- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері:
- •1.4. Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.8. Әдебиеттер тізімінің мазмұны: Нормативтік актілер
- •2.0. Курстың саясаты мен процедурасы
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Лекция сабақтарының тезистері Тақырып 1. Әкімшілік құқық бұзушылық
- •1.9. Баға туралы ақпараттар:
- •Тақырып 2. Әкімшілік жауаптылық
- •Тақырып 3. Әкімшілік мәжбүрлеу.
- •Тақырып 4. Әкімшілік жаза
- •Тақырып 5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар.
- •Тақырып 6. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оның ерекшеліктерін анықтау.
- •Тақырып 7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу.
- •Тақырып 8. Әкімшілік үрдіс.
- •Тақырып 9. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.
- •2.3. Семинар сабақтарының тақырыбы
- •2.4. Лабораториялық сабақтар жоспарланбаған.
- •2.5. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен жасалатын өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары шегіндегі сабақ жоспары.
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе қарастырылмаған
- •2.8. Өз білімін тексеру үшін тест сұрақтары
- •1. Жеке адамға салынатын минимальды айыппұлдың мөлшері:
- •2. Ескерту қандай түрде жасалады:
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қашан қабылданды:
- •4. Әкімшілік қамауға алу мерзімі:
- •5. Арнаулы құқықтан айыруды кім қолданады:
- •6. Әкімшілік қамауға алуды кімдерге қолдануға болмайды:
- •7. Арнуалы құқықтан айыру жазасының мерзімі:
- •8. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзімі
- •9. Қазақ сср әқ бк қашан қабылданды:
- •10. Сыбайлас жемқорлық және төтенше жағдай режим талаптарын бұзғаны үшін белгіленетін мерзім:
- •11. Әқб жасаған адамға әкімшілік ұстау мерзімі қанша:
- •12. Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы туындайтын жолы:
- •13. Лауазымды адамға салынатын минимальды айыппұлдық мөлшері:
- •14. Әкімшілік айыппұлдық лауазымды адамға салынатын максимальды мөлшері:
- •15. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық минимальды мөлшері:
- •16. Жеке адамға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •17. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •18. Кәмелетке толмаған адам әкімшілік жазаға ұшырады деп есептеледі жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталғаннан бастап
- •19. Кәмелетке толмаған адам ол:
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер 3
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер 3
- •Әкімшілік жауапкершілік пәні бойынша
- •«050301-Юриспруденция», «050304-Кеден ісі» мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь кµшесі, 38
Тақырып 2. Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі, ерекшелігі.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар.
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы.
Әкімшілік жауаптылық – бұл әкімшілік-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік жазалар қолдануы.
Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды. Әкімшілік жауаптылық құқық қорғаудың бұзушылықтың ерекше түрімен - әкімшілік құқық бұзушылықтармен, олар аса қауіпті болмаса да, бірақ қылмыспен салыстырғанда едәуір жиі кездеседі, күресудің маңызды құралы ретінде пайдаланылады. Олардың қауіптілігі құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің өздерінің сипатында ғана емес, сонымен бірге едәуір көп таралғандығында, олардың көптеген мыңдаған әкімшілік құқық бұзушылықты қамтитын «көп түрлілігінде».
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар-қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса,Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау-құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Аса қажеттiлiк-аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Негiздi тәуекел-қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу -егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Бұйрықты немесе өкiмдi орындау-өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Әкімшілік жауаптылық тек жеке адамдарға ғана емес, жаңа ӘҚБтК бойынша заңды тұлғаларға да қолданылатын болды. Кодексте заңды тұлғаларға әкімшілік жазалар қолданудың құқықтық негіздеріне едәуір орын берілген.
Заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Егер осы көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Егер осы Кодекстiң нормаларында олар жеке адамға немесе заңды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мәнi бойынша олар тек жеке адамға қатысты және соған ғана қолданылуы мүмкiн жағдайларды қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғаға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады. Сонымен қоса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстiң нормаларында олардың шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға қолданылатыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырылатын қызмет түріне, қызметкерлердің санына және активтердің бір жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікте болады.Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
Заңды тұлғалардың кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтары мынадай жазалар қолдану түрінде қаралған:
1). Ескерту;
2). Айлық есептік көрсеткіштің 1000-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салу;
3). Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болған тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу;
4). Лицензияны, арнайы рұқсатты немесе біліктілік атестатын тоқтата тұру, лицензиядан айыру.Лицензиядан айыру деген осы лицензиямен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметінің толығынан тоқтатылуын білдіреді және әкімшілік жаза ретінде қаралады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қаралған басқа да әлеуметтік және экономикалық салалардағы құқық бұзушылықтардың кейбіреулері үшін заңды тұлғалардың әр түрлі әкімшілік жауаптылықтары белгіленген.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Нормативтік актілер: [1], [2], [3].
Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [6],[9], [11], [12], [15], [19],[22].
Қосымша әдебиеттер: [1], [3], [4], [6],[9], [10], [14].
