- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері:
- •1.4. Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.8. Әдебиеттер тізімінің мазмұны: Нормативтік актілер
- •2.0. Курстың саясаты мен процедурасы
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Лекция сабақтарының тезистері Тақырып 1. Әкімшілік құқық бұзушылық
- •1.9. Баға туралы ақпараттар:
- •Тақырып 2. Әкімшілік жауаптылық
- •Тақырып 3. Әкімшілік мәжбүрлеу.
- •Тақырып 4. Әкімшілік жаза
- •Тақырып 5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар.
- •Тақырып 6. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оның ерекшеліктерін анықтау.
- •Тақырып 7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу.
- •Тақырып 8. Әкімшілік үрдіс.
- •Тақырып 9. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.
- •2.3. Семинар сабақтарының тақырыбы
- •2.4. Лабораториялық сабақтар жоспарланбаған.
- •2.5. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен жасалатын өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары шегіндегі сабақ жоспары.
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе қарастырылмаған
- •2.8. Өз білімін тексеру үшін тест сұрақтары
- •1. Жеке адамға салынатын минимальды айыппұлдың мөлшері:
- •2. Ескерту қандай түрде жасалады:
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қашан қабылданды:
- •4. Әкімшілік қамауға алу мерзімі:
- •5. Арнаулы құқықтан айыруды кім қолданады:
- •6. Әкімшілік қамауға алуды кімдерге қолдануға болмайды:
- •7. Арнуалы құқықтан айыру жазасының мерзімі:
- •8. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзімі
- •9. Қазақ сср әқ бк қашан қабылданды:
- •10. Сыбайлас жемқорлық және төтенше жағдай режим талаптарын бұзғаны үшін белгіленетін мерзім:
- •11. Әқб жасаған адамға әкімшілік ұстау мерзімі қанша:
- •12. Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы туындайтын жолы:
- •13. Лауазымды адамға салынатын минимальды айыппұлдық мөлшері:
- •14. Әкімшілік айыппұлдық лауазымды адамға салынатын максимальды мөлшері:
- •15. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық минимальды мөлшері:
- •16. Жеке адамға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •17. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •18. Кәмелетке толмаған адам әкімшілік жазаға ұшырады деп есептеледі жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталғаннан бастап
- •19. Кәмелетке толмаған адам ол:
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер 3
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер 3
- •Әкімшілік жауапкершілік пәні бойынша
- •«050301-Юриспруденция», «050304-Кеден ісі» мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь кµшесі, 38
Тақырып 3. Әкімшілік мәжбүрлеу.
Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы және негіздері.
Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері.
Әкімшілік мәжбүрлеудің бнелгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айырықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді.
Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады.
Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік – мәжбүрлеу сипаты тән.
Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды.
Сонымен бірге, карантин, кедендік тексеру және өзге де осы сияқты мәжбүрлеу шаралары туралы айтқанда жалпы тыйым емес, құқық нормаларының диспозициялары емес, керісінше, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тікелей жедел қызметінен, адамдардың мінез-құлқына, олардың еркіне тікелей ықпал ететін нақты актілерінде, мысалы, карантин аумағындағы адамдарды обсерваторға орналастыру, жолаушылардың жеке басына тексеру жүргізу және т.б. көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеудің нақты шаралары еске алынып отыр.
Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлықына сырттай мемлекеттік – құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады..
Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілетті берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді. Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің маңызды белгілерінің бірі оны қолдану негіздерінің ерекше заңдық қасиеті болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың негізі мыналар болып табылады: біріншіден, әкімшілік құқық бұзушылық жасау, екіншіден, құқықтық нормамен қаралған ерекше жағдайлардың, мысалы, эпидемияның, эпизоотияның, техногендік сипатты апаттың және өзге де төтенше жағдайлардың пайда болуы, олар болған кезде әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылық пен адам кінәсі болмаса да қандай да бір қауіпті салдардың пайда болуының алдын алу, оларды таратпау мақсатында пайдаланылады. Әкімшілік мәжбүрлеу негіздерінің мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге түрлерінің негіздерінен түбегейлі айырмашылығын ерекше атап айту керек, мысалы, қылмыстық жазаның негізіне тек қана құқық бұзушылық жасау, яғни қылмыс жатады.
Әкімшілік мәжбүрлеу құқықтық жауапкершілік ұғымын қамтиды, бірақ онымен шектелмейді, өйткені мемлекет органдарының қолданатын кез-келген мәжбүрлеу шарасын заңдық жауапкершілік шараларының тобына жатқыза беруге болмайды. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әр түрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғы шарт жасайды.
Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің 36- тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың мүмкіндігі қаралған. Олар өзге ықпал ету шаралары қалмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, істі тиісті уақытында және дұрыс қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау мақсаты үшін қолданылады.
Осы Кодекстің 59- бабында көрсетілген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану яғни мұнда, созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа жеке тұлғалардың құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындайды.. Мәжбүрлеп емдеу мерзiмi маман наркологтардың ұсыныстары ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтатуды сол адам емделiп жатқан емдеу мекемесi жүргiзедi.Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу деп мәжбүрленушiнiң тәуелдi жағдайын пайдалана отырып ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, -жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы сияқты әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қарастырылған. Әкімшілік жаза шараларының айырықша маңызы бар.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Нормативтік актілер: [1], [2], [3].
Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [5],[9], [12].
Қосымша әдебиеттер: [1], [4],[8], [10].
