрдіс.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:

1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;

2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар; 

3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

4) бұзушылық фактісі мен бұзушының жеке басын шынайы анықтауға мүмкіндік беретін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және құқық бұзушылықты байқау мен тіркеудің метрологиялық тексеруден өткен аспаптарының, көлік құралдарының түрін, жүру уақытын, жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейне аппаратуралардың көрсеткіштері себеп болып табылады.      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.       3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрi және тiркелген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса берiледi.  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:

1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;      2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;      3) Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;

4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;  

5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;      6) Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бiрiн шығарады:      1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;      2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;      3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;       4) айыппұл салу жөнiндегi қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау деп әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру құқығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру тәртiбi; Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру мерзiмi; Шағымның (наразылықтың) мазмұны; Шағым берiлуiне немесе наразылық келтiрiлуiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру; Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi; Судьяның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты судьяның жеке-дара қарауы бұл-мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот судьясының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу; Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау; Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi шешiм;Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi; Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сай келмеуi; Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымды жария ету-әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарым ол шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің 39-тарауында толықтай қарастырылған.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: Нормативтік актілер: [1], [2], [3]. Негізгі әдебиеттер: [1], [5], [19], [20]. Қосымша әдебиеттер: [1], [3], [4], [9].