Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аким жауап.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
536 Кб
Скачать
☆

Тақырып 6. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оның ерекшеліктерін анықтау.

  1. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық.

  2. Экономика аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық.

  3. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық.

  4. Мемлекет билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін топтастырудың кешенді белгісі қол сұғудың бір тектес объектісін және теріс қылықтың салалық бағытын, яхни мемлекеттік басқарудың нақты аумағын қамтиды.Осы белгінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық түрлерін жіктеуге болады. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы; Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық; Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу; Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу; Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, солсияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуқұқығын заңсыз шектеу; Медициналық көмек көрсету тәртiбiн,стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету ; Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртiбiн бұзуы; Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк заттарды өткiзу ережелерiн бұзуы; Қылмыс жасады деген кiнәлiлiк туралы мәлiметтердi тарату Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу; Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзу; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру  туралы заңдарын бұзу; Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу;Еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау ережелерiн бұзу ; Ұжымдық шарт, келiсiм жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару; Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту; Ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамау немесе бұзу; Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу; Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзу; Мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқықты iске асыруға кедергi келтiру; Жеке тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау; Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу тағы басқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген.

Экономика аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық - Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзу банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi сондай-ақ банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар. Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының аумағында достық,қола және қаржы вексельдерiн шығару Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының немесе банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін заңсыз алуға байланысты бұзушылықтар Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуына байланысты бұзушылықтар.Уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуге, сол сияқты уақтылы табыс етпеуге немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуге байланысты бұзушылық, не дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс ету; Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану; Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу; Жинақтаушы зейнетақы қорларының ықпал етудің шектеу шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттемелерді орындамауы; Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген талаптарды бұзу; Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты талаптарды бұзуы; Қазақстан Республикасының міндетті сақтандырутуралы заңдарын бұзу; Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау; Кредиттi заңсыз алу не мақсатсыз пайдалану; Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн негiзсiз(құқыққа қайшы) пайдалану; Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу сияқты көптеген түрлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Бұларға: Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану яғни, мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң ережелерiн бұзу деген жалпыға міндетті маңызы бар, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы; Мемлекеттiк нышандарды пайдалану тәртiбiн бұзу;Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу; Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу;Билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену;Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi(операцияларды) жүзеге асыру; Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы, тағы басқалар жатады. Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға – сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру, яғни, мұнда процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртіп бұзуынан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және сотта белгіленген ережелерді құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік);Сот орындаушысының, сот приставының талабын орындамау; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау; Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың,тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы бойынша шара қолданбау; Лауазымды адамның атқару құжатын жоғалтқандығы үшiн жауапкершiлiгi;Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру;Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру;Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс қарауға қатысушылардың жауапкершiлiктерін және де басқа қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексте толық көрсетілген.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Нормативтік актілер: [1], [2], [3].

Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [10],[16].

Қосымша әдебиеттер: [1], [4], [9].